Курстық ЖҰмыс қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет2/5
Дата19.05.2022
өлшемі1,04 Mb.
#144068
1   2   3   4   5
Байланысты:
Сейдуәлі Арайлым ТП-18-2к2

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Адамның өміріндегі 80 пайыз ақпаратты адам көз арқылы қабылдап алады. Ал осы көру функциясы бұрмалануының нәтижесінде адамның даму мүмкіндігі шектеледі. Осы көру бұзылысы кезінде көруі бұзылған және нашар көретін балалардың психикалық дамуындағы заңдылықтарды қарастыратын ғылымдардың саласы тифлопсихология деп аталды.
Қазіргі таңдағы ең өзекті мәселенің бірі – осы кіші мектеп жасындағы көруі бұзылған балалардың қоршаған өмірін қабылдау ерекшеліктерін анықтау болып отыр, сонымен қатар, оларды әлеуметтік ортаға бейімдеп, өзімен қатарлы қалыпты балалардың құқығымен тең қылып, қалыпты азамат етіп тәрбиелеу [1].
Алғашқы көру бұзылысы кезінде психикалық әрекетіне материалистік мінездеме берген француз ағартушысы Д. Дидроның «Көретіндерге көруі бұзылғандар жайлы насихат хат» атты оқулығында, ал одан кешірегі әйгілі «энциклопедиясында» ( көруі бұзылған бөлімі) қарастыры. Дидроның еңбектері қоғамның көруі бұзылғандарға деген көзқарасын өзгертіп, олардың міндетті түрде арнайы білім алу керектігіне қол жеткізді [2 ]
Көруі бұзылған адам қараңғылықты сезбейді және қараңғы түнекте өмір сүремін деп ойламайды. Психологиялық жағынан алғанда көруі бұзылғандық шынында бақытсыздық емес, ол әлеуметтік жайт. Оған А.В. Бирилев өз еңбегінде мынадай салыстырмалы мысал келтіреді: көруі бұзылған адамның жарықты сезуі мен көзін байлаған адамның жарық көруінде айырмашылық бар,- дейді [3].
Көруі бұзылған бала өзінің көруі бұзылған екенін ауырсынбайды және көруі бұзылғанмын деп сезінбейді де, оны тек өмір сүруге әлеуметтік ортасы ғана солай деп санайды. Шынын айтсақ соқырлардың икемделу қабілеті көзі көретіндерден жоғары екендігі ғылыми жолмен дәйектелуі қажет еді.
Ғалымдардың еңбектерінің ішіндегі ерекше және маңызды монография М. Сизераның «көруі бұзылғандардың көруі бұзылғандар жайлы айтқаны» еңбегі осыдағы және басқа да еңбектерде көруі бұзылғандардың ішкі өмірі мен мінез-құлқын сипаттайтын мәлімет берілген [8 ].
Балалардың түйсіну процесін дамыту мәселесін жан-жақты зерттеу, көруі бұзылған баланың әлеуметтік ортада тұлға ретінде қалыптасуына ықпалын тигізетіні анық.
    • егер көруі қабілеті бұзылған балалардың сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкіндігін анықтап дамытсақ, онда олардың дамуында екінші кемістіктің пайда болуының алдын алып, баланың келешекте нәтижелі дамып, әлеуметтік ортаға бейімделуін қамтамасыз етуге мүмкіндік аламыз.

Зерттеу болжамы
    • Ғылыми жұмыс В.П. Ермаковтың, Л. Брайлдың, Б.И. Коваленканың, А.М. Щербинаның, О.И. Скороходованың жазған еңбектеріне сүйенеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет