202595
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ
МАТЕМАТИКАНЫ
ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
ББК 74.262.21
Б 0-78
Пікір жазғандар:
Баймуханов Б.Б. - педагогикағылымдарының докторы,
профессор;
Құрмет Қ. - педагогика ғылымдарының докторы,
профессор;
Қосанов Б.М. - педагогикағылымдарының кандидаты;
Ермекбаева А.Е. - педагогикапәнінің оқытушысы,
әдіскер
Б 0-78 Т.Қ. Оспанов, Ш.Х. Құрманалина, С.Қ. Құрманалина
Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі:
Оқулық.
- Астана: Фолиант, 2007. - 468-бет.
І8ВХ 9965-35-131-7
Үсынылып отырған оқулық 1314002 “Бастауыш сынып-
та оқыту” мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының
Мемлекетттік Ж алпыға міндетті білім беру стандартына
сәйкес педагогикалық колледж оқушыларына және бас-
тауыш мектеп мұғалімдеріне арналған. Бұл оқулықта бас-
тауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі, мектеп-
те математиканы оқытудың теориялық негіздері, болашақ
бастауыш сынып мұғалімін дайындаудың педагогикалық әдіс-
тері және оқушылар білімін тексеруге арналған тест тапсыр-
малары берілген.
4306010500
ББК 74.262.21
Б 00(05)-07
© Оспанов Т .Қ ., Қ ұрманалина Ш .Х.
Қ ұрманалина С.Қ., 2007
© «Фолиант» баспасы, 2007
І8ВХ 9965-35-131-7
АЛҒЫ СӨЗ
Қ азақстан дербес мемлекет ретінде тәуелсіздігін алғаннан
бері ңоғам дамуының қазіргі талаптары нан туындап отырған
міндет пен мақсаттарға орай өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие
беру мәселесін ж ан-ж ақты ж етілдіру қаж ет болып отыр.
Әрине, бұл білім беру жүйесінің барлық буындарына, соның
ішінде бастауыш буынға, зор ж ауапкерш ілік ж үктейді. Өйткені,
білім мен тәлім-тәрбиенің негізі бастауыш мектепте қаланады.
Осы бағытта біршама шаралар жүзеге асырылуда. Атап айт-
қанда: бастауыш мектепте оқытылатын пәндерден ж аңа мемле-
кеттік стандарт, бағдарламалар жасалып, соларға сәйкес төлту-
ма о қ у -әд істем ел ік кеш ендер ж а зы л д ы , д ем ек, оқу-тәрбие
процесін үиымдастырудың ж аңа жүиесі мектептердің тәжіри-
бесіне енгізілуде, яғни педагогикалық ғылымның озық идеяла-
ры мен ж инақталған тәжірибелердің нәтижелері ж аң а жағдай-
ларда өзінің қолданысын тауып отыр.
Осындай күрделі мәселенің дүрыс шешілуі ұстаздардың тео-
риялық білімінің және кәсіби мамандығының деңгейіне тәуелді.
Сондықтан, оқушыларға тек қана білім берумен шектеліп қалмай,
қазіргі заман талабына сай тәлім-тәрбие беретін, яғни халқымыз-
дың тарихын, мәдениетін, салт-санасын, әдет-ғұрпы мен педаго-
гикасын зерделеп, оқушылардың ой-өрісін, қабілетін жан-жақты
дамытуға толық мүмкіндік туғызатындай дайындығы бар маман-
дар дайындаудың қажеттігін ескеруге тура келеді.
Б астауы ш м ек теп тің осы ндай т а л а п қ а сай м үғал ім дерін
дайындау педагогикалы қ, гум анитарлы қ колледж дердің үле-
сіне тиюде. Осы оқу орындарының әрқайсы сы ны ң өзіндік ерек-
ш еліктері болғанымен, бастауыш мектептің болаш ақ мүғалім-
дерін дайы ндауға қаты сты алғанда, ортақ міндетті ш еш уіне
тура келеді, яғни кәсіби м ам анды ққа қаж етті білім, білік және
дағдылармен ж ан-ж ақты қаруландыру мақсатын көздейді. Осы-
ған орай “Бастауы ш мектепте м атем атиканы оқы туды ң әдіс-
темесі” атты курс оқы ты лы п, үйретіледі.
“М атематиканы оқыту әдістемесі” - психология, педагоги-
ка, матем атиканы ң бастауыш курсы ны ң теориялы қ негіздері
пәндерімен тығыз байланысты.
3
Бұл курсты ж алпы алғанда, математиканы оқытудың заң-
ды лықтарын зерттейтін педагогиканың бір бөлімі немесе тар-
мағы деп түсінген жөн. Өйткені мұнда алдымен ңоғамның қойып
отырған талаптары мен мақсаттарынан туындайтын мынадай
үш сұраққа ж ауап беріледі:
1. М атематиканы не үш ін оқытамыз?
2. М атематикада нені оқытамыз?
3. М атематиканы қалай оқытамыз?
Осы сұрақтардың шешімі оқытудың қандай да бір психоло-
гиялы қ және педагогикалық тұж ы рымдамаларына негізделеді.
Сондықтан бұл пән психология және педагогика ғылымдары-
мен ты ғы з байланы сты , өй ткен і м атем ати к а курсы н құру,
оқыту әдістемесін таңдап алу, оқыту мақсаттары мен міндет-
терін белгілеу және т.б. мәселелер психология мен педагогика
ғылымдары на сүйенеді. Сондай-ақ осы саладағы ж аңа заңды-
лы қтар пәнді оқытудың әдістемесінде өзіндік шешімін табады
және керісінш е дербес әдістеменің қорытындылары ж алпы заң-
ды лықтарды тұжырымдауға себепші болады және әр алуан бол-
ж ам ж асауды ң негізінде алынады.
Бұл курс математика ғылымымен, яғни осы уақы тқа дейін
оңытылып-үйретілген, математиканың бастауыш курсының те-
ориялық негіздерімен тығыз байланысты. Өйткені, біріншіден,
мектепте қарастырылатын математикалық білімнің мазмұнын
таңдап алу, математика дамуының деңгейіне сәйкес анықтала-
ды, ал екіншіден, оқытудың әдістемесі білімнің мазмұнына орай
іріктеледі, сондай-ақ математикалың түсініктер мен ұғымдар-
дың мән-мағынасын және мазмұнын жете түсіну, оларды тәжіри-
беде ш ығармаш ылықпен қолдануға мүмкіндік туғызады.
Бұл курста бастауыш мектепте оқытылатын басқа да пәндер-
д ің (қ азақ тілі, еңбекке баулу, бейнелеу өнері, т.б.)әдістемелері-
мен ортақ көптеген мәселелердің барын да ескеру жөн, яғни пән-
аралы қ байланысты дұрыс жұзеге асырудың мүмкіндігімен са-
насу керек.
Бұл курста қарастыры латы н әрбір нақты әдістемелік мәсе-
лелерден п ед агоги калы қ, п си хологи ялы қ заң д ы л ы қ тар д ы ң
өзіндік көрінісін байқап отыруға және керісінш е соны ж алпы
қағидаларға сүйеніп негіздеуге баса көңіл аударылады. Деген-
мен курста ж алпы педагогикалы қ мәселемен салыстырғанда,
4
жекелеген дербес әдістемелік сұраңтар ңарастырылады, яғни
пәннің өзіндік ерекшеліктерінен туындайтын арнайы мәселе-
лер, дербес заңдылыңтар мен қағидалар үйретіледі. Демек, бұл
курстың психология және педагогика пәндерінің зерттеулері-
нен өзге, тек қана математиканы оңытуға ңатысты өзіндік зерт-
теу аймағы бар.
Бұл пән психология және жалпы дидактикалы қ тұжырымда-
малардың негізінде дамиды және соларды бастауыш сыныптар-
дың математикасын оқыту әдістемесінде пайдаланудың техно-
логиясын көрсетіп береді. Сондыңтан да бастауыш сыныптарда
м атем атиканы оңыту процесінің ж әне оның ңұрамды бөлік-
терінің өзіндік ерекшеліктерін айқындайды. Демек мұнда:
• математиканы оқытудың маңсаты тұж ырымдалады;
• кімді оңытатынымыз негізделеді, яғни бастауыш буындағы
оқушылардың жас және психологиялың ерекшеліктері зерттеледі;
• оқытудың мазмұны аныңталады ж әне оны ңарастырудың
тәртібі негізделеді;
• оқытудың әдіс-тәсілдері іріктеледі;
• оқытудың құрал-жабдығының түрлері ұсынылады;
• оқытуды ұйымдастыру түрлері айңындалады;
• оқытудың нәтижелері және олардың наңты деңгейінің қан-
дай болу керектігі аныңталады.
Осы аталған мәселелердің өзара байланысы және олардың бір-
бірімен әсерлесуі математиканы оқытудың әдістемелік жүйесін
ңұрайды. Сонымен бұл пәннің міндеті - педагогика, психоло-
гия, математика пәндерінен алған білімнің, білік ясәне дағды-
ларды ң көлем іне ж әне деңгейіне сүйене оты ры п, бастауыш
мектептің математика бағдарламасы межесіне сай аныңталған
мәселелердің м азмұны н оңытуды ш ы ғарм аш ы лы қпен шеше
алаты н мамандар дайындау. Қ азақстан Республикасы ндағы
білім беру ж үйесінің одан әрі ж етілдірілуіне орай тәжірибе ен-
гізіліп отырған бастауыш сыныптарға арналған төлтума бағдар-
лам а ж әне оңу-әдістемелік ж и ы н ты қты ң ерекш еліктерін ес-
керіп, м атем атиканы бастауыш буында оңы туды ң м аңсаты ,
мазымұны, әдіс-тәсілдері, құралдары және жұмыстың түрлері
туралы болашаң мұғалімдерге қаж етті теориялы қ ж әне прак-
ти калы қ білім, білік ж әне дағды лардың жүйесін игеру - бұл
курстың басты маңсаты болып табылады.
5
Бұл курсты оңып- үйрену дәрістер жүйесі, практикалы қ және
семинар сабақтар, зертханалық сабақтар, педагогикалық практи-
калар арқылы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |