Курстық ЖҰмыс тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда қазақ тіліндегі жалғауларды оқытудың тиімді жолдары»


Менің кітабым Біздің кітаптарымыз



бет6/12
Дата14.05.2024
өлшемі2,78 Mb.
#202181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
177385.pptx

Менің кітабым Біздің кітаптарымыз
Сенің кітабың Сендердің кітаптарың
Сіздің кітабыңыз Сіздердің кітаптарыңыз
Оның кітабы Олардың кітаптары
Сонымен қатар, ІІ жақта қолданылатын тәуелдік жалғауының анайы және сыпайы түрлерінің болатындығы туралы да оқушыларға көрнекі түрде салыстырып түсіндірген жөн.
анайы түрі сыпайы түрі
ІІ жақ (сенің) қарындашың (сіздің) қарындашыңыз
(сенің) үйің (сіздің) үйіңіз
2-тапсырма. Сұраққа ойланып жауап беріңіз.Көптік жалғаулардан кейін басқа жалғаулар ретімен жалғана береді, ал басқа жалғаудан соң көптік жалғауы жалғана ма? Жалғанса, қай жалғаудан соң жалғанады? Бір сөзге екі көптік, екі тәуелдік немесе екі септік, екі жіктік жалғаулары жалғана ма? Жалғаулардан соң жұрнақ жалғанған сөздер ойлаңыз. Ондай сөздер көп пе?Септік жалғаулары жалғанбайтын сөздер бар ма? Мысал келтіріңіз.Қай сөз табына жұрнақ жалғанбайды? Мысал келтіріңіз.Жіктік жалғауының ІІІ жағы қай сөз таптарына жалғанбайды, қай сөз таптарына жалғанады?Бір аттас жалғаулар түбірге бірінен соң бірі жалғана ала ма? (септік- септік немесе жіктік-жіктік т.б.)
1-тапсырма. Септік жалғаулы сөздерді теріп жазып, олардың қайсысы қай септеудегі сөз екенін тауып, жалғауын түсіндіріңіздер.Апама жездем сай. (мәтел.)Досыңа достық – қарыз іс,Дұшпаныңа әділ бол. (Абай.)Желкен жерінде көгерер,Ер елінде көгерер. (мақал.)4. Отанын сатқан оңбас. (мақал.)5. Арғын, найман жиылса,Таңырқаған сөзіме.6. Сырмақ қып астынаБайының тоқымын,Отының басынаТөрінің қоқымынҚоқсытып келтірді. (Абай.)
2.1 Жалғауларды оқытуға арналған тиімді жаттығулар мен тапсырмалар
ІІ - тарау МЕКТЕПТЕ ЖАЛҒАУЛЫ СӨЗДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
4-тапсырма. Жақша ішіндегі сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Сіз кімнің әндерін тыңдайсыз? (қазақтың жас композиторы). Кімнің романын оқыдыңыз? (белгілі қазақ жазушысы). Кімнің мақаласын аудардыңыз? (белгілі қазақ жазушысы). Кімдердің көрмесі ашылды? (жас суретшілер). Кімнің өлеңдерін аудардыңыз (жас қазақ ақындары).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет