Курстық ЖҰмыс орта мектепте ағылшын тілін тиімді оқыту жолдары. Мамандық атауы: 0111000 «Негізгі орта білім беру»


II тарау. Орта мектепте ағылшын тілін тиміді оқыту жолдарының артықшылығы



бет9/20
Дата30.03.2023
өлшемі0,62 Mb.
#173394
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Байланысты:
Сабур Жанар Ак-42 курссовая

II тарау. Орта мектепте ағылшын тілін тиміді оқыту жолдарының артықшылығы.
2.1 Орта мектепте ағылшын тілін оқытуда тиімді әдістерінің нәтижелерін талдау.
Қазіргі кезде ағылшын тілі сабақтарында әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылатыны бізге белгілі. Олар оқушылардың тілге деген қызығушылығын артырып, мұғалімге сабақ барысында үлкен көмек көрссетеді. Орта мектепте әсіресе жазылым, айтылым, оқылым дағдыларын дамытуға арналған әдістер көп қолданылады.
Мысалы: Мен Зеренді ауданы, Қызылегіс ауылының орта мектебінде өз іс-тәжіриебемді өткенде маған 8-сыныбы бекітілген болған. Жоспар бойынша «Focusing on Kazakhstan: fashion week and clothes» атты сабағында Миға шабуыл әдісін өткізген болатынмын. Бұл әдіс 7-9 сыныптарда қолдануда ерекше назар аударуға лайық, өйткені оның басты қағидасы - өздігінен жүру. 8-сынып оқушылырына тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылып, оқушылар бір проблемалық мәселені талқылау жүргізді. "Миға шабуылының" ерекшелігі болып табылатын дайындықтың болмауы сөздік қорын белсенді қолдануға, сондай-ақ нақты сөйлеу жағдайы мен тапсырмаға негізделген лексика мен грамматикалық құрылымдарды таңдауға ықпал етеді. Уақыттың шектеулілігі шығармашылық ойлауды және мәселені шешудің стандартты емес тәсілін ынталандырады.
Менім ойымша бұл әдіс оқушылардың ойлау маторикасын дамытып, тапсырмаларды тез орындауға және сұраққа тез жауап беруге көмектеседі. Әдіс нітижесінде біз оқушылардың шығармашылығын, сөйлеу шеберлігін яғни айтылым мен тыңдалым дағдысын дамығанын көре аламыз. Сабақ барысында бұл әдісті жүргізген кезде мен әдістің оқушыларға тақырыпты пысықтау кезінде немесе үй жұмысын сұрағанда қолдануға ыңғайлы әдіс екенін түсіндім. Мысалы Орта мектепте ағылышын тілі сабағында жаңа сөздерді сұрағанда немесе мәтінмен жұмыс жасау барысында әр түрлі сұрақтар қою арқылы тағы да логикалық тапсырмаларды орындаған Миға шабуыл әдісін қолдану өте ыңғайлы.
Келесі әдістің бірі аяқталмаған сөйлемдер. Бұл әдісті 6-9 сыныптар аралығында өткізуге болады. Себебі бұл сыныптағы оқушылардың ойлау қабілеті дамып, берліген сөйлемді сыни тұрғыдан тісініп оған жазбаша немесе ауызша жауап бере алады. Мәтінмен жұмыс жасағанда алынған мәліметтерді талдау мен интерпретациялау негізінде оқушылар өткен материалды немесе жаңа тақырыптарға сындарлы тұжырымдама жасайды. Мысалы мен бұл әдісті Writing a review of a fashion shows (Present perfect: questions) атты сабағында қолдандым. Оқушылар Present perfect: questions тақырыбынан яғни сөйлемдерді сұраулы формасында келтіріп толтырулары қажет болды. Бұл әдістің тағы бір ерекшелігі мұнда оқушылардың жазылым мен оқылым дағдылары дамиды.
Келесі әдіс бұл Пікірталас әдісі. Бұл әдіс 5-9 сынып оқушылары аралығында өткізуге қолайлы болып келеді. Себебі оқушылардың айтылым мен тыңдалым дағдыларын дамытады. Оның бірнеше түрі бар: оқу, тақырыптық, өмірбаяндық және интерактивті. Таңдалған пікірталас түріне қарамастан, бұл мектеп оқушыларына мәселені талқылауға белсенді қатысуға ынталандырып қана қоймайды, сонымен қатар сыни ойлауды дамытуға, сонымен қатар көзқарасты сақтау үшін оңтайлы дәлелдер іздеуге ықпал етеді.
Мен бұл әдісті Ынтымақ достық кепілі атты тәрбие сабағында өткізген болатынмын. Жалпы оқушылардың бұл әдіс арқылы айтылған пікірлермен механикалық түрде келісе бермей өз ойларын мен пікірлерін дәлелдей алатын қабілеттері шындалатынын байқадым. Мысалы мен өз тарбие сағатымда Situation мен Round table атты пікірталастың түрлерін пайдаланып, өткіздім. Бұл әдістің түрлері тез әрекет жасау мен қоса ұжымда бірлесе жұмыс жасауға үйретеді. Орта мектепте осы әдісті қолданудың бір ерекшелігі оқушылар берілген мәселені шешу үшін бір-бірінін пікірлерін тыңдай отырып өздерінің көзқарастарымен бөлісіп оны дәлелдеуге іс-әрекет жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет