Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Орындаған: 4 «а»ҚМҚ тобы Мухамбеткереева А. А жетекшісі: Нұрашева Г. С. Орал 2019 мазмұНЫ



бет15/16
Дата20.05.2024
өлшемі276,56 Kb.
#202598
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Курсовой
Озат мұғалім, матем 2 кітап, курсовой антиплагиат 2, курсовой антиплагиат, 9 мамыр Жеңіс күні тәрбие сағаты, Снимок экрана 2024—04—03 в 16.19.55, 098660d3-8dd5-457f-8101-aaa51b5f89db, қмж, 44f2e2ae-0fbd-4c16-9f80-e321bdbb3915, 5221e9ae-c37e-4cc7-8834-c549fff71318, 99f2451b-9a25-422d-9bd5-12d788407966, УМК ПЕД МАСТЕРСТВО новый

Қорытынды


Қазақ халқының ұлттық-мәдени қайта өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақты, ұлттық рухани қайта өркендеу негіздерін қалыптастыратын халық дәстүрлерінде тәрбиелеудің заңды, обьективті қажеттігі арта түседі. Мұндай жағдайда жеткіншек ұрпақты өз халқының қазынасымен, оның ұлттық мәдениетімен, әдет-ғұрыпы, дәстүрлерімен неғұрлым тереңірек таныстыру қажеттігін тудырады. Өйткені мұндай негіздерді білмей,өз халқының ұлттық ерекшеліктерін сезінбей, басқа халықтың өзіне тән белгісін толық түсіну мүмкін емес екені мәлім. Халықтың әрбірінің тәрбиелеу мен оқыту саласында өз жетістіктері мен табыстары да, сондай-ақ олқылықтары да бар. Бұл арада ең маңыздысы мынау: әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз отанына бар жан тәнімен берілген азаматы болу керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттың әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көптен көмектеседі, солар арқылы ол жалпы адамзаттық әлемге аяқ басып, өз халқының игілігін басқа халықтарға жақында түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезімен өткенің талаптары, обьективті факторлар негізінде жеткіншек ұрпақты өмірге даярлап, оны жинақталған тәжірибе: негізінде тәрбиелей отырып өзінің атабабаларының тәжірибесін игере түсуі керек.
Тәрбиенің қалыптасып, дамуына қазақтың ауызекі поэтикалық және музыкалық шығармашылығы (мақал-мәтелдер, ертегі, аңыз әңгімелер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, эпос, жыр, терме, айтыс, ән-күйлер) орасан зор рөл атқарды және атқарып та отыр.Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болған оның таңдамалы үлгілері өскелең ұрпақты тәрбиелеудің таптырмас құралына айналды. Бір сөзбен айтқанда, қазақтар өмірінде балаларды, тәрбиелеуге жәрдемдесетін белгілі дәстүрлер қалыптасқан:олар балалардың музыкалық ойын-сауықтары ( санамақ, қаламақ, және т.б.), бала дүниеге келуін, белгілі бір жасқа толуын мерекелеу (шілдехана, туған күн, бесік жыры), алғаш қадамына сәттілік тілеу (тұсау кесу), сүндетке отырғызу, алғаш рет ат жалын тартып мінуі (тоқымқағар), жарысқа, күреске түсуі, той жоралғысы(«Той бастар», «Жаржар», «Берашар», «Сыңсу», «Қыз ұзату»), және т.б. осы дәстүрлердің әрқайсысы тәрбиенің өзінше бір әдіс-тәсілі ретінде қызмет етті. Міне, осы құндылықтарды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді де орынды қолдану арқылы ұлтжанды, патриот, адамгершілік қасиеттері жоғары тұлға қалыптастыра аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет