Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Орындаған: 4 «а»ҚМҚ тобы Мухамбеткереева А. А жетекшісі: Нұрашева Г. С. Орал 2019 мазмұНЫ



бет6/16
Дата20.05.2024
өлшемі276,56 Kb.
#202598
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Курсовой

Дағды, әдет-ғұрып деген ұғымдар адамның мінезі мен тіршілігіне байланысты қанға сіңген қылықтарды білдіреді» [16], – деп түсінік берілген.
Жеке анықтама беріп қарастырылғанымен мағыналары бір-біріне жақын салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптардың пайда болу жолы тұрмыс-тіршілікпен тығыз байланысты екендігі белгілі. Ғалым С.Қалиев: «Салт – адам өмірінің күнделікті тіршілігінде отбасынан бастап қоғамдық өмірдегі қатынастар жиі қолданылатын мінез-құлық, қарым-қатынас ережелері мен жол-жора, рәсім заңдарының жиынтығы – деп түсіндіре келе – …ол жеке адам өмірінде еңбек, іс-әрекет, адамгершілік, құқық, діни ережелерімен байланысты көрініс береді де, біртіндеп ауыл-аймақ, ру, тайпаға, ортақ рәсімге айналады. Ал, дәстүрдің өрісі салттан әлдеқайда кеңірек. Ол қоғамдық сананың барлық салаларымен байланыста дамыған, топтасқан қауымның қалыптасқан бірыңғай көзқарасын, әдет-заңын марапаттайтын ритуал. Ол ғылымда, әдебиетте, мектепте, халықтың ортақ өнерде немесе қоғамдық қатынаста көрініс беретін құбылыс. Дәстүр идеалогияға жақындау да, салт қоғамдық психологияға жақын. Мысалы: үлкенді сыйлау, қонақжайлылық – дәстүрлер. Олар көптеген салттардан, ырымдардан, жол-жоралардан рәсімдерден тұрады» [17], - деп, ой түйіндейді.
Демек, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді сараптау арқылы салт-дәстүр туралы мынадай қорытынды жасауға болады:
-салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар тек адамдарға ғана тән;
-салт пен дәстүр – көп қырлы қоғамдық құрылыс, ол адамзат пен жеке тұлғаның рухани, мәдени дамуының көрсеткіші болып табылады, әлеуметтік жетістігі;
-әр халықтың салт-дәстүрлері өзінің негізгі сипатына қарай ерекшеленеді: ол ұрпақтан ұрпаққа жалғасады, яғни уақыт, тарих көшіне сай ілесе отырып, ырғақтық көшіне ілеседі; қоғамдық, ұжымдық қарым-қатынастың құралы болып табылады.
Қазақ халқы ерте заманнан-ақ салтын берік ұстанып, аса қадірлеп келген, халқымыздың өзіне ғана тән, қайталанбас ерекше салт-дәстүрлері, әдет-ғұрып, жөн-жоралғылары бар. «Ұрпақтың ана бойына біткен кезінен бастап «құрсақ той» немесе «құрсақ шашу» ырымдарынан бастап, бала ер жетіп, ел қатарына қосылғанға дейінгі аралықты қамтитын түрлі ырым, жол-жоралғы, әдет-ғұрып тұтас бір тәрбие жүйесіне құралады.
Әдет-ғұрып жыры халықтың наным-сенімін, тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін мәдени мұраның бір саласы. Бесік жырынан басталатын түрлі өлең-жырлар бала психологиясына сәйкес жас ерекшеліктеріне лайықты айтылады. Діни және тұрмыс-салт жырлары халықтық салт-дәстүр, нанымсенім, түрлі тіршілікке өзектесе оның рухани байлығын, ішкі жан дүниесін бейнелейді. Той бастар, жар-жар, сыңсу, беташар, үйлену тойына байланысты болса, естірту, көңіл айту, жоқтау кісіні соңғы сапарға шығарып салу рәсіміне байланысты. Бата беру игі тілек, ақ ниетті білдіреді. Халықтық дәстүрлердің аса бір үлгілі нұсқасы мақал-мәтелдер, жұмбақтар, шешендік сөздер, айтыс сияқты жанрлар ұтымды сөз, ұшқыр ой, терең де жан-жақты білімдар қасиеттерге баулып, төрелі сөзге тоқтай білуді үйретеді. Ертегі, дастан, батырлар жыры жасөспірімдердің қиялын шарықтатып, дүниетанымын кеңітіп, жерін қорғай білуге тәрбиелейді» [9].
Осы ерекшеліктер көнеден келе жатқан қазақ патриотизмінің негізі болып табылады. Тамыры түпсіз тереңде жатқан әр әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің астарында үлкен мән жатады. Осы күнде, қазір салт-дәстүрдің түріне байланысты «озығы мен тозығы» жеткен деп айтып жүретіндер де бар, бірақ оның ішінен екшеп, сұрыптап, оған басын ауыртып жүргендері шамалы. Салттың, дәстүрдің әрқайсысының өзіндік орны, ерекшелігі бар екенін ескерген халық, оны қажетіне қарай пайдаланады. Сол арқылы ол бізді басқа халықтардан оқшаулап, айшықтап тұрады. Ол халықтың жүрегі, һәм тамыр соғысы тәрізді, ол тоқтаса халық та өзінің өмір сүруін тоқтатады. Ол халықтың дүниетанымынан туады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет