Грамматикалық – аудармалық әдіс Бұл шет тілдерін оқыту әдістемесі оқытудың классикалық (кейде дәстүрлі деп те атайды) әдісінен алынған Ежелгі грек және Латын. Грамматикалық – аудармалық әдіс бойынша сөйлемді талдаудың ең жақсы әдісі – оны әуелі ана тілінде түсіндіріп, сөйлем мүшелерін, яғни бастауыш пен баяндауышты, толықтауышты анықтау. Әдістің екі негізгі мақсаты бар: оқушылардың оқуына мүмкіндік беру және аудару студенттердің жалпы интеллектуалды дамуын одан әрі жетілдіру үшін бастапқы тілде жазылған әдебиеттер. Ал аударма сабақтарының екі негізгі мақсаты бар. Бірі - оқушының оқуға қабілеттілігін оқылатын тілде әдебиет оқи алатын деңгейге дейін дамыту. Екіншісі - оқушылардың жалпы ақыл-ой тәрбиесін дамыту. Қазір де әдістемеге дәстүрлі тұрғыдан қарағанда грамматиаклық – аудармалық әдіс жиі кездеседі. Бұл әдіс көбінесе 7-9 сыныптар аралығынада өте ыңғайлы болып табылады. Грамматикалық ережелерді игерудің нәтижесінде тіл жаттығып, сөйлеммді дұрыс құрастыру оңайға соғады.
Мысалы мен бұл әдісті 8-сынып оқушыларында Discussion about the nature of happiness and what we commit to in the future атты сабағында қолдандым. Оқушылар такырып бойынша кітап пен жұмыс жасап, мәтін бойынша және тапсырмалар орындағанда аударма әдісін қолданған. Сонымен қатар 9 сынып оқушыларында жоспар бойынша Natural Wonders атты сабағында да өткізген болатынмын. Бұнда оқушылар берілген сөйлемдерді аударып, жаңа сөздерден әр түрлі сөйлемдер құрастырған. Бұл әдістің нәтижесін талдасақ, онда біз оқушылардың тілдік дағдыларын дамыта алатынын көре аламыз. Оқушылар ана тілінен шет тіліне немесе шет тілінен ана тілінен грамматикалық сөйлемдерді аудару арқылы өздерінің сөйлеу шеберлігін толықтырып, дамытады.
Келесі әдістің бірі fly swatter әдісі - бұл 5-7 сынып оқушыларына арналған көңілді ESL сөздік ойыны, ол оқушыларға ұзақ күннің немесе тоқсан сонында жаңа сөздерді сұраған кезде шынымен қуаттай алатын әдіс. Бұл үйренген кез келген жаңа лексиканы немесе келесі сабақтың басында Warm up өткізген кезде тағыда үй жұмысын сұрағанда қолдануға ыңғайлы болып келеді. Қазіргі кезде жаңартылған оқу бағдарламасында әр түрлі әдістерді қолдануға байланысты осы fly swatter әдісі ағылшын тілі сабағында жиі қолданылып келетін әдістердің бірі. Мысалы мен бұл әдісті 5,6,7 сынып оқушыларында өткізген болатынмын. Менің байқауым бойынша бұл әдістің ерекшелігі оқушылар бір-бірімен бәсекелестікте болады, тақтаға шыққанда тез жауап беруге тырысады, сөздік қорын молайтады. Оқушылар жан жақты дамып, тілдік дағдыларын дамытады. Мысалы осы әдістен оқушылардың айтылым мен тыңдалым дағдылары ерекше қолданыста болады.
Достарыңызбен бөлісу: |