Курстық жұмыс Пән: «Ветеринариялық акушерлік және көбею биотехнологиясы» Тақырыбы



бет2/9
Дата04.06.2022
өлшемі254,56 Kb.
#145927
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Tservitsit Ансат

V. Пайдаланылғанәдебиеттертізімі..................................................20

Кіріспе
Қазақстан Республикасының егеменді ел болу кезеңінде, әлеуметтік экономикалық реформаны дамытуда ветеринарияның маңызы зор.
Ветеринарияның міндеті малшаруашылығының ветеринарлық тазалығын сақтау, адамдардың денсаулығын мал мен адамға ортақ аурулардан қорғау, жоғары сапалы ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және территорияны малдардың аса қауіпті ауруларының енуінен қорғау. Ауыл шаруашылығының алдында тұрған басты тапсырма – халықты әндірістік және ауылшаруашылық шикізатпен, оның әлеуметтік жағдайының деңгейін ары қарай жоғарлатуды қамтамасыз ететін өндірістің дамуы мен мал шаруашылығының барлық салаларының жан-жақты динамикалық дамуына қол жеткізу болып табылады.
Әр малдың басынан өндірілетін өнімнің шығу көрсеткішін ұлғайту және табынның өзіндік өніп-өсу дәрежесін жогарылату, малдың басын сақтап қалуға нақтылы кірісу нәтижесінде ауыл шаруашылығының деңгейін көтеру қажет.
Сонымен қатар мал шаруашылығына қажетті дәрілік заттар мен дәрумендерді қажетті жерге тез арада жеткізуді кеңейту және малдәрігерлік қызмет көрсетуді жақсарту керек.
Халық шаруашылығының экономикасында ірі қара шаруашылығы маңызды орын алады, себебі болашақта малдың тұқымдық құрамын және өсіп-өндіру технологиясын жақсартудың өзіндік үлесі зор. Жекелеген шаруашылықтарда малдың жалпы басының өсуіне және ірі қара шаруашылықтарының ары қарай дамуына сиыр малында кездесетін жатыр аурулары кедергі келтіріп келеді.
Бұл аурулардан келетін экономикалық шығын, мал шаруашылығында кездесетін көптеген жұқпалы емес аурулардан кем түспейді.
I. Әдебиетке шолу
Аналықтардың бедеулгінің алдын алу мен оларды жою шараларын үшін оны тудырып тұрған анықтау қажет. Н. М. (1978, (3) сиырлардың бедеулігінің себебін анықтау ең алдымен барлық малдардың гинекологиялық диспансерияациясын дұрыс ұйымдастырумен байланысты деп көрсетеді. Ол шаруашылықтағы жағдай мен диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін қамтиды. Бедеуліктің түрін анықтауда аналықтың гениталийін систематикалық зерттеу керек.
Гинекологиялық зерттеу анамнездік және объективті клиникалық зерттеулердің мәліметтерінен тұрады.
В.С. Шилилов (1977), В. Я. Никитин (2005) (4) бойынша, буаздық пен бедеулікті көп жылдық тәжірибе көрсеткеніндей сенімді тәсілі тік ішек арқылы тексеру. Ол жылдың кез келген мезгілінде нақты әрі тез тек қана буаздықты емес, сонымен қатар оның мерзімін, ал бедеулік кезінде жыныс мүшелерінің жағдайын анықтауға мүмкіншілік береді.
Туа пайда болған бедеулік: аналыктарды гинекологиялық тексеру кезінде олардың жатыры мен оның-мүйіздерінің көлемінің кіші болуы, аналық безлері бұршақ көлеміндей немесе олардың мөлшері қалыпты болуы дамуы да мүмкін, жатыр мойны мен жатырдың түрлі кемтарлықтары. Кейде ішкі жыныс мүшелерінің қалыпты дамуы кезінден жыныс ернінің дамымауы байқалады.
Қартая пайда болган бедеулікті анамнездік және тік арқылы зерттеу маліметтері бойынша анықтайды. Кәрі, көп төлдеген снырлардың жатыры жамбас қуысынан құрсақ қуысына түсіп кетеді.
Симптоматикалық бедеулікті тудыратын себептерді анықтау үшін ең алдымен жыныс мүшелеріндегі қабыну процесстерін жою керек.
Қынап және тік ішек арқылы тексерулер қабыну процестерін, жыныс органдарының функционалдық бұзылулары мен басқа өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет