Зерттеу жұмысының әдістері: Ғылыми әдебиеттермен жұмыс, бақылау, талдау жинақтау.
Курстық жұмыстың зерттеу кезеңдері:
1. Тақырып таңдап алу, сол бойынша іздену.
2. Бекітілген тақырыпқа байланысты материал жинақтап, жұмыстың жоспарын құру.
3. Жоспарға сәйкес курстық жұмыстың ІІ тараудан жазу.
4.Диплом алдындағы тәжірибе жинақтау, курстық жұмыстың практикалық бөлімін жазып, жұмысты аяқтау және қорғау.
1.1.Бастауыш сыныпта жалғаулардың оқытылу жолдары
Оқушылар ең алғаш жалғау тақырыбын екінші сыныпта танысады. Сыныпта жалғау тақырыбына 4 сағат берілген. Бірінші сағатында жалғау дегеніміз не? ережесімен танысады.
Сөздің мағынасын өзгертпей түбірге жалғанатын қосымшаны жалғау дейміз.
Жалғау сөз бен сөзді байланыстырады
Жалғаудың
белгісі
2 сыныптың бірінші сағатына берілген жаттығулар:
1-жаттығу. Мақалдарды жатқа жаз. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тап. Қандай айырмашылығы бар?
Ағаның үйі – ақ жайлау.
Ағаны көріп іні өсер.
2-жаттығу. Берілген сөздердің түбірі мен жалғауын тауып, белгіле.
Тоғайда, жұлдыздар, алманы, сәбізде, ағаштың, арыстанмен.
3-жаттығу. Сөздерге тиісті жалғауларды қосып, сөйлем құрастырып жаз. 1.Айгүл, іні, мектеп, бар.
2.Гүлшат, аға, жарыс, қатыс.
3.Болат, әке, Астана, кел.
4-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап. –
Күндіз тыным бермейді,
Түнде көзі көрмейді,
Көкке қарап су ішіп,
Жерге қарап жем жейді.
Қанаты бар ұшпайды,
Талға қонып ұйықтайды.
Төбесіндегі айдары,
Қызыл бантиктен аумайды.
Бұл не?..Айтшы тауып,-Бұл кәдімгі ... .
Қарамен жазылған сөздерді теріп жаз, түбірі мен жалғауын белгіле.
5-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Дайын ас.
Суда балықтар үйірімен жүр.Шоршып су бетіне де шығады. Алабұғаның шабағы биікке секіреді. Жоғары көтеріледі. Кенет су жағасындағы топыраққа шығып кетті. Денесін шаң басты. Суға жете алмады. Сол кезде шағала келіп, дайын асты іліп әкетті.Жалғауы бар сөздерді тауып, көшіріп жаз.
Достарыңызбен бөлісу: |