2. Сценарийдің негіздері мен ерекшеліктері
2.1.Сценарийлік блоктар
О.М. Марков Мәдени-тынығу жұмысы сценарийінің мәні, оның нақты практикалық міндеттерді шешудегі педагогикалық ықпалдың көркем бағдарламасы - деген айқындама береді. Оның пікірінше сценарийде екі көркемдік және педагогикалық міндеттерді шешу көзделген, яғни - сценарий - әсер ету нысанына педагогикалық, идеологиялық ықпалды қамтитын күрделі процесс[3,б.11].
Сценарийлерге берілген осындай анықтамалардан, біз мәдени-тынығу саласындағы сценарийді - бүл тәрбие нысанына әсер етуді жоспарлаудың күрделі педагогикалық, идеологиялық, ақпараттық, көркемдік-эстетикалық т.б. жақтарынан процесс екендігін көріп, оның төмендегідей бағдарларын белгілеуімізге болады.
Үгіт – насихаттық бағдары. Сценарийде қамтылған, қаралған мәселелердің өзектілігі мен терең зерттелінуі, оның дер кезінде көтерілуі, былайынша айтқанда «әлеуметтік тапсырыстыңң қаншалықты дәрежеде орындалганымен есептелінеді.
Көркемдік. Сценарийдің салмағын айқындағанда біз оның көркем- эстетикалық тұсын, яғни оның мазмүнының әдеби - текст негізін айтамыз.
Педагогикалық. Сценарийдің аудиторияға тәрбиелік ықпалының мүмкіндіктерін қарастырамыз.
Ұйымдастырушылық. Сценарий бұл жерде іс-шараның драматургиялық құрылымның түрі ретінде ғана емес, сонымен қатар ол осы кешті ұйымдастыруға қатысты каржы сметасын жасауға, костюм,бутафорлармен және т.б. заттар алуға қажетті ресми құжат болып саналады[2,б.26].
Сценарийдің ең негізгі мәнін айқындай отырып, оның белгілі бір әлеуметтік тапсырысқа сай туындалған, іс-шара мазмүнынын әдеби-сахналық негізін қарастыратын, оның әр түрлі сахналық алаңдарда өтетін әрекеттерді жүйелі түрде қарастыратын драматургиялык формасын анықтаймыз. Бұл ретте сценарийді бірнеше блоктарға бөлеміз.
Блок. Автордан. Бірінші сценарийлік блок – автордан немесе авторлардан мұның үлкен мәні бар, себебі мұнда өткізілетін іс-шараның тақырыбы, басты мақсаты, қолданылатын мәнерлілік құралдары, сондай-ақ құрылымы және тағы басқалары қарастырылады.Кештің, бағдарламаның басталмас бұрынғы әрекеттерге сипаттама беруі, жүргізушінің болуы. Сценарийге енетін материалдарды идеяға бағындыру. Оларды монтаж арқылы байланыстырып, идеяны жеткізу. Көрерменге идеяны жеткізіп, сезімді ояту мақсатында композициялық құрылымды қатаң сақтау бұқаралық мерекелер мен мәдени іс-шаралар сценарий ережесіне кіреді.
2. Блок. Өтетін оқиғалардың рет - ретімен жазылуы. Ойын-сауық баста-
14
лғанға дейінгі мектеп, мәдениет мекемелері фойэсі мен бөлмелердегі,залдағы эрекеттердің ерекшелігі мен ретін кең көлемде жазу. Бұл жерде әртүрлі кездесулер, көрме және т.б. жатқызуға болады.
3. Блок. Үшінші, сценарийлік блок - көрермендер залындағы сахналық әрекеттердің дамуы. Бұл жерде сценарист кешке арнайы шақырылған қонақтардың да залға арнап айтар сөзінің жобасын, арнау әңгімелердің желісін қарастыруы қажет, сонымен қатар монолог, диолог, өлең және қара сөздерді іріктейді, музыка, жарық, шуларды жэне т.б. мәнерлілік
құралдарын пайдаланудың сипаты, уақытын белгілейді.
4. Блок. Өтетін оқиғалардың уақыт пен кеңістікте қандай ретпен өтетіндігін,
оның ерекшеліктерін, қамти отырып, басынан бастап аяғына дейін кең көлемде жазу.[4]
Сценарий сонымен қатар:
- іс-шара өтетін орынды: кіре беріс, вестибюль, фойэ, сахна және
көрермендер залын безендіруге қатысты мәселелерді;
- жарнама, шақыру билеті; хабарландырудың үлгі жобасын қамтиды. Мәдени тынығу маманының мақсаты - сценариді құру барысында қазіргі кезеңдегі адамдардың өмірін кейпін, көрермендердің көңіл-күйін көтеру мерекенің кейіпкерлеріне деген қызығушылығын, олардың сыйластығын арттыру. Сахнада болып жатқан оқиғаларға көңіл бөлуін талап ету, сол арқылы сана –сезімін қазіргі заманға деген білімін арттырып, оны түсінуге, ойлануға, және нақты шешімге қабылдауға, ойлауға ынталандыру. Мерекенің басты кезеңі сценарий құруда т.б. нақты әдеби мазмұны бар жұмыс түрі.
Сценарий әдеби - сахналық форма ретінде өзіндік ерекшеліктеріне, оның кең көлемде суреттеліп жазылатындығын айтуға болады, яғни сценарийде ремаркалардың алатын орны ерекше. Ремарка франц.геmorcio белгі, таңба-бұл жазылған сценарийдің сахнада сапалы түрде қою мақсатында сценарий текстеріне берілетін түсіндірме. Оның үш түрі бар:
Эпикалық – сахналық. алаңда болып жатқан әрекеттерге қатысты; бейнелік-пластикалық, музыкалық әрекеттерді ашу үшін берілетін түсіндірме;
Қызметтілік – әртүрлі атрибуттарға, әрекет орындарын безендіруге қатысты жазылады. Сценарийлерде ремаркаларда диалог пен монологқа
карағанда көп орын берілуі мүмкін, өйткені ол көмекші қоюшыға түсіндірме ғана емес театрландырылған әрекеттің кеңістік пен уақыт негізінде мәнін ашуға септігін тигізеді.
Авторлық ремарка – іс-шараның мазмұны мен идеялық бағытын айқындай отырып, ол автордың азаматтық көзқарасын да айқындайды.
Сценарийдің екінші бір ерекшелігі ретінде оның өздігінше қалыптасқан әдеби – сахналық форма екендігін айтуымызға болады. Оның өзіндігі бұрын белгілі - бір жерде қолданылған өнер туындыларын немесе одан үзінділер сілтеме жасай отырылып, өзінің екінші тынысын ашқандай
15
болады, және де сценарийде кейбір материалдарды жергілікті жерлердегі жағдайларға байланысты өзгертуге, оған басқаша өң мазмұн-беруге болады. Сценарийде осындай суырып - салмалық, өндей беруге болатын ерекшелігі кей кездерде де әрекеттерге серпін бере серіппе ретінде де қалып қоюы мүмкін. Сондықтан да күрделі эпизодтарға қосымша варианттар ұсыну да артықшылық етпейді, яғни клубтық сценарий әрекеттің даму негізін және ондағы өзгерістердің болуы мүмкіндігін де қарастырады. Соңында, іс-шараның әртүрлі сахналық кеңістіктерінде өтуіне байланысты сценарийде кіре берістен бастап фойэ, бөлме, егер оқиға өтсе, көрермен залы, сахнада өтетін әрекеттердің барлығы да толық жазылады.[4]
Енді іс-шара сценарийімен жұмыс істеу әдістемесін қарастырайық. Іс-шара бағдарламасымен жұмыс істеу процесі барысында сценаристке көптеген шығармашылық міндеттерді шешуге тура келеді. Шығармашылықтық процесс субъективті болғандықтан осы шығармашылықтық міндеттер қандай жүйеде шешілгендігіне қарамастан, нәтижесінде бағдарлама: барынша ойын-сауықтық, бағалы, танып білер мазмұнға бай аудиторияны белсенді әрекетке тартатындай болуы шарт.
Сонымен қатар, сценарий жазу кез-келген шығармашылықтық процесс секілді біршама заңдылықтарға бағынады, бұл заңдылықтарға сүйену сценарийдің әдеби негізін сауатты түрде кұрастыруда маңызы зор.
16
Достарыңызбен бөлісу: |