Курстық жұмысының өзектілігі : Қазіргі кезде ағылшын тілін оқушыларға жетік меңгерту білім беру процессіндегі өзекті мәселелердің бірі. Бүгінгі күні заманауи қоғам қарқынды дамып келе жатқандықтан, еліміздің шет елдермен қарым-қатынастарының дамуы тілге айналған қоғамның құрылуына әсер етті. Білім берудегі басты басымдылықтардың бірі – орта мектепте ағылшын тілін тиімді оқыту жолдары арқылы оқушылардың тілді меңгеру дағдыларын тиімді әдіс-тәсілдер арқылы үйрету болып табылады.
Курстық жұмысының мақсаты : оқушылардың шет тілін оқуға деген тұрақты қызығушылықтарын қалыптастыру, осынын негiзiнде оқушының интелектуалдық дамуына жағдай жасау.
Курстық жұмысының міндеттері:
Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың әр түрлі әдістерін анықтау;
Тақырыпқа сай шет тілін оқытудың ерекшеліктерін зерттеу;
Орта мектепте ағылшын сабағында көрнекілітер мен сөздік қорынын қолдануын қадағалау.
Курстық жұмыстың зерттеу нысаны: орта мектепте ағылшын тілі сабағы. Курстық жұмыс аймағы: Шет тілін оқыту әдістемесі.
I тарау. Орта мектептегі ағылшын тілін тиміді оқыту.
Орта мектептегі ағылшын тілін оқытудың тарихы.
Шет тілі орта мектепте үш кезеңге бөлінеді: бастауыш, орта, жоғарғы сыныптар. Әрбір кезеңнің өзіне тән ерекшеліктері бар. Бірақ мен әр кезеңге емес орта мектептегі ағылшын тілін тиімді оқыту жолдары мен оның тарихына тоқталып өтемін.
Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың тарихы 1947 жылдан басталады. 1947 жылы Министрлер кеңесінің «Орта мектепте щет тілін оқытуды жақсарту туралы» қаулысы қабылданып, шетел тілін оқытудың әрі қарай дамуына ықпал ететін құжаттар пайда болды.
Содан кейінгі 1961 жылы шыққан «Шет тілдерін оқытуды жаңарту» туралы қаулы кейінгі он жылдықтағы мақсат-міндеттерді айқындап берді. 1977 жылы «орта мектепте оқытуды, тәрбиелеуді дамыту туралы» қаулыдан кейінгі көптеген өзгерістер енгізілген болатын.
Оқытудың бірінші кезеңі қарым-қатынас ретінде, тілдің негізін қалау арқылы оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру болып табылды. Себебі оқушылар комуникация арқылы бір-бірімен үнемі байланыста болады.
Біріңші кезең – тілді оқып үйренуде өте маңызды болып келеді, осы кезеңде оқу қалай басталса, солай жалғасады. Ағылшын әдіскері Г.Пальмер бұл кезең туралы былай деген: “Take care of the first two stages and the rest will take care of itself”.
1947 жылғы қаулыдан кейін орта мектептерде ағылшын тілін оқытудың тиімді жолдары көптеген өзгерістерге ұшыраған. 1947 жылғы қаулыдан кейінгі орта мектпете ағылшын тілі 3-сыныптан бастап оқытылып, ағылшын тілін оқытатын арнайы мектептер ашылды. [5]
Орта мектепте шеті тілін оқыту 3 немесе 5 сыныптардан басталды. Бұл кездегі бағдарламада қойылған негізге талаптар: оқыту, түсіну және шет тіліндегі мәтінде аудара білу. Ауызша сөйлеуді түсіну, ауызша мен жазбашаның негізін қалау.
Бағдарламада білімнің екі түрін рецептивті және өнімділікті айқындайды. Бастауыш кезеңде де бірінші орынға оқып-түсіну және аудару қойылды.
— Оқушылар таныс емес сөздерді оқып білу
— Сөздіксіз мәтінді оқып түсіне білу
— Шет тілін туған тіліне ауызша аудара білу
— Жазбаша аудара білу
Жазбаша оқытуда мынадай талаптар қойылады:
— мәтінді көшіріп жаза білу
— қысқа сөйлеуді жаза білу
Лексикалық талап: 5-сынып – 450 сөз, 3-сынып – 200 сөз білуі керек болды.
1955 жылғы бағдарламада бірінші орынға тәжірибелік мақсат қойылды. Мұнда лексикаға қойылатын талап өзгеріп, 350 сөз білуге тиісті болды. Бұл кезеңге де негізгі талап оқу және аудару болды. Ауыша сөйлеу мұғалімнің қойылған сұрақтарына жауап берумен, сыныпта айтылатын сөздермен шектелді.[3]
1961 жылғы қаулыдан кейінгі өзгерістер. Бұл кезеңдегі бағдарлама бойынша бірінші орынға тәжірибелік мақсат қойылды яғни ауызша сөйлеуге, шет тілінде өз ойын анық жеткізе алуы және ауызша хабарлама жасауға (монолог) және шет тілінде әңгіме жүргізе білуге (диалог) көп мән берілген болатын. Оқуға қойылатын талап та өзгерді. Аудармаға аз көңіл бөлінді. Тәжірибелік мақсатқа жету үшін бірінші рет магнитофон таспасын, аудио тыңдау және үйге оқуға берілетін мәтіндер пайдаланыла бастады.[6]
Орта мектепте мынадай талаптар қойылды:
— Шет тілінде әңгімелесе білу
— Сөздіксіз күрделі емес мәтінді оқып-түсіну
— Оқи білу
Жазуға көмекші рөлі берілді. Лексикалық көлемі азайды.
Оқудың екі түрі: дауыстап және ішінен оқу бөлініп көрсетілді.
1. Оқушылар сұрақ қойып, жауап беруге
2. Диктант жаза білуге тиіс болды (30 сөз)
Осы өзгерістер ескеріле отырып, С.К.Фоломкина, Э.И.Каар және Г.М. Уайзер сияқты авторлар 5 және 6-сынып оқушыларына арналған жаңа оқулықтар шығарды.
Халықаралық қатынастардың дамуына байланысты ағылшын тілін оқытудың маңызы өсті. Оқушылар мен бірге мұғалімге арналған әдістемелік кітап және үйден оқу кітабы шығарылды. Саны 25-тен асатын сыныптар екі топқа бөлінді. Балалар бақшасы мен бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқыту бағдарламасы жасалды. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі 2 бағыты:
1. Сөйлеудің барлық түрін бірге дамыту (ауызша алдын-алу, авт. Г.М.Уайзер)
2. Сан біртіндеп оқыту (кіріспе ауызша курспен, авт. А.П.Старков). шет тілі 5-10 сыныптар аралығында оқытылды. 1962 жылы ағылшын тілінен жаңа бағдарлама жасалып, оқулықтар шығарылды. Бағдарламада тілді тәжірибелік білу жағына баса назар аударылды.[4]
5-ші сыныптың оқушысы ауызша сөйлеуден мынаны білуге тиіс болды:
1. Мұғалімнің сөзін түсіну
2. Өткен тілдік материалдар негізінде сұрақтарға жауап беру
3. Суретті бейнелеу және сұрақтарға жауап беру
4. Ауызша әңгіме айта білу
5. Тақпақты жатқа айта білу
6-7-сыныптар бұл талаптар ұлғайды:
1. Мұғалімнің айтқаның түсіну
2. Мәтінді түсіндіре білу
3. Сұрақ қою, оған толық және қысқа жауап беру
60-шы жылдар ағылшын тілін оқытудың әдістемесіндегі жемісті жылдар болып саналады. Осы жылдары әдістемеге байланысты көптеген ғылыми еңбектер жазылып, мектепте тәжірибе жүзінде қолданыла бастады. [1]
Достарыңызбен бөлісу: |