Курстық ЖҰмыс пәні: Педагогика Тақырыбы


ІІ БӨЛІМ. ТӘРБИЕШІНІҢ БАЛА ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ.......................19



бет2/10
Дата21.02.2022
өлшемі72,65 Kb.
#132746
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Курсты Ж мыс п ні Педагогика Та ырыбы (1)
472 б йры ы бойынша жасал ан мж келесі бетте, Көк байрақты Қазақстан слайд, Т рбие ж мысыны теориясы мен дістемесі П нінен ж мыс д птері (1), «Статистика» п нінен тест тапсырмалары I – н с а. Статистикалы , 7 сынып Қазақстан тарихы, паспорт, the-way-the-british-communicate- compress (1)
ІІ БӨЛІМ. ТӘРБИЕШІНІҢ БАЛА ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ.......................19
2.1 Тәрбиеші еңбегінің бала тәрбиесіндегі маңызы...........................................19
2.2 Психологиялық-педагогикалық білім беру формалары..............................25
2.3 Баланың жеке басын қалыптастырудағы тәрбиешінің рөлі........................28
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................33




КІРІСПЕ

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» - деп ұлы шығыс ғалымы, ғұлама - философ Әбу Насыр Әл – Фараби бекерден айтпаған болса керек.


Тәрбие – күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан да біз тәрбиені шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білеміз. Тәрбие, сонымен бірге педагогикалық әрекетте
- мәдени құбылыс;
- педагогикалық ықпал ету;
- балалардың әрекетін ұйымдастыру;
- қарым – қатынас құралы ретінде жан – жақты қарастырылады.
Тәрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:
- әлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тәжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тәжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дәлірек айтсақ: адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тәсілдері, құқықтық, адамгершілік және т.б. нормалар.
- педагогикалық мағынада – бұл тәрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс - әрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс.
Тәрбие қоғамдық талаптарға сәйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тәрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық - әрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге әлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да әсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.
Қазіргі заман тәрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның әлеуметтік – мәдени (өмір және әрекет – қылық кейпін таңдау және іске асыру), даралықты (тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкершілікті қатынас (құндылықтар таңдау) бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тәрбие технологиялық икемшілдігіменен (адамның қабылдау және психологиялық даму заңдылықтарына сай орындалады), көңіл – күйге сәйкестігімен (көңіл – күй тәжірибесін қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз меншікті тәжірибесін құрастыру үшін), жағдайға қарай орындалуымен (негізгі құралы – тәрбиелік жағдай), болашақта бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады) ерекшеленеді.
Сонымен, тәрбие – бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты әрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған әлеуметтік процесс.
Тәрбие әдістері – тәрбие процесінің маңызды әрі өте күрделі құрамдас бөлігі. Себебі, тәрбиенің мақсат пен міндеттеріне сай оның мазмұны тек әдістерді қолдану барысында жүзеге асады. Тәрбие әдістерінің көздейтін мақсаты тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, соның негізінде олардың әрекеттерін ұйымдастыру.
Қазіргі кездегі педагогика ғылымының дамуы, қазіргі педагогикадағы тәрбиенің жаңа әдістерімен тәрбие құрал – жабдықтары, формалары. Оларды топтастыру және тиімді пайдалану жолдары.
Бұл еңбекті жоғары және арнаулы кәсіби білім беру педагогикалық оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына, мектептің тәрбие жұмысын ұйымдастырушылары мен сынып жетекшілеріне қолдануға болады.
Тәрбие-педагогикалық процесте өте маңызды, әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін құрамдас бөлігі екендігі мәлім. Олай болса, оқушылардың сабақтан тыс уақытын тиімді ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың нәтижесін арттыру одан да күрделі мәселе. Мектеп жайында бұл жауапты мәселені жүзеге асыру сынып жетекшілеріне жүктеледі. Оның нәтижелі ұйымдастырылуы, сынып жетекшілерінің педагогикалық білім дәрежесінің сапасы мен педагогтік шеберлігіне байланысты болып келеді. Оған мектептің педагогикалық ұжымы мен балалардың ата-аналарын, тіпті жұртшылықты тарта білу қабілеттерін игерудің де маңызы ерекше. А.С. Макаренко ұстаздарға қажетті мұндай қасиеттерді өнер деп бағалаған. Сондықтанда осы пәнде тәрбие теориясының мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын жүзеге асыруға бағытталған сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының ұйымдастыру формалары мен әдістері топтамасы қатар қарастырылған. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет. Бәрімізге белгілі, біздің қоғам аса күрделі жағдайларды бастан кешірді. Өтпелі кезеңге тән өмірдің ауыртпалықтарын ешкім жоққа шығара алмайды. Бірақ адам қандай жағдайда да өзінің биік адамгершілік сипаттарын, кісілік қасиеттерін сақтап қалуға тиіс. Тәрбиенің осы жақтарын қазақ жастарының санасына кішкентайынан терең енгізу қажет. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да мектеп оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу және олардың ақыл – ойын айқындау басты міндет екендігі айтылған. Олай болса, қоғам болашағы- жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой, сана-сезім қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құру қажет. Осы орайда, «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет