II тарау. Орта мектепте ағылшын тілін тиміді оқыту жолдарының артықшылығы.
2.2 Орта мектепте ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау.
Қазіргі таңда екінші тілді үйрену барысында тілдік қабілетті сипаттауда Жалпыеуропалық тіл құзыреттілігін бағалау жүйесі (CEFR) кеңінен қолданылуда. Бұл арқылы мектеп оқушыларын ағылшын тілінен қарапайым деңгейден бастап жоғары деңгейге оқытудың сапасын білуге болады екені бізге белгілі. Бұл жүйенің артықшылығы оқушылардың тілдік деңгейін анықтайды, сонын арқасында оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға арналаған әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданыды.
Мысалы, мен өз іс-тәжірибемді Қызылегіс ауылының орта мектебінде өткенде сабақ беру барысында, орта буын оқушыларының ағылшын тілін меңгеру деңгейі орташа екенін байқадым. Себебі оқушылардың 70% Elementry (яғни А1,А2) деңгейде ғана жұмыс жасай алды. Олар тек қарапайым сөйлемдер құра білді, өздерін таныстыру мен жасын сонымен қатар хоббиін туралы қысқаша айтып, қарапайым мәтіндерді оқып түсінетіндігі берілген тапсырмалар арқылы түсінікті болған. Оқушыларға әсіресе орта буын сыныптарына В1 тапсырмаларын орынадау қиыншылық туғыздырған болатын.
Сондықтан оқушылардың тілдік барьерді жеңу үшін ағылшын тілінде әр түрлі әдс-тәсілдерді пайдалану өте қолайлы деп санаймын.
Қазіргі кезде орта мектепте ағылшын тілін меңгерідегі тиімді жолдарын және де практика өту барысында оқушылармен өткізген әдіс-тәілдері мен қоса қолданған әдістердің ішінде оқушылардың тілдік дағдыларынын дамуына әсер еткендерін атап өтулері сияқты мәселелерді Сауалнама арқылы Ш. Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледжінің Ак-919А тобынын студенттерінен 23.11.2022 жылы сауалнаманы алған болатынмын. Бұл сауалнаманын Мақсаты: Колледж студенттерінен Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың тиімді жолдарын қалай өткізетіедерін анықтау. Жалпы Ак-919А тобында 18 студент сауалнамага 12 студент жауап берген болатын. Сауалнама бойынша 50% Дискуссия, дебат, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, миға шабуыл, есептеу ағашы сияқты интербелсенді әдістерді қолдану арқылы оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығы артады десе ал 25% танымдық әдістер тілді дамытуға тиміді деп атап шықты. Қалған 25% төрт дағдыны ойын арқылы қалыптастыруды жөн көрді.
1 диаграмма. Тиімді әдісті анықтау.
Орта буын оқушыларынан қазіргі кезде ағылшын тілінде қолданыдатын әдістер мен олардан алатын әсерлерін сонымен қатар әдістердің қаншалықты тиімділігі жайлы мәселелерді мектеп оқушыларынан 27.11.2022ж. күні Сауалнама арқылы алғанмын. Сауалнаманы Зеренді ауданы, Қызылегіс ауылының негізгі орта мектебінің 8-сынып оқушылары толтырды. Бұл сауалнаманын Максаты: Орта буын сыныптарынан ағылшын тілін тиімді оқыту жолдарын аныктау. Жалпы 8-сыныбында 7 оқушы сауалнамаға 6 оқушы жауап берген. Сауалнама бойынша, берілген сұраққа оқушылардың 50%-на топпен жұмыс жасау ұнайтынын атап өтсе, қалған 50% ойын әдістерін қолдады. Келесі сұраққа оқушылардың 100% ағылшын тілінен жаңа сөздерді жаттауда әр түрлі әдістерді қолдану, қызықты әрі жақсы көмек көрсетенін атап шыққан. Соңғы сұраққа оқушылардың 90% саббақта тиімді әдістерді қолдану, сабақты көңілді әрі ерекше қылатынын айтты.
2 диаграмма. Оқушылардан әдістерді пайдалану ерекшелігін анықтау.
Жалпы 03.10.-28.10.2022 ж.ж аралығында Мен Ақмола облысы, Зеренді ауданы, «Қызылегіс ауылының негізгі орта мектебі»КММ өз іс тәжіриебемді өттім. Іс-тәжірибе кезінде мен 8-сынып оқушыларына жетекшісі болып бекітілдім. Сыныпта негізінен 7 оқушы оның ішінде 4 қыз, 3 ұл бала оқиды. Осы іс тәжіриебемді мен ең алғаш рет 04.10 күні 8-сынып оқушыларынан мониторингтық тапсырмалар арқылы ағылшын тілінен 4 дағды бойынша әр түрлі тапсырмалар беру арқылы тілдік деңгейлерін анықтаған болатынмын.
Мысалы айтылым дағдысына Сурет арқылы өзіннің сүйікті үй жануарын ағылшын тілінде сипаттау болды. Бұл тапсырмада 4 оқушы өзінін үй жануарын ағылшын тілінде толық сипаттаса, ал қалған 3 оқушы тапсырманы орындай алмады. Келесі жазылым дағдысында Қажетті сөздерді қой яғни көп нүктенін орынына қажетті сөздер мен етістіктер қою тапсырмасы берілді. Нәтижесінде 5 оқушы тапсрыманы дұрыс орындады, ал қалған 2 оқушы тапсырманы толық орындай алмады. Оқылым дағдысына My New School Is Fantastic тақырыбына мәтін берілді, бұл мәтінді оқып дұрысы мен бұрысын табу керек болды. Тапсырма нәтижесінде 4 оқушы толық дұрыс жауап берді. Ал 2 оқушы жартылай дұрыс жауап берді, 1 оқушы дұрыс жауап бере алмады. Келесі тыңдалым дағдысына оқушылар аудио тыңдады кейін осы аудиоға байланысты 10 сұраққа жауап берді. Бұл тапсырма бойынша 6 сұраққа 5 оқушы толық жауап берді бірақ аздаған қателіктер орнады, 4 сұраққа қалған 2 оқушы түсінігіне қарай жауап берді.
диаграмма. Зерттеушінің көрсеткіші
Іс-тәжірибе аяғында мен орта мектеп оқушыларының ағылышын тілінен өзім өткізген әдіс-тәсілдердің қаншалықты нәтижелі болғанын анықтау үшін 26.10 күні тапсырмалар өткізген болатынмын.
Мысалы оқылым дағдысында Surfing атты тақырыбында мәтінді оқып соңында тестке жауап берді. Нәтижесінде 7 сұрақтың ішінде 5-не 5 оқушы жауап 2 сұраққа 2 оқушы түсінігіне қарай жауап берді. Келесі айтылым дағдысына оқушылар ғаламтор желісінен алынған әндегі фразаларды бірінін атынан бірі аяқтайды. Бұл тапсырманы 4 оқушы тез орындаса, ал 3 оқушыда аздаған қиындықтар туындады. Жазылым дағдысына келетін болсақ оқушыларға Daily life and shopping атты тақырыпта эссе жазып келу тапсырмасы берілген болатын. Тапсырма нәтижесінде барлық оқушы тапсырманы орындады, бірақ 3 оқушыда аздаған қателіктер байқалды. Келесі тыңдалым дағдысында The Magic Basket атты тақырыпта мәтінді оқыдым, ал оқушылар тыңдай отырым тапсырманы орындады. Тапсырмада мәтінде кездестірілетін жаңа сөздерді теріп олардын аудармасын табу болды. Нәтижесінде 3 оқушы тапсырманы түсінігіне қарай орындады, ал 2 оқушы жақсы дәрежеде орындаса, 2 оқушы тапсырманы толық емес орындаған болатын.
диаграмма. Зерттеушінің көрсеткіші.
Іс-тәжірибемде атқарған жұмыстарым бойынша алдынғы 2 диаграмманы салыстырғанда біз аздаған өзгешілікті көре аламыз. Бұл өзгешілік неден пайа болды? Ол орта буын оқушыларында ағылшын тілін меңгерту үшін қолданылған тиімді әдіс-тәсілдердің арқасында оқушылардың тілдік дағдылары өскенін көре аламыз. Мысалы оқылым дағдысы аз да болсын 5% шамасында өстті себебі оқушылар күнделікті кітаппен жұмыс жасайтындықтан бұл дағды оқушыларға жеңіл келеді. Тапсырманы оқи отыра, тез түсіну қабілетті аздаған жоғары көрсеткішті көрсетті. Келесі жазылым дағдысы 5% шамасына жақын өсті, оқылым дағдысы сияқты күнделікті қолданыста әрі жиі пайдаланылады. Оқушылар үнемі әр түрлі тапсырмаларды жазбаша орындағандықтан механикалық түрде үйреншікті дағдынын бір түріне айналып кеткенін байқаған болатынмын. Ал тыңдалым мен айтылм дағдылары оқушыларға үлкен қиыншылықты тудыратын дағдылардың бірі екенін байқадым. Себебі оқушылардың сөздік қоры жетіспейтіндіктен өз ойын тура жеткізу өте қиын және де тыңдалымда тағыда сөздік қоры аз болғасын оқушылар сөйлемдерді дұрыс түсіне бермейді. Сондықтанда ағылшын тілін меңгеру деңгейлерін сапасын арттыру үшін әр түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану дұрыс деп ойлаймын.
3 диаграмма
Оқушылардың әр дағдысы әр түрлі деңгейде дамыйды. Бұны біз білім деңгейінен немесе тақырыпты меңгеруіне байанысты болады. Сондықтан қазір кезде жаңартылған білім беру бағдарламасында енгізілген әр түрлі әдістер орта мектепте оқушылардың шет тілінен дағдыларын SMART мақсаттар мен тиімді әдіс-тәсілдер арқылы жан-жақты дамыйды.
Мысалы мен өз іс тәжіриебемде 8-сынып оқушыларының жоспар бойынша өткізген Daily life атты сабағында, оқушылардың айтылым мен оқылым дағдыларының даму деңгейін анықтау үшін х және о әдісі арқылы жаңа сөздереді сұрадым кейін грамматикалық аударма әдісі арқылы кітаптаға мәтінді оқып оны аударған болатын. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жасау барысында жаңа әдіс арқылы яғни бәсекелстіктін арқасында оқушылар жаңа сөздерді тез жаттап алғандарын айтқан болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |