Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Орындаған: 4 «а»ҚМҚ тобы Мухамбеткереева А. А жетекшісі: Нұрашева Г. С. Орал 2019 мазмұНЫ


-сызба. Отбасындағы бала тәрбиесі



бет4/16
Дата20.05.2024
өлшемі276,56 Kb.
#202598
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Курсовой
Озат мұғалім, матем 2 кітап, курсовой антиплагиат 2, курсовой антиплагиат, 9 мамыр Жеңіс күні тәрбие сағаты, Снимок экрана 2024—04—03 в 16.19.55, 098660d3-8dd5-457f-8101-aaa51b5f89db, қмж, 44f2e2ae-0fbd-4c16-9f80-e321bdbb3915, 5221e9ae-c37e-4cc7-8834-c549fff71318, 99f2451b-9a25-422d-9bd5-12d788407966, УМК ПЕД МАСТЕРСТВО новый

1-сызба. Отбасындағы бала тәрбиесі



Бала тәрбиесіне қазақ ойшылдары әр түрлі ой-пікір тастайды: Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтадғу білік» еңбегінде тәрбие жайлы: «...Баланың мінезқұлқы жақсы тәрбиеден туындайды. Егер бала ебедейсіз, шамшыл, өбектеліп өскен болса, бұған бәрінен бұрын оның ата-анасы кінәлы. Отбасы үшін бала зор қуаныш. Баласыз бақыт жоқ, бірақ баланың тууы ата-анаға зор міндет, жауапкершілік те жүктейді. Отбасы тәрбиесі бала мінез-құлқы мен психологиялық бейнесін қалыптастыру негіздерінің негізі. Сондықтан оны балғын шағынан оқытып, жақсылап тәрбиелеу керек. «Үй шаруасы мен баланы дұрыс күтіп-бағу үшін тазалық сақтайтын әйел таңда». Баланы тәрбиелеу әкенің де парызы. «Егер бала тәртіпсіз болса, оған әкесі де кінәлі». Ақылды, білімді етіп тәрбиелеу үшін әке-шешесі баласын үнемі назарда ұстауы тиіс. Балаларды қолөнерге баулу, ғылым-білімге қызықтыру – ата-ананың қасиетті парызы. «Балаңыз өмірде өксімес үшін оған білім мен кәсіп бер». Үлгілі тәртіптің негізі – білім, әдет-дағдыға машықтану. Сондықтан баланы кішкентайынан тіл алғызу, үлкендерді сыйлауға, ағайын-туысты, ата-ананы қастерлеуге үйрету керек» [15], - деп көрсетілген.
М.Жұмабаевтың еңбектерінде (Таңдамалылар, 1982) педагогика ғылымын адам жанының заңдылықтарын зерттейтін психологиямен байланыстыра қарастырады. Ол шәкірттерінің жан дүниесін ескермейінше, тәрбиені ұғындыру мүмкін емес [4], - деп есептеді. Әрине, бала тәрбиесі ол – болашағыңның тәрбиесі. Тәрбиені беру туралы әр қилы ойлар мен тұжырымдар айтылып жатады. Осындай көзқарастардың құяр сағасы ол қандай жолмен болса да болашағымыздың тәрбиесін дұрыс жолға қою екендігі белгілі. Ежелгі дәуірден бастап жоғарыда айтып өткеніміздей бүгінгі күнге дейін бала тәрбиесі туралы талай тұщымды ойлар айтылып өмірде қажетті тәрбиелік іске асып жатқаны орынды мәселе.
Адам алдымен отбасында, одан кейін ел ортасында, қоғамда жетіле түседі. Қоғам ұжымнан, ұлттан, ұлыстан, халықтан құралады.
Ұлттық құндылық дегеніміздің өзі халықтың ұлттық ерекшелігі, ол алдымен мәдениет, мәдениет жалпыадамзаттық мүдде тұрғысынан дамиды. Ендеше, осы құндылықты ескермеу, мәдениеттің негізін бөлшектеу – жастардың арасындағы діннен безу, тілін қастерлемеу, ұлттық әдепті білмеу сынды жағымсыз жайттардың белең алуына алып келді. Отбасы өнегесі төмендеп, қазақ ұлтының жан-дүниесі өзгеріске ұшырады. Ұлт психологиясы сансырап тексіз, ұлтсыз, тілсіз ұрпақ тәрбиелеуге бет алған замана алысын өзгерту мақсатында адам бола білуге, тұлғалық сипат қалыптастыруға әрине, ұлттық тәрбиенің берер үлесі мол. Халық қамын ойлайтын болашақтың кемеңгер ойшылдары да ұлттық тәрбиеден дәріс алған жастар арасынан шығары анық. Кемелденген, қуатты мемлекет болсын десек, сол қоғамның діңгегі жастар тәрбиесі дұрыс жолға қойылғанын қамтамасыз етуіміз керек. Ал, жастар тәрбиесі білім алу ордасында ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан нақтылана көрініс табуы тиіс. Сондықтан да, қазіргі ғаламдану заманында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму кезеңіндегі мәдени-тарихи, рухани құндылықтарымызды бойына сіңіре отырып, білім жетістіктерін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру қажеттігі алға тартылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет