3.2.Ауру тарихы Жануардың түрі-ірі қара мал
Тұқымы – қызыл ала
Жынысы-ұрғашы
Жасы - 6жас
Түсі- қызыл
Салмағы- 320 кг
Қоңдылығы- орташа
Иесінің мекен-жайы: Аягөз қаласы Марат шаруа қожалығы
Түскен күні: 21.04.2021
Емдеу аяқталған күні: 25.04.2021
Анамнез: Ауырғанға дейінгі анамнез (Anamnesis vitae): Аягөз қаласы Марат шаруа қожалығындағы ірі қара малы. Қазан айынан мамыр айына дейін қорада ұстауда болады. Күн сайын серуендету ауласында пассивті моцион ұсынылады. Уакытылы вакциналары салынған.
Аурудың анамнезі (Anamnesis morbi): жануар бұрын ауырған жоқ, бұрын ем жүргізілген жоқ. Клиника жұқпалы және инвазиялық аурулардан таза.
Аурудың белгілері: жатыр мойнының қабынуы
Жануарды түскен кезде зерттеу
3.3 Жалпы зерттеу Уақыты
Температурасы: 39 С;
тамыр соғысы: минутына 70 рет; тыныс алуы: минутына 21 рет;
мес қарынның жиырылуы: 2 минутта 4 рет;
Малдың түр тұлғасын анықтау.
Кеңістікте өзін-өзі ұстау қабілеті табиғи, дене құрылымы орташа, қоңдылығы орташа, конституциясы тығыз.
Көрінетін шырышты қабықтарды зерттеу.
Конъюнктивасы күңгірт-қызыл, склера бозғылт-қызғылт, мұрын мен ауыз қуысының шырышты қабығы бозғылт-қызғылт.
Теріні зерттеу.
Терісі қалың және біркелкі жүнмен жабылған, түгі жылтыр, сынғыш емес. Сарпайдың терісі қызарған, ылғалды.
Лимфа түйіндерін зерттеу.
Лимфа түйіндері
Жақ асты
Жауырынасты
Коленной складки
Желін үсті
Көлемі
Қалыпты
Ұзындығы 7-8 см
5 см
3-5 см
Формасы
Қалыпты
Сопақтау
Сопақша
Шар тәріздес
Бетті
Қалыпты
Қалыпты
Қалыпты
Нормада
Қозғалғыштығы
Нормада
Нормада
Нормада
Қалыпты
Консистенциясы
Нормада
Нормада
Нормада
Қалыпты
Нормадан ауытқу
Байқалмайды
Байқалмайды
Балқалмайды
Байқалмайды
Температурасы
Нормада
Нормада
Нормада
Нормада
Жеке жүйелерді зерттеу Жүрек-қантамыр жүйесін зерттеу.
Жүрек аймағының пальпациясы кезінде диффузды сипатындағы жеңіл тербелмелі қозғалыстар, ауырсыну.
Тыныс алу жүйесін зерттеу. Мұрынның шырышты қабығы аз мөлшерде шырышты, бөлінділерлар жоқ, түсі бозғылт-қызғылт.
Ас қорыту жүйесін зерттеу. Тәбет жақсы, қатты шөлдеген. Азықты шайнау және жұту сипаты ауырсынусыз, табиғи. Күйіс қайыру табиғи, өзгермеген.
Зәр жүйесін зерттеу. Зәр шығару кезінде жануар өз түріне тән емес қалпын қабылдайды, жиі бөледі, жиілігі тәулігіне 12 рет.
Жүйке жүйесін зерттеу.
Жануар аздап қажыған, адам жақындағанда сақтанады. Сыртқы тітіркендіргіштерге реакциясы қалыпты.
Көру органдары
Көру қабілеті бұзылмаған. Қасаң қабықжәне қарашық рефлекстері қалыпты, көз алмасының қозғалысы қалыпты.
Қозғалыс органдары
Қалпы табиғи емес, жиі жатады. Сүйегі жақсы дамыған. Аяқтар дұрыс қойылған. Буындар үлкеймеген.
Жамбасты зерттеу
Орташа өлшемді, симметриялы. Пішіні конус тәрізді. Жамбас сүйектері деформацияланбаған, сүйектердің сынуы мен қисаюы табылған жоқ.
Несеп шығару жүйесі
Зәр шығару жиі, қалпы табиғи емес, жиі, ауырсынады. Бүйрек аймағында ауырсыну жоқ. Сарпайы қызыл түсті, ауырсынады.