Курстық ЖҰмыс орта мектепте ағылшын тілін тиімді оқыту жолдары. Мамандық атауы: 0111000 «Негізгі орта білім беру»



бет15/20
Дата30.03.2023
өлшемі0,62 Mb.
#173394
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Сабур Жанар Ак-42 курссовая

Қорытынды:
Қорытындылай келе бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың шет тілін оқуға деген тұрақты қызығушылықтарын қалыптастыру, осынын негiзiнде оқушының интелектуалдық дамуына жағдай жасау яғни орта мектепте ағылшын тілінде тиімді оқыту жолдарының әдіс-тәсілдерінің тиімділігі мен қыр сырларын айқындау және талдау болды. Бұл мақсатқа байланысты қойылған барлық міндеттер шешілді және жүзеге асырылды. Курстық жұмыс 2 тарау және 6 бөлімшеден тұрады. Әр бөлімде орта мектепте ағылшын тілінде тиімді оқыту жолдарының тарихы, тілдік даму деңгейлері мен әдіс-тәсілдерінің тиімділігі туралы мәліметтер беріліп, талқыланды.
Курстық жұмыстың бірінші тарауында орта мектепте ағылшын тілін тиімді оқыту жолдарының шығу тарихы мен қолдану ерекшелігі жазылған. Бұл жерде ағылшын тілінң орта мектепте оқытудың маңызы айтылып, оқушылардың тілді үйрету кезіндегі бірен саран туындаған қиындықтарды сипаттайды. Кейін онын шешу жолдары туралы айтылады. Келесе бірінші тараудың екінші бөлімшесінде жалпыеуропалық бағалау жүйесі талданады. Мектеп оқушыларының тілді меңгеру деңгейі жазылған. Бірінші тараудың үшінші бөлімшесінде орта мектепте ағылшын тілін тиімді оқыту жолдарынын әдіс-тәсілдері жазылып өтілген. Бұнда бұл әдістердің ерекшелігі мен тиімділігі айтылған. Екінші тараудың бірінші бөлімшесінде орта мектепте ағылшын тілінде оқытудың тиімді әдістердің нәтижелері талқыланған. Әр түрлі деңгейдегі әдістер арқылы оқушылардың білім сапасын артыру және жан-жақты дамытуды көздеген. Екінші тараудың екінші бөлімшесінде орта мектепте ағылшын тілінде оқытуда оқушылардың тілдік деңгейлерніін меңгерулері жазылған. Бұнда оқушылардан алынған сауалнама қорытындысы толтырылған. Колледж студенттерінен алынған сауалнама қорытындасы жазылған. Кейін оқышылардың төрт дағдысынан даму деңгейін анықтауға арналған тапсырмалар алынғаны туралы айтылған. Екінші тараудың үшінші бөлімшесінде орта мектепте ағылшын тілінде оқытуда дәстүрлі мен жаңартылған әдістердің салыстырмасы жазылған.
Шетел тілі қазіргі заман талабына сай мектептерде қарқынды жүргізілуде. Шет тілін оқып, үйрену бірден қалыптаса қоймайды. Өз ана тілін әлі толық меңгермеген балаға шетел тілін үйрету оңайға соқпасы анық. Бұл кезде мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Сондықтан қазіргі кезде орта мекетепте ағылшын тілін оқыту — оқушылардың санасында мәдениетаралық коммуникация іскерліктерін қалыптастырудың нақты жолы. Оқытудың мәдениетаралық коммуникациясына байланысты бағыт-бағдары әдістеменің логикалық жалғасы болып табылады. Бұл дегеніміз оқушыларға ағылшын тілін меңгеруіне ықпал жасайтын әдіс тәсілдерді пайдалану болып табылады
Қорыта келгенде, ұлы данышпан Әл – Фараби : «Ұстаздар - құдды жұрт айтатын, тамшысымен тас тесетін су сияқты» - деген екен. Болашақтың бүгінгіден де нұлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға жетелейтін күш – білім. Ағылшын тілінде сөйлеуді қалыптастырудың маңызы. Тіл – қарым-қатынас құралы. Тіл сөйлеу арқылы жүзеге асады, сөйлеу арқылы ғана дамып, өмір сүреді. Біз шет тілін оқыту туралы айтқанда, оны ең алдымен қатынас құралы ретінде оқимыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет