Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Орындаған: 4 «а»ҚМҚ тобы Мухамбеткереева А. А жетекшісі: Нұрашева Г. С. Орал 2019 мазмұНЫ



бет10/16
Дата20.05.2024
өлшемі276,56 Kb.
#202598
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
Курсовой
Озат мұғалім, матем 2 кітап, курсовой антиплагиат 2, курсовой антиплагиат, 9 мамыр Жеңіс күні тәрбие сағаты, Снимок экрана 2024—04—03 в 16.19.55, 098660d3-8dd5-457f-8101-aaa51b5f89db, қмж, 44f2e2ae-0fbd-4c16-9f80-e321bdbb3915, 5221e9ae-c37e-4cc7-8834-c549fff71318, 99f2451b-9a25-422d-9bd5-12d788407966, УМК ПЕД МАСТЕРСТВО новый
«Салтым – асыл қазынам»-тәрбие шарасы
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының салт - дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету;
Ата - аналармен тығыз байланыс жасау арқылы ортақ тәрбиеге жұмылдыру. Көрнекілігі: Суреттер, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, ұлттық бұйым көрмелері.
Музыкалық сәлем: Күйшілер тобы. «Тойбастар»
1-жүргізуші: Ата - салтым – асыл мұрам, ардағым, Бабалардың жалғастырар арманын. Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім, Өткенімді бүгініммен жалғадым.
2-жүргізуші: Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған, Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт - дәстүрді ардақтайық ағайын Қазақ атты үлкен, кіші балдырған. Жиналыппыз, сәтті күні бәріміз де, Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де.
Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар,
Гүл - гүл жайнап мына біздің төрімізге.
1-жүргізуші: Өнерлі халық – өміршең халық, қазақтың әдет - ғұрпына, салт - дәстүріне бағытталған. «Салт - дәстүр - асыл қазына» атты тәрбие сағатын бастаймыз.
Музыкалық сәлем: (Қазақы дастарханым). Хор
Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын салт - дәстүрлер туралы қысқаша мәлімет беріп кетсек:
Салт дәстүрлерінің ішіндегі бала тәрбиесіне байланысты тәрбие дәстүріне тоқталсақ.
2-жүргізуші: Тәрбие дәстүрі.
Салт – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс – тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі. Қазақтың бірнеше салттарын атап өтсек.
Шілдехана (салт)
Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын - сауық той.
Кіндік кесер (салт)
Нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін әйелдер (Кіндік шешесі) дайын тұрады. Кіндік кесу – мәртебелі, абыройлы іс.
Бесікке салу (салт)
Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті, киелі, қуатты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.
Қырқынан шығару (салт)
Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады. Ол сәбидің жан жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.
Тұсау кесер (салт)
Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып. Ғұрып - қазақтың өмір салты, өрен салты т. б. қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз. 1-жүргізуші:
Дәстүр - халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын кәсіптік, салт - сана, әдет - ғұрып, мінез - құлық, тәлім - тәрбие және рухани іс - әрекеттер көрінісі. Қазақтың бірнеше дәстүрлерін атап өтсек.
Тыштырма (дәстүр)
Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт, ірімшік, тәттілер өткізіп «тыштыма, тыштыма» деп ырым жасайды және оны «тыштырма» деп атайды.
Базарлық (дәстүр)
Алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына (жерлес, көрші – көлем, жас балаларға, сыйлас адамдарына) әкелген сыйлығы.
Байғазы (дәстүр)
Балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай, заттай сый.
Тілашар (дәстүр)
Баласы 7 жасқа толған балаға жаңа киім кигізіп, оқу жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны «тілашар» тойы деп атайды.
Жеті ата (дәстүр)
Халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген. Олай болса жет ата:
Бала, Әке, Ата, Арғы ата, Баба, Түп ата, Тек ата.
Асату (дәстүр)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет