Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Орындаған: 4 «а»ҚМҚ тобы Мухамбеткереева А. А жетекшісі: Нұрашева Г. С. Орал 2019 мазмұНЫ



бет7/16
Дата20.05.2024
өлшемі276,56 Kb.
#202598
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
Курсовой
Озат мұғалім, матем 2 кітап, курсовой антиплагиат 2, курсовой антиплагиат, 9 мамыр Жеңіс күні тәрбие сағаты, Снимок экрана 2024—04—03 в 16.19.55, 098660d3-8dd5-457f-8101-aaa51b5f89db, қмж, 44f2e2ae-0fbd-4c16-9f80-e321bdbb3915, 5221e9ae-c37e-4cc7-8834-c549fff71318, 99f2451b-9a25-422d-9bd5-12d788407966, УМК ПЕД МАСТЕРСТВО новый
Сызба №2
Бала тәрбиесі, ұлт тәрбиесінде К.Ушинский жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, олардың жан-дүниесін дамыту жайында «әрбір халық пен ұлт өз ана тілі мен салтдәстүрін қастерлеп, тарихи даму жағдайына орай білім беріп, тәрбиелеу керек» деп ой қорытқаны мәлім.
Қазіргі таңда салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәнін ашып, оны бүгінгі таңда жан-жақты жетілдірудің қажеттігінің маңызы зор. Себебі, ұлттың болашағы бүгіннен қаланатыны бәріне де айтпаса да түсінікті.

Әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлерді ұлттық тәрбие бағдарламасымен сабақтастыру мәселесінде ұлттық мерекелер мен ұлттық қонақжайлықты дәріптеу саясатын негізге алу қажет.
Адам баласына күнделікті өмір тіршілігінде қоғамдық жайттардағы кезкелген мәселе тек тәрбиеге бағытталуы тиіс. Біз сонда ғана болашақ ұрпағымызды саналы да білімді етіп тәрбиелей аламыз.
Сызба № 3
2 - БӨЛІМ 2.1. Қазақ салт-дәстүрлері бойынша тәрбиелік ісшаралар ұйымдастыру барысында оқушыларға тәрбие берудің бағдарламасы мен әдістемесі
Бала тәрбиесінде салт-дәстүр қалай көрініс табу керек? Бала санасына ұлттық тәлім-тәрбиені қандай жолмен сіңдіріп, тағылымдық тәрбиесі мол дәстүрден сусындатуды қалай жүзеге асырамыз? Бұл сұрақтар жалпы бізді ғана емес, бүкіл иісі қазақ баласын толғандыруға тұрарлықтай мәселе болу абзал. Сонда ғана бұл мәселе мейлінше алға жылжып, жоғары дәрежеде қоғамға өзіндік үлесін қоса алады. «Адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекке оның барлық өміріне апат әкеледі», – депті әл-Фараби бабамыз. Халқымыз бала тәрбиесіне аса зор көңіл бөлген, жақсы қасиеттерге баулып, жаманнан жеріндіріп отырған. Бала тәрбиесіне көңіл бөліп, тереңінен ойлаған қазақ халқы бесіктегі нәресте тәрбиесіне дейін назар аудара білген. Сол себепті де, қазақ тарихында жастар жаман қылықтардан аулақ болған. Ендеше, бүгінгі таңда белең алған жастар арасындағы келеңсіз жайттардан арыламыз десек, ұлттық тәрбиеге баулитын салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыздың маңызының тереңде екендігіне көз жеткіземіз. Жалпы баланы қадір-қасиетін жоймаған салтдәстүрлермен, әдет-ғұрыптармен, жыраулық қисса-дастандар, шешендік және нақыл сөздермен, эпостық және батырлар жырымен, мақал-мәтелдер, ұлттық ойындар арқылы тәрбиелеуге де болады. Бұл арқылы тәрбиенінің түйіні – адамгершілік, имандылық, ибалық, ақыл-ой, отбасылық мәселелер шешімін табады. Салт-дәстүрді балаға ана құрсағында жатқанда-ақ үйрете бастау керек. Медицина зерттеулерінде бала төрт айында-ақ тәрбиені қабылдай бастайды екен. Сәби құрсаққа бітісімен ана өзінің жаман қылықтарын тастап, бойын түзеп, денсаулығын күту керек. Өйткені, балаға анасының бойындағы әр түрлі қасиеттер, денсаулығынан ақаулар, мінез-құлықтар осы кезден бастап беріледі екен. Ана сүтін еміп өскен бала мен ана арасында да сүйіспеншілік, мейірімділік орнайды. Қазіргі кезде белгілі себептермен кей ана баласын емізуден бас тартады да, балада да, өзінде де мейірімсіздік пайда болады. Жапон ғалымдары «бала анасының құрсағында жатқанда әдемі әуен тыңдап, дүниеге келген алғашқы айында жып-жылы ана сүтін қылқ-қылқ еміп, ана жүрегінің дүрсілін естісе ғана дені сау, өмірге құштар азамат болып өседі» дейді. Ал, мұны біздің ата-бабамыз баяғыда-ақ дәлелдеп, жаңа туған нәрестені ана сүтіне жарытып, тап-тұйнақтай етіп құндақтап, бесікке бөлеп, әдемі әнмен тербеткен. Өсе келе қазақ баласы ата-әжесінің ертегісін, батырлар жырын тыңдап өсетін болған. Кейінгі жылдары балалар анасының бесік жырын тыңдамақ түгіл, ақ сүтін емуге зар болды емес пе?
«Адам тәрбиесі оның өмірге келуімен басталады, сөйлемес бұрын, естімес бұрын тәлім негізін ала бастайды», - деп жазған француз ойшылы Ж.Ж.Руссо. Біз тәлімді құрсақта жатқанда береміз. Бала дүниеге келісімен ерекше қамқорлық жасалады: жаңа туылған нәрестені күту, ол туралы келіндерге ақылкеңес беру, жаңа босанған әйелге қуатты тамақ беру, сәбиді тұзды сумен жуындыру, денесін мал майымен сылау (қазір басқаша) т.б. бала тәрбиесіне қатысты ұлттық салт-дәстүрлер арқылы тәрбиелеу: құрсақ тойы, жарыс қазан, шілдехана, сүйінші, қырқынан шығару, бесік тойы, бесік тәрбиесі, тұсау кесу, сүндетке отырғызу т.б. баланы тәрибелеуде отбасы басты рөл атқарғандықтан, ұлы М.Әуезов те отбасы тәрбесін ерекше бағалап, «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген.
Қазіргі кезде балабақшадағы тәрбие балаға аса зор әсер етеді. Мектепте қазақша, орысша, ағылшынша бірден тәлім алып, баланың таза қазақи тәлім алуына кедергі тудырып отырғаны тағы бар. Біз ағылшын немесе орыс тілдерін оқытпайық деп отырғанымыз жоқ, көбірек өз туған тілге көңіл бөлінсе деген ниеттен туып отырған ойлар. Міне, сондықтан балабақшада, бастауыш білім беретін сыныптарда таза қазақ тілінде тәрбие беруге назар салып, ұлттық құндылықтарды түсіндіріп, түрлі халықтық ойындар арқылы санасына сіңдіру керек.
Қай баланы алып қарасаң да «Шрек», «Человек паук», «Спондж боб» деп батыстан келген атыс-шабыс мультфильмдерді айтып, тіпті сол бейнеленген киімдермен киініп, ыдыстармен тамақ ішіп, жыр ғып айтып отырғаны. Өзіміздің төл дүниелерімізді көбірек көрсетіп, патриоттық сезімін оятуға әлі де енжарлық танытып отырмыз. Бүгінгі таңда тәуелсіз еліміздің ұлттық тәрбиесін білім бағдарламасына ендіре отырып, әр білім үрдісіне оның тәрбие көздерінің бірі салт-дәстүр, әдет-ғұрып нақыштарын тәрбие мен білімнің бастауы ретінде оқыту жағын негіздеуіміз өте орынды. Ол әрине, отбасы ошақ қасынан бастау алуы керек. Кез келген ата-ана баласына үй тәрбиесінен ұлттық құндылықтармен сусындатып, ана тілінде сөйлесіп, бала тілін жаттықтырудан бастауы қажет. Содан кейін де, 5-сыныптан бастап басқа тілдерді де оқытып үлгереміз. Оқу бағдарламаларына да қазақ халқының тарихын, философиясын, педагогикасын, психологиясын ендіруді қарастырған орынды. Бұл дегеніміз, халықтың рухани болмыстарын таныстырып отыру деген сөз, баланың өз ұлтының құндылығын танып, сүйіп өсуіне әсер етері сөзсіз, ал Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдеріне тұратын мекенін мақтан тұтып, қадірлеуге бағытбағдар көрсетуге мүмкіндік береді.
Балабақша бала тұлғасының қалыптасып, білім нәрінің бастау алатын алғашқы білім ошағы. Сол себепті де баланы балабақшаға берер сәтте ата-ана ойланулары қажет. Ол өз ұлтын, отбасын, жерін, елін сүйіп өсер азамат болып тәрбиеленуі үшін, бала өз ана тіліндегі балабақшаға бару қажет. Ол балабақша қоры ұлттық болмыспен қамтамасыз етілуі шарт. Яғни, ұлттық ойындар ойнатылып, ұлттық ертегілер, ұлттық ойыншықтармен, тіпті ұлт тіліндегі тәрбиелік маңызы зор мультфильмдердің көрсетілуі талап етілуі қажет
Ойнайтын ойыншықтары ұлттық сипатта болу керек (Қазір
С.Болысов деген кәсіпкер, Қадірәлі Болманов - музыкант, продюсер -балаларға арнап ұлттық сипаттағы ойыншықтар
жасаумен айналысып, оны қолданысқа енгізуге тырысуда)

Отандық мультфильмдерді мемлекет қолдауымен көбірек шығару және оларды теледидардан жиі көрсету
Ұлттық рухтағы ойындарды Балабақшада видеотека жасау
(тығылыспақ, соқыртеке, санамақ (бала тәрбиесіне арналған
т.б.) ойнату бағдарламалар мен
мультфильмдерден)
Қазақ тілді балабақшаларға беру

Сызба №4


Мектепте қазіргі уақытта тәрбие жұмыстары біраз дұрыс деңгейге қойылды десек те болады. Бірақ әлі де мектеп бағдарламаларын қарастырып, ұлттық құндылықтарды толықтырып бала еркін қабылдайтындай материалдармен қамтамасыз ету жағын қарастырған жөн. Салт-дәстүр нақыштарын мектеп қабырғасында көптеп ұғындыру жағын жолға қою ұлт болашағының руханилылығын қамтамасыз етеді
Мектепте Ыңғайы келсе арнайы
семинар сабақтарын жүргізіп отыру да артық етпейді
Халық ауыз әдебиетінен түсінік беру, «Қыз сыны», «жігіт сұлтаны» сынды ертегілерді, жырларды, мақал- ұлттық құндылықтарды насихаттап,
мәтелдерді, қисса-дастандарды, жарысатын сынақтарға әдет-ғұрып,
айтыстарды т.б. қамтитын әдеби дәстүрден де арнайы конкурстар
сабағымызды көптеп өткізу өткізуді жүйелі түрде енгізу
Еңбек сабағында салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарға жеке-жеке тоқталып, түсінік беріп, сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де көрсетуге тырысу. Қыздарды үй шаруасын меңгеруге, ұлдарға ұлттық қолөнерді қайта жандандыру арқылы үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет