Тура әдіс. Г. Пальмер әдісі. Тура әдіс грамматикалық – аудырмалық әдіске қайшы әдіс ретінде келеді.
Тура әдістің негізгі ерекшелігі мынадай:
1) Шет тілін оқытудың негізгі бағыты – тәжербиелік, яғни, бірінші орынға сөйлеу ойылуы;
2) Ана тілінің екінші орында, тіпті назарсыз қалуы;
3) Тілді үйрету ісінде аудырманың өте аз мөлшерде, керісінше, ауызша – жазбаша жаттығулардың көп қолдануы;
4) грамматиканы оқытуда индуктивтік әдістің қолдануы (грамматикалық әдісте грамматикалық ереже бірінші беріліп, жаттығулар орындалады, ал бұл әдісте әуелі жаттығулар оындалып, содан кейін грамматикалық тұжырым жасалады).
5) Айтуды үйренуге үлкен көңіл бөлінеді.
6) Мәтіндердің мазмұнына, әсіресе, тақырыпқа байланысты мәтіндер құрасытыруға назар аударылады.
Бұл әдістің тура әдіс деп аталуының себебі – шет тілін оқытуда, шет тілімен баратын түсініктің арасындағы байланыстың тура болып, ана тілінің мүлдем қолданылмауы.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында тура әдістің бірнеше түрі пайда болды. Тура әдісті жинақтаущылар Г. Груэн, М: Вальтер т.б
Бұл әдісті пайдаланатын мұғалымдер тіл үйретудің алғашқы күнінен бастап, оқушыны әңгімелесуге тартады, заттарды, суреттерді пайдаланып, сөйлемнің мағынасын түсіндіру үшін қимылдар жасайды.
Тура әдісті қолданушылар өте көп. Осы әдіс оқушылардың шет тілін меңгеруге деген қызығушылығын арттырады.
Г. Пальмер әдісінің негізгі қағидалары:
- Шет тілін оқыту ауызша сөйлеуден басталды.
- Шет тілін оқыту іріктелген материалдың негізінде жүзеге асырылды. Г. Пальмердің ұсынуы бойынша оқытылуға тиіс жаңа сөздердің мөлшері 3000 сөз болды.[14]
Шет тілін үйренуде оқушы мынадай кезеңдерден өтеді: I.а)Қабылдау
Бұл кезеңде мұғалім сөйлейді. Оқушы мұғалымнің сөзін тыңдайды. Мысалы сынып бөлмесіндегі заттарды көрсетіп, оларды атайды.
This is a book. Look at the book. I m going to put the book on the table. ә) Мұғалім сөйлейді. Оқушыларға тапсырма береді. Мысалы: «Дауыс ырғағына назар аударыңыз».
б) Бұйрықтарды орындау жаттығулары.
Мұғалім оқушыларға бұйрықтар береді.
Мысалы:Get up. Sit down. Come here. Мұғалім бұйрықтарды ымдап түсіндіреді.
в) “Yes”. “No”.
Мұғалім сұрақ қояды. Оқушылар тек «Иә» не «Жоқ» деп жауап береді.