Курстық ЖҰмыс орта мектепте ағылшын тілін тиімді оқыту жолдары. Мамандық атауы: 0111000 «Негізгі орта білім беру»



бет11/20
Дата30.03.2023
өлшемі0,62 Mb.
#173394
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Байланысты:
Сабур Жанар Ак-42 курссовая

Сөзжұмбақ әдісі – жалпы танымдық ойын әдісі. Әрине, мұғалімнің міндетінің бірі — оқушыны ойната отырып, шығармашылық танымдық қабілетін дамыту. Оның – сөзжұмбақ, физворд, эконворд, анаграмма, ребус, логикалық кызыкты есептер сиякты сан алуан түрлері кездеседі. Мен бұл әдісті 8-9 сынып оқушыларында сабақ барыында қолданған болатынмын. Орта мектепте ағылшын тілінен оқушыларға үй тапсырмасына қосымша бос уакыттарын қызықты әрі мазмұнды өткізулері үшін сөзжұмбақтарды пайдаланамын, тапсырма оқушының білім деңгейіне сай болуы маңызды. Ойы алғыр, қиялы ұшқыр оқушылардың өз беттерінше кез келген сөзжұмбақ түрлерін құрастыруға бағыт бағдар берген дұрыс. Сөзжұмбақ-қызықты да, тартымды әдіс түрі. Ағылшын тілінде ойлауға, тілдік дағдыларын жетілдіріріп, зерделі ой сараптауға көмектеседі. Сөзжұмбақ құрастыру, оны шешу оқушылардың: 1.Ойлау кабілетін шыңдайды; 2.Табандылыққа, төзімділікке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа үйретеді; 3.Алғырлық,есте сақтау сияқты қабілеті артып, өздігінен ізденуге қалыптасады. Оқушылардың сабаққа деген ынтасын, белсенділігін арттыруда сол сабақтағы тақырыптың негізгі мәселесіне сөзжұмбақтарды құрастыру, шешу барысында физикалық ережені өздері ашқандай сезімде болады. Оқу үрдісін жетілдірудің негізгі тенденциясы оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі мен танымдық белсенділігін көтеру болып табылады. Педагогика ғылымы тиянақты білім маңызына әсер етпейді, қайта оқушыларды оқытуға тәрбиелеу мен жетілдіру бағытында жаңа мақсаттардың рөлін айқындап береді.
x and o әдісі – жалпы бұл әдісті 5-9 сыныптар аралығында өткізген болатынымн. Қазіргі кезде жаңартылған оқу бағдарламасында қолданылатын жаңа әдістердің бірі. Оқушылардың ойлау маторикасын дамытып, бір-біріне қарама-қарсы бәсекелетікке байланысты тапсырманы тез орындауға тырысады. Осы әдісті мен лексикалық тұрғыдан немесе жаңа материолды пысықтағанда, үй жұмысын сұрағанда өте ыңғайлы әдіс. Әсіресе жаңа сөздерді сұраңанда оқушылар бәсекелестікпен жауап беріп отырды.
Келесі әдіс «Сұраққа жетіп ал» - бұл оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту. Бұл әдіс 7-9 сынып оқушыларымен өткізуге болады. Өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады. Ақпаратпен ықыласпен жұмыс жасайды. Мәтінге, әңгімеге сұрақ қояды, тұжырымдайды. Сыныптастарының жауаптарын ықылас қойып тыңдайды және сұрақтар қояды. Таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі дамиды. Оқушылар оқығандары бойынша бір-біріне сұрақ қояды және талқылайды. Мәтінді толық немесе бір бөлігін оқыту (мәтіннің күрделілігіне, оқушылардың даму ерекшелігіне қарай) оқылған мәтіннің мазмұнына әр деңгейлі сұрақтар қою. 1-ші топ – сұрақ қояды, 2-ші топ сол сұраққа жауап береді. Мысалы мен бұл әдісті 8-9 сынып оқушыларда қолдандым. Оқушылардың оқылым дағдысына дамуға көмектеседі. Әсіресе мәтінмен жұмыс жасаған кезде немесе мәтінен оқып дұрыс пен бұрысын тапқан кезде қолданлатын әдіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет