Курстық ЖҰмыс орта мектепте ағылшын тілін тиімді оқыту жолдары. Мамандық атауы: 0111000 «Негізгі орта білім беру»



бет12/20
Дата30.03.2023
өлшемі0,62 Mb.
#173394
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Байланысты:
Сабур Жанар Ак-42 курссовая

Mind-Map әдісін бірен сараң қолдандым. 6-9 сынып оқушыларына пайдаланылатын тиімді әдістерінің бірі. Бұл әдіс бойынша оқушылар сурет бойынша əңгіме құрастыру, қойылған сұрақтарға тез жəне нақты жауап жазу жəне əр түрлі жағдаяттарға байланысты сұрақ қоя білу мен схема бойынша сөйлемдер құрастырып жазу жұмыстары басты рөл атқарады. Нәтижесінде оқушының сөйлемдерді дұрыс құру дағдысы қалыптасады және оқушы меңгерген лексикалық материалдар бойынша білімін шыңдайды. Мысалы бұл әдісті мен жоспар бойынша 6-сыныпта Fun places атты сабағында сурет арқылы сөйлем жазу керек болған кезде қолданған болатынмын. Оқушылар қарапайым сөздерді қолдана отырып, өздерінің жазылым дағдысын сапасынын артырғандарын байқадым.
Келесі әдіс бұл ойындар арқылы оқыту яғни Оқушылар үшін ең қол жетімді қызмет түрі, сыртқы әлемнен алған әсерлерін өңдеу әдісі. Ойын әдістемесінің негізінде елестеткен жағдайды жасау және соны ойын арқылы орындау болып табылады. Көбінесе бұл әдісті 5-6 сыныптар аралығында қолдану өте тиімді болып келеді. Мысалы оқыту ойындары жағдайлы, жарысты, ритмо-музыкалық және көркемдік болып бөлінеді. Осының ішінен мен Жағдайлы ойындар өткізген болатынмын бұнда жағдайлы ойындарға рольдік ойындар жатады, белгілі бір жағдайға байланысты бейнелеу. Рольдік ойында әсіресе мен өткізген 5-6 сынып оқушылары Жануарлар мен өсіміктер сонымен қатар Әлемнің қызықты жерлері сияқты тақырыпта бұл әдісті қоландғанмын сонда оқушылар белгілі бір рольде, әр түрлі өмір жағдайларын ойнады, мысалы, сатушы-сатып алушы, дәрігер-науқас, актер және оның жанкүйері және т.б. ойнауға тырысқан болатын. Бірақ оқушылардың сөздік қоры аз болғандықтан бұл әдіс оқушыларға аздаған қиыншылықтар туғыздарған болатын.
Тағы ойындар мен жүмыс жасағанда Стандартты диалогтарды қолданған ықтимал, оқушылардың қарапайым сөйлемдер арқылы оқушылардың айтылым дағдысы дамиды яғни мұнда оқушы сұрақтарға жауап береді мұғалім сұрақ қойып бағыттаушы болады. Мысалы:

  1. Show me (маған көрсетші) – мұғалімнің бір нәрсені атап айтқанда, бала сол нәрсе бейнеленген карточканы көрсетуі тиіс.

  2. What’s this? Мұғалім сөздерді көрсетеді, балалар сөздерді атайды.

  3. What’s missing? (не жоғалып кетті?)

  4. What’s doesn’t belong? (не артық?)

Осы әдісті мен күнделікті оқушылардан күнді, айды, көңіл күйін сұраған жағдайда қолданған болатынмын. Бір ерекшелігі оқушыларға сөйлеуге көмектеседі және брін-бірін тыңдауға дағдыланады.
Ойын әдісінің тағы бір түрі Жарысты ойында жатады. Бұнда ішіне лексика мен грамматиканы меңгеру үшін көптеген ойындар кіреді.
Кім көп сөздерді біледі, сол жеңіске жетеді.
Оған кроссвордтар, «аукциондар», лингвистикалық тапсырмалары бар ойындар, топтардың орындалуы. Кроссвордтар түрлі тақырыптарда болуы мүмкін: жануарлар, жемістер, көкөністер, жиһаздар, ойыншықтар және т.б. Топтар әр түрлі болады. Сабақтарда оқушылармен Warm up - та «Simon says» ойынын ойнай алады. Мақсаты – танымдық қызығушылықтарын дамыту. Балалар мұғалімнің айтқан іс-әрекеттерін орындау. Мысалы: Hands up! Sit down! Jump! Run! және т.б. Ойынды өткізу барысында әр түрлі лексикалық материалдар қолданылады. Мен бұл әдісті 5-6 сыныптарымен сергіту сәтінде немесе сабаққа қызығушылығын орнату мақсатында қолданған болатынмын. Өткізу барысында оқушылардың айтылым мен тыңдалым дағдыларынын дамуыына ықпал жасайтынын байқадым.
Мысалы менін қосымша зерттеуім бойынша Орта мепктепте ағылшын тілін оқытуда қазіргі кезде жаңартылған әдістер көп енгізілуде солардың ішінде Silent Way, Total Physical Response, Spaced repetition technique, Interactive methods және т.б. кіреді. Аталған әдістер оқушылардың тілдік дағдыларын дамытып, ағылшын тілінде ойлауға, сөйлеуге, сыни тұрғыдан логикалық ахуалдан тұрақты қалыптасуына жағдай жасайтынын білдім. Бұл ағылшын тілін тиімді оқыту жолдарынын сапасын арттырады.
Жоғарыда аталған барлық әдістер орта мектепте ағылшын тілін тиімді оқытуда қолдатыналын әдістер, олар оқушыларды жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастырып сонымен қатар тілдік дағдыларының өсуіне, тілге деген қызығушылығының артуына әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет