Курстық ЖҰмыс қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі Тақырыбы



бет7/11
Дата22.01.2022
өлшемі101,91 Kb.
#129609
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Курстық жұмыс, Мағжан лирикасын оқыту,Асқар Анар

2.1 Мағжан Жұмабаев лирикасы
Мағжан поэзиясының көркі, Мағжан лирикасының сезімшілдігі мен сыршылдығы, суреткерлігі мен ойшылдығы оқырманын талай рет тамсандырып, небір дуалы ауыздардың ілтипатына ие болып , өзіне тәнті еткен. Атын атауга жасканып, бұкпаңтайлаған заманда да тасты жарган тас бұлақтың суындай нәрлi поэзия жасырып оқыган талай жүректi өзiне баурап, өзгеше күйге белегенi шындық. Мағжан поэзиясының осынау құдірет күшiн өз замандастары толык мойындап, кейде ашық, кейде жұмбақтап болса да жазып та , айтып та кеткен . Мұндайда ауызымызга алгаш iлiнері - Мажанды өнерпаздықпен түйсiнiп, жанымен түсiнген Жүсіпбек Аймауытов пікірлері. Ғаббас Тогжановтың сыни оймен айткан «Мағжанның акындығы, Жүсіпбектiн сыны» деген сезімен бұл күнде акындык пен сыншылдыктың үлгiсiндей қалыптасып кеткен, қанатты сезге айналған Жүсіпбектің Мағжан туралы орнықты ойлары сонау 1925 жылы айтылған еді. Ташкент студенттерімен болған мәжілісте жасаган баян-дамасында Жүсіпбек , Магжан шығармашылығын кең көлемде талдап , Мағжанды солакай сыншылардыңдын зорлыгынан арашалауға бар күшін салып, оның ақындык құпиясын ашып күшін бердi. Ол Мағжанның акындык өнері туралы : «Суретті, кестелі, көркем cөз Мағжаннан табылады. Мағжанды ақындык жағынан сөзсiз суретші деп айтуға болады Суретшілік жағынан Мағжанды сөзсіз Пушкинге теңеуге ауыз барады» / 1-291 / , - деп анык та ашык жар салды . Мағжанның ақындық табиғатын тап басып таныган ол Мағжанды ұлт акыны , ягни ұлтын сүйген деп бiледi . Оны Пушкинге тенеуiнде де осы негiз жатса керек. Мұның өзі ұлылардың ең алдыменен ұлтына қызмет етерiнiн, ұлтына еткен енбегi аркылы өзгелердін акын де жүрегіне жол табарын танытса керек. Ал Мағжанды ақындык шеберлігі мен суреткерлік шеберлігі жағынан Пушкинге теңеген тек Жүсiпбек Аймауытов қана емес, Валерий Брюсов те оны «қазактың Пушкині» - деп атаған. Мағжаннын өнерiне бас иіп өткен, дүрбелең жылдарда да, Мағжанға деген бір жакты пікірінен айнымағандығының бірі М.Әуезов Дарынды бағалай білетін ұлы жазушы Мағжан туралы : « Қазақ жазушыларынан , әрине , Абайды сүйемiн . Бұдан coң Мағжанды сүйемін Европалығын , жаркыраган әшекейiн сүйемін Қазак акындарынын қордалы ауылында туып , Европадагы мәдениет пен сұлулық сарайына алына барып , жайлауы жарасқан арка қызын көріп сезінген боламын. Мағжан культурасы зор акын. Сырткы кестесінен келiсi мен күйшiлдiгiне қараганда бұл бiр заманнын шегiнен аскандай . Сезiмi жетiлмеген қазақ қауымынан ертерек шыккандай, бiрак, түбінде әдебиет таратушылар газетпен қосақталып, күндегi өмiрiнiң тереңiн терген акын болмайды, заманнан басып озып , iлгерлеп кеткен акын болады . Әдебиет үшiн деген таңба айкын болмай нәрлi әдебиет болуға жол жок. Сондыктан бүгінгі күннiн бар жазушысының iшiнен келешекке бой ұрып , арткы күнге анық қалуға жарайтын сөз - Магжаннын сөзі. Одан басқамыздың бәрiмiздi кумәндi , өте сенiмсiз деп бiлемiн » - деген өте көрегендi ой айтады.

М.Әуезовтін 1929 жылы топшылаган бұл пiкiрi күнi бүгін тура келіп отырган жок па?! Ұлылардың ұлылығын айткан сөздерінен, өнегелi iстерiнен танитын болсак керек. Кезiнде «социалистік реализм» сынының отына қақталган Мағжан ақынның бүгiнгi күнi халкынын жүрегіне сара жол табуы данышпан Әуезов таныған акындық құдiрет күшiнiң әсері болса керек.

Әдетте, көркем сөздiн кереметі одан рухани азык алып , жан дүниеңдi байытып , өмір құбылыстарына деген көзқарасынды кеңейтіп, қоршаған ортаның кыр - сырын түсінуге көмектесетiндiгiнде болса керек . Мағжан поэзиясы - мiне осы айтылган жағдайларды терең сезінуге негіз боларлык керкем дуни . Онын акындық шабытынан туындаған кестелi өлен жолдарын құныға оқи отырып , өмiр болмысына , адами қасиеттерге , сезім құпиясын , айналаға , табиғатка ақынша қарап , акын жүрегімен ұғынуға ниесі ұмтыласың . Өйткенi оқырманның жан дүниесі акын түсiнiгiмен ұштасып, жалғасын таппаса, оның жыр әлемiндегi әуездi ұйқастармен ұштасқан тұнба тұнық сырға, мұңлы күйге толы поэзиясын түсіну де , түйсіну де қиын – ак. Мағжан сыршыл да өршіл маржан жырларынын кұдiретi аркылы өзiнiң бүкіл болмысы мен поэзиясының ерекшелігін танытып кеткен ұлы ақын . Мұның бiр дәлелі «елу жылда ел жаңа » деген түсінік тұргысынан алганда, жарты ғасырдан кейін ұлтымен қайта қауышкан акын жырларынын көз кергендер мен атын естігендер ғана емес, жас буыннын да жүрегіне жол табуында деп білеміз.

Акын жырларынын бұлай бірегей қабылдануының себебi ту баста Мағжанның ақындық өнерiнiң тура жолын тап басып, тандап алуында жатса керекті . Акындык мiндеттi арына жүктеп, халыкка жеткізер ойдың ашығын анық та айқын көре білген Мағжан өз бағытынан еш айныған емес. Құбылмалы өмiр күйінен өз әуезін таба білген акын қашанда тек ұлтының керегiн іздеп қайғысын женілдетуге, мұңы мен зарын жоктауға , қуанышын көркейтуге, жеңiсiн тойлауға, сырм жаманын жасырмай , жаксысын асырмай жырлауга берік бекінген . «Максаты тiл ұстартып өнер шашпак» болган ұлы ұстазы Абайша бар мақсаты ұлтынын азаттық пен бостандыққа қол жеткiзуi болган.

Мағжанның алғаш жарык көрген өлеңiнiң өзінен - ақ акынның кейiнгi ұлы максаттары көзге шалынды. Мәселен «Айқап» журналының 1911 жылғы 2 - санында жарияланган «Жатыр» атты өлеңiнiң соңғы шумағында ақын былай дейді :

Кешегi шешек жарған қазақ гүлі

Саргайып, бір су тимей солып жатыр .

Мінекей , қазақ солай бiтiп жатыр .

Күн сайын артқа карай кетіп жатыр.

Сезiнбей өзгенiкiн, өзінікін

Аты өшкір оқығандар нетіп жатыр?!

Магжан поэзиясы лирикалык өлеңдерiмен ғана шектеліп калмайды . Ол - эпикалык жанрда да, карымды еңбек еткен ақын. Онын «Коркыт » ( 1922 ) , « Ертегі » ( 1922 ) , « Оқжетпестiн киясын да» ( 1923 ) , « Қойлыбайдын қобызы» ( 1923 ) , «Батыр Баян» ( 1923 ), «Жүсiп хан ( 1924 ) тәрiздi бірнеше поэмалары бар. Бұлардың такырыптары әртүрлі, көркемдік денгейлерi әркелкі болганымен қазак поэзиясында өзiндiк орны бар дүниелер. Мұнын iшiндегi көркемдігі келіскен терең мағыналы шығармаларының бірі - «Қоркыт» поэмасы қазақ ауыз әдебиетіндегi белгiлi аңыздық кейіпкер - Қорқыт тура- сындагы туынды. Бұл поэмада әлемдiк әбиеттегi қаһармандык ұлы тұлғалардың бірі ұлы максат арқалап, адамзатты елiмнен арашалауға ұмтылған , елiнен қашып , ажалмен күрескен Коркыт бейнесін сомдай отыра , акын Коркыт образын өз рухымен ұштастыра береді . Поэманын соңындагы мына жолдар осының айғағы.

Ендi менiн жолдасым- жалгыз қобыз ,

Сарна кобыт , мұң - зарды шығар лебіз ,

Сен жыласаң , жылармын мен де бірге ,

Жан жыласа жыламай қалама кез ?!

Өмірде арманым жок - Қоркытқа ерсем ,

Қоркыттап жанды жаспен жуа білсем

Жас төгіп , сұм өмiрде зардап - сорлап ,

Құшактап қобызымды көрге кірсем !

Мағжанның бұл сөздерiн өмiр мәнiн, ондагы тартысты күрес сырын толғаудан туған шешiм деп кабылдау керек . Бұл - акынның сол тұстагы аз өмiрiнде тап болған киындықтардың әсерінен жазылган поэма. Өлімнен қашып, ажалмен күрескен Қоркыт Мағжан үшiн мәңгілікке символ болар қаһармандык бейне , өлмес рух. Оны жырлау - өмір үшін күресті жырлау . Тағдыр тауқыметін көп тартканмен акын дүниені ансайды деген ой тумауы керек , ол өмiрiн күреспен өткізіп , « Қоркыттай қобызыммен көрге кірсем » деген ұлы арман иесі. Ол өлмес рухтын күйiн шерткен Қоркыт кобызын ажалга қарсы күрес каруы кереді . Ал Maғжанның жан қобызы оның поэзиясы , мәңгi жас , өміршең өлендері . Мағжанның сыршыл лирикаларынан бастау алған сарын - яғни өмiрдi бейнешiлдiк арқылы суреттеу, өмiр мұң - зары туралы ой толгау оның «Коркыт» поэмасында жинакталып, ең шырқау биігіне көтерілген. Мағжаннын поэманы « Қоркыт » деп атауын да үлкен мол - мағына, терең сыр жатыр .

Ақынның өз поэмасына аркау етiп , аныздагы ажалмен алыскан Коркыт бейнесін алу себебi бiрiншiден, туған әдебиеттегі озық бейнелердiң болмысын жанымен түсiнiп , соны өзiнше жырлауды мақсат тұтқан ойдан туса, екіншіден , жалпы түрік елі нiн әткенiнен өзiнiн тынымсыз ойына тиянак тауып , бабалар рухына бас июді мақсат тұтқан ұрпақтың парыз көрiнiсi . Мәңгiлiк өмiр үшін күрескен Қорқыт Мағжан поэмасында аңыздық бейне күйiнде қалып қоймайды . Қазак санасына ой мәйегі тұнып қалған дана ойшылының , өнерлі рух ұстазына айналған күй атасының романтикалық күн шығыстан туып , көркемдік шындыктан жаралған көркем образы жасалады. Акынның ол туралы :

Өткен күн ертегі ғой тамаша таң ,

Ойласаң өткен күндi жұбанар жан

Байқасаң адамзатта болған ба ақын,

Қоркыттай атасынан бата алған.

-деуі осыны танытса керек. Қорқыт - жанды бейне . Рухы кушті ұлық ұстаз ажалмен күреске саналы түрде барады . Мағжан « Қоркытты » белгiсiздiгi басым аныздын iшiнен шығып, өмірлік болмыстан туған акиқатты тұғаға айналады. Ол ажалмен сенімсіз, тылсым күштер аркылы емес, ұлы өнер күшiнiн құдіреті , күңіренген күйдің сазы аркылы кездеседі . Мұны ақын Қор кыттың ішкі әлемімен астастыра бейнелеп, биік романтакалык рухтын табиғатын ашып, нанымды суреттейдi. Мағжанды Қорқыт такырыбы рух үндестігі мен қызықтырған. Өйткені Коркыттың ажалмен күресi акынның бостандык сүйгіш , азатшыл рухымен үндес . Мәнгілік өмiр идеясы - мәңгiлiк еркiндiк идеясынын ау бастагы шамшырағы iспетті . Қайда барса алдынан « көр» шыккан Қоркыт тәрiздi тәуелсіз өмiрдi аңсаган Мағжан әлемi де үнемi қайшылыққа ұрынудан көз жазбайды . « Колмен устап , козбен керіп сендім дегенi сагымга айналып шыга келсе амал барма ?! Аз уакыт ішінде тәуелсіздікке кол жетті деп , екi рет алданган шерлі журек ка лайша күнiренбесiн . Акын жаны калай алас ұрмасын
Ес бiлдiм , алас ұрдым сағым куып ,

Жете алмай бетті талай жаспен жуып

Артымда - ор , алдымда кер , етедi емi

Дариғга бесігімнен корiм жуык

Көп заман жетеледi жынды журек

Ойладым : « Жүрек жетер , ой не керек ?!

Тәтті у еді , сол удан неге айныдым ?

Дарига үміт елмск , жүрек сөнбек

« Коркыт » поэмасындагы автор ұсынған идея - мәңгiлiк күрес идеясы. Бұл Мағжан поэзиясындагы азатшыл сарыннын негiзгi желi екендiгiнiң тағы бір дәлелі. Жалпы алғанда, Мағжан шығармашылығы - қазақ поэзиясына өзгеше леп әкелген, шығармашылық ізденіс жемісі. Қазақ оқрманы Мағжан поэзиясын енді ғана тұщына оқып, « мың қайталап», жанына ләззаттауып жатуының сыры осында. Қазақ әдебиеттану ғылымыоның ұлттық ақын ретіндегі ұлылығыне енді-енді тану жолына түсті, және Мағжантану мәңгі жалғасын табады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет