ҚОРЫТЫНДЫ Кіші мектеп жасындағы көру қабілеті бұзылған балалардың қоршаған ортаны қабылдау мүмкіндіктері сипап сезу, иіс сезу, тактильді қабылдау, есту арқылы қабылдаумен жүзеге асады. Көруі бұзылған балаларда қалыпты балаларға қарағанда компенсаторлы анализаторлары жоғары деңгейде дамыған.
Әсіресе сипап сезу қабілетінің сыртқы ортадан берер ақпараты мол. Бұл балалардың көру қабілеті болмағандықтан, ол есту қабілетіне сүйенгендіктен есту қабілеті аса қарқынды дамиды. Осы тақырып бойынша кіші мектеп жасындағы көруі бұзылған балалардың қабылдауын айқындау мақсатымен түрлі зерттеу әдістері қолданылды. Тәрбие гигиенасына сәйкес көруі бұзылған баламен жасалатын қарым қатынас дені сау баламен бірдей болу керек. Ондай балаға жастайынан жүруді де, өзін-өзі күтуді де, көзі көретін балалармен ойнауға да дағдыланып, оған сондай талап қойып отыру керек. Ондай балаға көзің көруі бұзылған екен деп аяныш білдірудің қажеті жоқ. Сонда ғана Щербина айтқандай көруі бұзылған бала өзінің кемдігін онша сезіне қоймайды. Кіші мектеп жасындағы көруі бұзылған балалардың қабылдау мүмкіндіктері қалыпты балалармен салыстырғанда күрделірек болады. Олардың қоршаған өмірді дұрыс қабылдауын дамыту келешекте әлеуметтік ортаға белсенді бейімделуіне зор ықпалын тигізеді. Естіп қабылдау көруі бұзылғандарға кеңістікте бағдарлануы мен қозғалысында маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ көруі бұзылғандар үшін естіп қабылдау психикалық дамудың маңызды құралы болып табылады. Көруі бұзылғандарда есту қабілетінің дамуы олардың танымдық әрекеттері мен балалардың мінез-құлқына және бағдарлануына әр түрлі әсер етеді. Естуінің төмендеуі кезінде көруі бұзылған балалар есту қабылдауынан сипап сезу арқылы өзін бақылауға сүйенеді. Көруі бұзылғандардың сипап сезу арқылы форманы қабылдауын зерттеу олардың сезімдік тәжірибелерінің жоғары екендігі және сипап сезуді тексеру тәсілдерін жылдам меңгеру қабілеттілігі анықталды.
Үлкендердің бір қалыпты реакциясы баланы эмоционалды қарым-қатынасқа ынталандырады. Көруі бұзылғандар мен нашар көрушілер дыбыстың көмегімен айналадағы қоршаған тіршілікті және құралдарды оңай ажырата алады. Олар дыбыс арқылы оның бастауын және орнын үлкен дәлдікпен көргіш адамдар секілді ажыратады. Есту кеңістігінің жоғарғы даму сатысында көзі нашарлағандар әр түрлі дыбыс данасының жағдайына бейімделуі қажет.
Сондықтанда көруі бұзылған мен нашар көретіндерді оқыту мен тәрбиелеу барысында дефферециалды ажырату және құрал түрінің дыбысы, талдау және күрделі дыбыс даласын бағалау секілді жаттығулармен өткізіледі. Дыбыс сигналдары құралдармен, құрылғылырмен, механизмдермен және процестердің пайда болуымен ажыратылады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!