Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Орындаған: 4 «а»ҚМҚ тобы Мухамбеткереева А. А жетекшісі: Нұрашева Г. С. Орал 2019 мазмұНЫ



бет1/16
Дата20.05.2024
өлшемі276,56 Kb.
#202598
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Курсовой
Озат мұғалім, матем 2 кітап, курсовой антиплагиат 2, курсовой антиплагиат, 9 мамыр Жеңіс күні тәрбие сағаты, Снимок экрана 2024—04—03 в 16.19.55, 098660d3-8dd5-457f-8101-aaa51b5f89db, қмж, 44f2e2ae-0fbd-4c16-9f80-e321bdbb3915, 5221e9ae-c37e-4cc7-8834-c549fff71318, 99f2451b-9a25-422d-9bd5-12d788407966, УМК ПЕД МАСТЕРСТВО новый

Ж. Досмұхамедов атындағы жоғарғы педагогикалық колледж


Педагогика және психология кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Орындаған: 4 «а»ҚМҚ тобы
Мухамбеткереева А. А Жетекшісі: Нұрашева Г.С.
Орал - 2019
МАЗМҰНЫ
Кіріспе...................................................................................................................... 3
1-БӨЛІМ. Салт-дәстүрлер негізінде оқушыларды тәрбиелеудің психологиялықпедагогикалық
мәселелері................................................................................................................ 6
1.1. Оқушыларға салт-дәстүрлер негізінде тәрбие берудің теориялық негіздері, педагогикалық
шарттары..................................................................................................................6
1.2. Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны, формасы және әдіс-
тәсілдері................................................................................................................. 16
2-БӨЛІМ.
2.1. Қазақ салт-дәстүрлері бойынша тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыру барысында оқушыларға тәрбие берудің бағдарламасы мен
әдістемесі...............................................................................................................22
Қорытынды............................................................................................................29
Пайдаланылған
әдебиеттер............................................................................................................. 30
Қосымшалар.......................................................................................................... 31 Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан, еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру біздің негізгі мақсатымыз. Осыған орай мектептегі тәрбие үрдісін ұлттық қағидалармен толықтыру өте қажет. Бүгінгі таңдағы мектептер балаларға жекеленген ғылыми пәндерді терең оқытуға тырысса да, адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеуге көп мән берілмей келеді. Соның салдарынан жастарымыз жағымсыз қылықтарға бой алдырып, имандылық дегеннің не екенін білмей өсуіне әкеліп соғуда. Ендеше рухани-адами салауаттылық жолын қалыптастыру уақыты жеткен тәрізді.
Еліміздің президенті Н.Назарбаев: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Қазақстан жоғары оқу орнының міндеті әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру» – деген өзінің жолдауында еліміздің дамуына, дамыған елдермен теңесуіне мүмкіндік беретін білім екендігін айтып өтеді. [3].
Жас ұрпақты адамгершілікке, әдептілікке, имандылыққа тәрбиелеуде ұлттық сана-сезімнің қайнар бұлағы салт-дәстүрлер, мақал-мәтелдер, құнды әдеби мұралар, нақыл сөздер болып табылады.
Қазіргі зайырлы қоғамда да адамгершілік, имандылық аса қастерлі, биік адамшылық қасиет ретінде ұғынылады имандылыққа қарама-қарсы жағымсыз сипат – имансыздық.
Академик Волков Г.Н.. «...батыстан келген бұл рухани апаттан жастарды аман алып қалудың жолын қарастыруымыз керек. Ол әр халықтың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиесінде қалыптасқан, түрлі сыннан сүрінбей өткен халықтың бай тәжірибесіне сүйенген халықтық педагогика болмақ» - деп жазады. [5].
Қазақ халқында ешқандай қағазға жазылмаса да, бала тәрбиелеудің белгілі бір жүйесі болған. Ол ғасырдан-ғасырға, ата-анадан балаға, баладан оның ұрпақтарына жалғасып келе жатқан ұлттық дәстүр, әдет-ғұрыптар мен салтсаналар. Олар халық педагогикасының басты тарауларының бірі.
Халық тәрбиесі – сол халықтың ой-арманымен, тіршілік тынысымен, шаруашылық кәсібімен, отбасылық, қоғамдық, ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп-өркендеп, дамып жеткен тарихи және мәдени мұрасы.
Өскін ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, олардың жан дүниесін дамыту жайында ұлы орыс педагогы К.Д. Ушинский “әрбір халық пен ұлт өз ана тілі мен салтдәстүрін қастерлеп, тарихи даму жағдайына орай білім алып, тәрбиелеу керек” деген өзінің ұлағатты ойын “Родная речь” атты еңбегінде ерекше атап айтады
[9].
Халқымыздың ұлы перзенті Ы.Алтынсарин өзінің еңбектерін ана тілінде жазып, “бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт-дәстүрі рухында тәрбиеленетін болса, оның сана сезімінің дамып жетілуі де ұлты мен халқына қызмет ететін көкірегі ояу салауатты азаматтар болып өседі” – деген ой түйген болатын. [6].
Ал, Шәкәрім Құдайбердиев: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күнінен бастап тәрбиелейді», -деп жазады. [17].
Шынында да, құнды қасиеттерге ие рухани адамды қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Адамның Адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар тәрбиеші мен мұғалімнің ролі зор. Яғни, білім жүйесінің қызметкерлеріне болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. Сондықтан бұл істе асығыс шешім, жалған әдіс, қалыптағыдай қатып қалғн, ескірген тәсіл қолданылмауы тиіс.
Қазақ халқының этностық ерекшеліктерін байыптасақ, бұл халық ұрпақ сабақтастығын сақтап, алысты жақындатып, аразды татуластырған, ізетті келіннен таныған, татулықты абысыннан тапқан, дарқандықты даласынан, даналықты бабасынан, пәктікті баласынан алған халық. Қазақ адамгершіліктің басы әділдікті ту етіп, әділдіктің басы болған адалдықты анасынан алған.
Аналар ұрпақты ұлағаттыққа баулып, дауға-дәру, жауға-қару, араздыққа-араша, татулыққа-тамыр, тазалыққа-нәр, пәктікке-пәрмен, дәстүрге-дәрмен, өнергетұлпар, көкте-сұңқар етіп тәрбиелеген.
“Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле”, дегендей, халқымыздың бойына сіңген атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі өзге ұлттардан ерекшеленіп, өздеріне тән қасиеттерді көрсетіп тұратындығын жоққа шығара алмаймыз. Ұлттық тәрбиеміздің халықтың сан ғасырлар тарихымен тығыз байланыста болып, осы уақытқа дейін дәстүрлі тәрбие құндылықтарын жоғалтпай жалғастырып келеді. Халқымыздың ұлттық тәрбиесі негізінен жүйелі болған. Өйткені, тәрбие әке-шеше, отбасынан бастап, ағайын- туыс, көрші-қолаңның бәрі араласып, бәрі де халықтың баласына ортақ қамқорлық жасаған. “Балаңа басқұр қалдырғанша, тозбас дәстүр қалдыр” деген қазақ халқы озық жұрттардың санатында болашақ қамын қатты ойластырған. Сол себепті ұлтымыз: ”Балаң өзіңе тартса- жұбан, қоғамға тартса - қуан” - деп бекер айтпаған. Біздің тәрбиеміздің бір ерекшелігі - қыз балаға қамқорлықпен қарау. Себебі халқымыз қыз тәрбиесіне баса назар аударған. “Ел болам десеңбесігіңді түзе” дегендей, тәрбие бесіктен басталатыны бәрімізге белгілі, адам бойындағы бар игі қасиет отбасы мен мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз. Осыған орай мектептегі тәрбие үрдісін ұлттық қағидалармен толықтыру өте қажеттілікті талап етеді. Бүгінгі таңдағы мектептер балаларға жекеленген ғылыми пәндерді терең оқытуға тырысса да, адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеуге мән бермей келеді. Соның салдарынан жастарымыз жағымсыз қылықтарға бой алдырып, имандылық дегеннің не екенін білмей өсуіне әкеліп соғуда. Ендеше рухани-адами салауаттылық жолын қалыптастыру уақыты жеткен тәрізді.
Бүгінгі күні тіліміздің аясы кеңіп, мемлекеттік мәртебе алып отырған шақта қазақ мектептерінің саны да артып келеді. Алайда ең керегі оқу орнының сан емес – сапасы екенін естен шығармау керек.
Бала тәрбиесі баршаға ортақ іс. Оған көпшілік қоғам болып жұмылу, парасаттылық пен байсалдылық керек. Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрі мен тағылымдарын, мәдениет тарихын, бұрын-соңғы ұлы ойшыл педагогтардың еңбектерін оқып жетік білмей, оны жақсы меңгермей тұрып келер буынға дұрыс тәрбие-тағлым беру мүмкін емес. Себебі, өткенді жақсы білмейінше келешекке сапар шегу, Л.Толстой айтқандай , айсыз қараңғыда сүрлеу соқпақ іздеп шатасумен парапар.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 8 бабында Білім беру жүйесінің міндеттерінде: “Азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеп, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр салтын оқып-үйрену үшін жағдай жасау” деп көрсетілген. [1].
Сондықтан да ұлттық салт-дәстүрлерді бала бақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейін кең түрде насихаттау қажет.
Бұл мәселемен республикаға есімі танымал ғалымдар мен педагогтар, атап айтқанда, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, С.Ұзақбаева, М.Балтабаев, Ә.Табылдиев, С.Тілеуова, Қ.Ералин, Б.Ортаев сынды зерттеушілер айналысқан.
Қазіргі таңда салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәнін ашу, тәрбиелік әдістәсілдерін жетілдіру қажеттігі айқын көрінуде. Салт-дәстүрлердің тәрбиелік қажеттілігі мен оның тәрбие үрдісінде қолданудың арасында қарама-қайшылық орын алуда.
Осы мәселелерді қарастыра келе курстық жұмысымның тақырыбын «Ұлттық салт-дәстүрдің тәрбиелік мәні» деп таңдадым.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет