Курстық ЖҰмыс орта мектепте ағылшын тілін тиімді оқыту жолдары. Мамандық атауы: 0111000 «Негізгі орта білім беру»



бет7/20
Дата30.03.2023
өлшемі0,62 Mb.
#173394
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
Сабур Жанар Ак-42 курссовая

«Пиктограмма» әдісі – делдалдық есте сақтаудың ерекшеліктерін және оның өнімділігін, сонымен қатар ақыл-ой әрекетінің сипатын, тұжырымдамалық ойлаудың қалыптасу деңгейін зерттейді. 5-9 сынып оқушылар аралығында тиімді пайдалануға болады. Әдістеме балалар мен ересектерді топтық және жеке емтихандарда зерттеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Пиктограммалардың көмегімен жаттау бейнелі ойлауды тарту арқылы өлеңдерді үйренуді жеңілдетеді, бұл әдетте қарапайым «қысқылаудан» гөрі ақпаратты бірнеше есе тиімді қабылдауға мүмкіндік береді[9]
Келесі әдіс аяқталмаған сөйлемдер 5-9 сыныптар аралығында өткізуге болады. Әдістеме субъектінің отбасына, өзінің немесе қарама-қарсы жыныстың өкілдеріне, жыныстық қатынасқа, жоғары лауазымды тұлғаларға және басқаларға қарым-қатынас жүйесін бір дәрежеде сипаттайтын 15 топқа бөлінген 60 аяқталмаған сөйлемді қамтиды. Алынған мәліметтерді талдау мен интерпретациялау негізінде зерттеуші зерттелушінің қоршаған ортаға, өз және келесі жыныс өкіліне, достары, ұстаздары жалпы барлық адамдарға, өз-өзіне, өз болашағына , материалды дүниеге, заңға, тәрбиеге т.б. қатынас ерекшеліктері туралы тұжырымдама жасайды. [17]
Бейнефильмдер яғни мультфильмдер көрсету. Бұл 5-7 сыныптар аралығында оқушыларға ағылшын тілін тиімді оқытуға көмектесетін әдістердін бірі. Бейнефильмдерді сабақта пайдалану жолдары: Фильмді бірнеше кадрға бөліп көрсету керек. Сабақты ой ашардан бастау. [19]
Фильмді көруге дайындық кезеңі:
а) қажетті сөздермен таныстыру; ә) болжау сұрақтар қою;
б) хабарлама жасау.
Фильмді көрсету барысында мына жайлар ескеріледі: а) негізгі идеяны анықтау;
ә) басты ақпаратты да, қосалқы ақпаратты да толық түсіну. Фильмді көріп болғаннан кейін төмендегі жұмыстар жүргізіледі: а) сұрақтар қою арқылы оқушылардың түсініктерін тексеру;
ә) сюжетті талқылау;
б) рөльдік ойындар ұйымдастыру.
Фильмді көрсету әдістер де әр түрлі. Оқушылар фильмді дауысын шығармай ды- быссыз не болмаса кинодан қажетті үзіндіні көру арқылы мұғалімнің берген тапсырма- сын орындайды.[20]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет