Зертеудің теориялық әдіснамалық негізі:
- Зерттеу қорытындысы көруі бұзылған балалардың қабылдау процесінің қалыптасқан деңгейі мен оның осы арқылы дүниеге деген көзқарасының арасындағы байланысты терең түсінуге көмектеседі.
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы:
- көру қабілеті бұзылған балалардың сезім мүшелерін оқу тәрбие процесінде дамыту жолдарын анықтау.
Зерттеу мақсаты
- көруі бұзылған балалардың түйсіну процесінің теориялық негіздерін қарастыру;
- басқа танымдық процестерден ерекшеліктерін белгілеп алу;
- психолог ғалымдардың көруі нашарлағандардың түйсінуін дамыту әдістемелерін іс жүзінде жүзеге асыру;
- зерттеу барысында әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану;
Зерттеу міндеттері:
- мектеп алды даярлық сыныбының көру қабілеті бұзылған балалардың оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу нысанасы
Нашар көретін балаларды оқыту-тәрбиелеу жұмысының басты міндеті- еңбек тәрбиесіне үйрету болып табылады. Көру кемістгі белгілі бір мөлшерде балалардың еңбекке деген мүмкіншілігін және еңбек қабілеттілігін төмендетеді.
Нашар көретін балаға өзін-өзі күту дағдысына байланысты тәжірибелік іс-әрекеттің әр түрлі түрлері тән. Еңбекке оқыту жүйесі тұлғаның жан-жақты дамуының ең басты құралы болып саналады .Еңбек нашар көретін балаға өзінділікті, жауапкершілікті, өмірге дайындықты тәрбиелеу құралы ретінде үлкен роль атқарады.
Көру қабілеті бұзылған балаларды тәрбиелеу өзінің міндеттері мен мақсаттары бойынша педагогиканың жалпы принциптерімен сәйкес келеді. Тәрбиелеудің жалпы міндеті баланың дамуында бірінші және екінші ауытқуларды толықтыруме нтүзетудегі арнайы міндеттермен сәйкетендiрiледi
Тәбие жеке тұлғаның санасына, мiнез - құлқының дұрыс қалыптасуына әcep eтeтін құрал. Тәрбие процесiнде жеке тұлғаның сана сезімі мен акыл-ойына жүйелi түрде әcep етіп, оның дүние танымын калыптастырады, ерiк - жiгерi мен моральдық бейнесiнiң қалыптасуына оң ықпал етеді.
Күнделiктi iс-әрекет күрделi және көп қырлы, ол кеңiстiкте бағдарлану, коршаған ортаны қабылдау, өзiн-өзi бақылаумен байланысты. Бұл баладан нақты зейiндi, оперативтi ойды, есте сақтауды, жылдамдық пен реакцияның тұрақтылығын және басқа да қасиеттердi талап етедi.
Кейде бұл талаптар көруі бұзылған және нашар көpeтін балалардьң психологиялық және физиологиялық мүмкіндіктерінің көрінісі.
Көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы бөбекжайға төмендегідей балалар:
1) көрмейтіндер (мүмдем көрмейтін; түзетумен жақсы көретін көзінде 0,04-ке дейінгі қалдық көруімен);
2) нашар көретіндер (түзетумен жақсы көретін көзінде 0,05-тен 0,4-ке дейінгі көру өткірлігімен);
3) плеоптикалық емге мұқтаж оптикалық түзету жағдайынағы жақсы көретін көзінде көру өткірлігі 0,7-ге дейінгі амблиопиясымен (дисбинокулярлық, рефракциялық, обскурациялық);
4) ортопто-плеопто-хирургиялық-ортоптикалық немесе тек ортоптикалық ем талап етілетін қылилықпен қабылданады.
Көруінде әртүрлі бұзылыстары бар адамдарды оқыту мен тәрбиелеу әдістерін қарастыратын дефектология саласы тифлопедагогика деп аталады.
Көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы бөбекжайда топтардың толықтырылуы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 179 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10275 болып тіркелген) сәйкес төмендегідей:
1) көрмейтіндер 8 баладан артық емес;
2) нашар көретіндер – 12 баладан артық емес;
3) амблиопиясымен, қылилығымен - 10 баладан артық емес толықтыруды құрайды.
Көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы бөбекжай және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы бөбекжай топтары құрылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 Қаулысына сәйкес дефектолог (тифлопедагог) лауазымы төмендегідей есеппен:
1) көрмейтін балаларға арналған 1 топ үшін 1 штаттық бірлік;
2) нашар көретін балаларға арналған 1 топ үшін 1 штаттық бірлік;
3) амблиопиясы мен қылилығы бар балаларға арналған 1 топ үшін 1 штаттық бірлік қарастырылады.
Оқуда үш функция жүзеге асырылады:
білімдік -білім процесін меңгеруге, білім дағдыларымен іскерліктерін қалыптастырудан тұрады.
Дамытушылық –ол оқушының ақыл –ойы дамуымен қорытындылады. Білім жинағының қайталана беруі интеллектуалды дамудың түлі дәрежесіне әкеліп соғуы мүмкін. Бұл оқушының ақыл –ой күшінің және іскерлігінің қалыптасу процесінде жасалады. Оқу әрдайым оқушының даму дәрежесін жоғарылатып отыруы қажет.
Тәрбиелік – оқу әрекетін оқушыны жеке түлға ретінде қалыптастырады: патриоттық , көз –қарасын, өнегелілік мақсаттары, сенімі, эстетикалық сезімі, тәртіптілік, еңбек сүйгіш.
Достарыңызбен бөлісу: |