Курстық ЖҰмыс пәні: Педагогика Тақырыбы


Психологиялық-педагогикалық білім беру формалары



бет7/10
Дата21.02.2022
өлшемі72,65 Kb.
#132746
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Курсты Ж мыс п ні Педагогика Та ырыбы (1)
472 б йры ы бойынша жасал ан мж келесі бетте, Көк байрақты Қазақстан слайд, Т рбие ж мысыны теориясы мен дістемесі П нінен ж мыс д птері (1), «Статистика» п нінен тест тапсырмалары I – н с а. Статистикалы , 7 сынып Қазақстан тарихы, паспорт, the-way-the-british-communicate- compress (1)
2.2 Психологиялық-педагогикалық білім беру формалары

Педагогикалық білім беру-бұл бала тәрбиесінің көкейкесті мәселелерімен ата-аналарды таныстырады және оларды негізгі педагогикалық мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі.


Дәрістер-бұл бала тәрбиесінің мәні мен маңызына жан жақты терең талдау жасау. Дәрістегі ең басты көңіл бөлетін мәселе-ол белгіленген жағдайға немесе құбылысқа талдау жасау болып табылады.
Конференция-бұл бала тәрбиесі туралы терең жан-жақты қарастыру және оны бекіту.
Ата-аналарға арналған конференциялар-балабақшаның тәрбиелеу мен білім беру жүйесніде ерекше маңызды орын алады. Ата-аналарға арналған конференцияларда орын алады. Ата-аналарға арналған конференцияларда болашақ қоғамның азаматтарын тәрбиелеуді өзекті мәселелері қозғалып, оны тәжірибеде жүзеге асырудың жолдары нақты қарастырылады. Ата-ананың рөлі, бала тәрбиесіндегі қиындықтар, отбасы тәрбиесінің маңызы, т.б. тақырыптар болуы мүмкін.
Ата-аналар конференцияларына өте мұқият дайындық қажет. Мұнда белгілі ғалымдар, психологтар мен педагогтар, әлеуметтік педагог, дәрігер, т.б. міндетті түрде қатысалы. Мұндай конференцияларға ата-аналар белсенді түрде қатысулар қажет. Олар өз іс-тәжірибелері тұрғысынан мәселеге талдау жасайды. Конференцияның ерешелігі – белгілі бір мәселенің жай-жапсарын шешудің нақты жолдары қарастырылуда.
Практикумдар – ата-аналардың бала тәрбиесі жайында, педагогикалық жағдаяттардан шығуда олрды педагогикалық ойлауларын жаттықтыру.
Ашық сабақтар – ата-аналарды бағдарлама бойынша қол жеткен жетістіктермен таныстыру, тәрбиешінің талаптарына ден қоюға бағыт беру. Мұндай сабақтарға ата-аналардың қатысуға балбақшадағы оқу-тәрбие жұмыстары жайында ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттырады, баламен қарым-қатынас жасадың жолдарын үйренеді.
Жеке тақырыптық кеңестер-бұл ата-аналар мен өзінің баласы жайында, балабақша тыныс-тіршілігі туралы ақпараттармен қамтамасыз етуде, пікір алысуда маңызды. Жеке кеңестердің тәрбиешінің отбасымен тығыз байланыс орнықтыруында маңызы зор. Әсіресе, топты жаңадан жинақтағанда, мерекелік іс-шаралар қарсаңында жиі өткізіледі. Оған тәрбиеші алдын ала дайындалғаны абзал, ол үшін ата-анаға алдымен қандай сұрақтар қою керектігін ойланып, жоспарлап алғаны дұрыс. Жеке кеңестер таныстыру сипатында және ата-ана мен тәрбиешінің арасында тығыз байланыс орнықтыратындай бағытта болуы шарт. Тәрбиеші ата-аналарды өзінің кәсіби жұмысындағы төмендегідей маңызды мәліметтермен таныстыру мүмкін:

  • Баланың денсаулығының ерекшеліктері;

  • Оның қызығушылығы мен іс-әрекетіндегі жетістіктері;

  • Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті;

  • Мінез-құлқындағы эмоционалдық әсерленуі;

  • Мінез сипатынын ерекшелігі;

  • Ойын іс-әрекетіндегі белсенділігі;

  • Құбылыстармен қарым-қатынас ерешеліктері, т.б.

Үйге бару – мұнда тәрбиешінің ата-аналармен жеке жұмысы және баланың отбасындағы жағдаймен танысу.
Ата –аналар жиналысы- тәрбиелеу мен білім беру жұмыстарына талдау жасау және тәжірибені педагогика ғылыми негізінде ой елегінен өткізу.
Жалпы ата-аналар жиналыс-жылына екі рет өткізіледі.
Мақсаты балабақшаның нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстыру, балабақша жұмысының негізгі бағыттары, міндеттері мен қортындысын таныстыру. Жалпы жиналыстың тақырыбы негізінен жаңа оқу жылының барысы мен қортынды есебі сипатында болады. Онда балабақша меңгерушісі, әдіскер, тәрбиешілер, дәрігер және ата-аналар комитеті төрағасы сөз сөйлейді, есебі тыңдалады. Еңбек нәтижелері мен жетістіктері, кемшіліктері айтылып, оны жоюдың жолдары қарастырылады.
Ата-аналар оқулары – бұл бала тәрбиесі жайында ата-аналармен өткізілетін өте қызықты жұмыс түрінің бірі. Мұнда олар тек қана педагог, психологтарды тыңдап қана қоймайды, өздері алуан түрлі әдебиеттермен танысып, оқып-үйреніп, оны талдауға қатысады. Оны ұйымдастырудың жолдары: біріншіден, оқу жылының басында, алғашқы ата-аналар жиналысында оларды толғандыратын педагогикалық-психологиялық проблемаларды анықтап алады. Ол туралы тәрбиеші арнайы ақпараттар жинайды және оған талдау жасайды. Әдіскердің көмегімен әдебиеттер таңдап, оны ата-аналарға оқу ұсынылады. Олар пайдаланған әдебиеттері бойынша алға қойған мәселелердің шешу жолдарын айтып баяндайды, пікір бөліседі. Тәрбиешімен ой бөліседі. Таңдалатын тақырып қызықты әрі барлық ата аналарға ортақ, толғандыратын, тартымды болғаны тиімді болмақ.
Ата-аналар кештері-мұндай кештер ата-аналар ұжымын біріктіруге, береке-бірлікке шақырады. Ол жылына бір-екі рет өткізілуі мүмкін, мұнда балалар қатыспайды. Ата-аналар кештерінің маңызы – ең бастысы, пікірлеседі, балаларының өмірлік маңызды мәселелерін талқылайды. Ата-аналар ең негізгі мәселе ретінде бір-бірін тыңдауға, өз тыңдай білуге ішкі жан-дүниесімен бөлісе білуге үйренеді.
Ата-аналармен жүргізілетін тренингтер-бұл ата-аналардың өз балаларына деген мінез-құлқын, қарым-қатынасын өзгертуге ықпал ететін жұмыс түрі. Тренингтерге 12-15 ата-ана қатыса алады. Тренингке ата-аналар тұрақты түрде және белсенді қатынасқанда нәтижелі болады. Оның нәтижесіне жету үшін 5-8 рет өткізу тиімді. Ол негізінен балабақша психологымен бірлескен жұмыс жоспары жағдайында өткізіледі. Тренингтерді төмендегі тақырыптарда өткізу ұсынылады: «Менің сүйікті ойыншығым», «Менің сүйікті кейіпкерім», «Балалар ойын», «Балалықты еске алу», «Менің отбасым туралы бейне көрініс», «Компьютердің пайдасы мен зияны», т.б.
Қорыта келе, тәрбиешінің қызметі мен міндеттерін анықтап, тәрбиешінің жеке басына қойылатын талаптарға тоқталдық. Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі және қызметінің ерекшелігі айтылып, тәрбиешінің балабақшада оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасын басшылыққа алып жұмыс жүргізу жолдары қарастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет