1.2 Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың деңгейлері.
Қазіргі таңда екінші тілді үйрену барысында тілдік қабілетті сипаттауда Жалпыеуропалық тіл құзыреттілігін бағалау жүйесі (CEFR) кеңінен қолданылуда. Бұл арқылы мектеп оқушыларын ағылшын тілінен қарапайым деңгейден бастап жоғары деңгейге оқытудың сапасын білуге болады.
CEFR сәйкес үш тілде оқытудың салыстырмалы деңгейлері
CEFR деңгейлері
|
Сыныптар
|
Ағылшын тілі (Т3)
|
Сыныптар
|
Қазақ тілі (Т1) Орыс тілі (Т2)
|
Базалық
|
А1
|
Қарапайым деңгей
|
1-сынып
|
А1
бағытындығы жұмыс
|
А1
|
1-сынып
|
А1 бастапқы
|
2-сынып
|
А1 төмен
|
2-сынып
|
А1 орта
|
3-сынып
|
А1 орта
|
3-сынып
|
А1 ілгері
|
4-сынып
|
А1 жоғары
|
А2
|
4-сынып
|
А2 бастапқы
|
А2
|
Негізгі деңгей
|
5-сынып
|
А2 төмен
|
5-сынып
|
А2 орта
|
6-сынып
|
А2 орта
|
6-сынып
|
А2 ілгері
|
7-сынып
|
А2 жоғары
|
В1
|
7-сынып
|
В1 бастапқы
|
Орта
|
В1
|
Орта деңгей
|
8-сынып
|
В1 төмен
|
8-сынып
|
В1 орта
|
9-сынып
|
В1 орта
|
9-сынып
|
В1 ілгері
|
10-сынып
|
В1 жоғары
|
В2
|
10-сынып
|
В2 бастапқы
|
В2
|
Ортадан
жоғары деңгей
|
11-сынып
|
В2 төмен
|
11-сынып
|
В2 орта
|
1 кесте. [2]
1.3 Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың әдістері мен тиімді жолдары.
Әдістемелер әртүрлі кезеңдерде оқыту мақсаттарының өзгеруіне байланысты жаңадан аталып отырады: мысалы, логикалық қағидалар бойынша синтетикалық әдіс, аналитикалық әдіс, дедуктивтік әдіс, т.б; тіл салалары бойынша грамматикалық әдіс, лексикалық әдіс, фонетиакалық әдіс, тілдің психологиялық қағидалары бойынша индуктивтік әдіс, тура әдіс; ойлап табушының аты – жөні бойынша Коменский әдісі, Гуэн; Пальмер, Уэст, Фриз, т.б әдістері.Біз тек ең негізгі әдістерге ғана тоқталайық:
1. Грамматикалық – аудармалық әдіс - әдістеменің ең көне әдісі.
2. Тура әдіс 1870 жылдан бастап қолданыла бастады.
3. Қазіргі әдістер.[7]
Грамматикалық аудармалық әдіс көбінесе 5-9 сыныптар аралығында ағылшын тілін оқытуда қолданылған. Бұл әдісте тіл грамматикалық ережелерді жаттау арқылы оқытылады. Жаңа сөздер грамматикалық тақырып көлемінде алынады, яғни оқушылар жазылым мен оқылым дағдыларын жетілдіріп отырады. Ал, аударма жаңа сөздері, сөз құрылымын, ережесін оқытқанда қолданылады. Барлық жаттығулар белгілі грамматикалық ереженің аясында құрылып, ана тілінен шет тіліне, шет тілінен ана тіліне аудару арқылы орындалған.
Грамматикалық – аударма әдістің ерекшеліктері:
1. Грамматикалық талдаудың негізі;
2. Тілді оқытудағы грамматикалық сатылар;
Грамматикалық – аудармалық әдіс бойынша сөйлемді талдаудың ең жақсы әдісі – оны әуелі ана тілінде түсіндіріп, сөйлем мүшелерін, яғни бастауыш пен баяндауышты, толықтауышты анықтау. Әрі қарай талдауды етістіктің шағын, етістікті анықтап жалғастыруға болады. Содан кейін оқушыларға осы сөйлемнің шет тіліндегі аудармасын беру оңайырақ болады.
Дыбыстар, морфемалар, сөздер әр тілдің өзіне ғана тән түрінде болады, ал синтаксистік негізгі қағидалары барлық тілдерге тән. Барлық ағылшын тіліндегі грамматикалық құрылымдармен сәйкес келмейді.
Грамматикалық – аудармалық әдіс алғашында XVIII- XIX ғасырдың мектептерінде кеңінен қолданылды. Кейінен педагогика, психология, лингвистика ғылымдарының дамуы бұл әдіске өзгерістер енгізіп, XIX-XX ғасырдың соңында «екі грамматиканың» ара қатынасы ажыратылды.
Қазір де әдістемеге дәстүрлі тұрғыдан қарағанда грамматиаклық – аудармалық әдіс жиі кездеседі. Бұл әдіс көбінесе 7-9 сыныптар аралығынада өте ыңғайлы болып табылады. Грамматикалық ережелерді игерудің нәтижесінде тіл жаттығып, сөйлеммді дұрыс құрастыру оңайға соғады.[11]
Достарыңызбен бөлісу: |