Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Орындаған: 4 «а»ҚМҚ тобы Мухамбеткереева А. А жетекшісі: Нұрашева Г. С. Орал 2019 мазмұНЫ


Қазақ салт – дәстүрлері арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны, формасы және әдіс - тәсілдері



бет3/16
Дата20.05.2024
өлшемі276,56 Kb.
#202598
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Курсовой

1.2. Қазақ салт – дәстүрлері арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны, формасы және әдіс - тәсілдері
Жастарға балбөбек кезінде ұлттық тәрбиені сіңіру тиімдірек.
Бала шыбық тәрізді, қайдан жарық шықса, соған қарай бұрылып өседі. Ол үшін біріншіден, балаға әсер ететін тартымды әуен екенін ескеріп, ұлттық аспаптармен орындалатын әндерді, күйлерді ақырын ғана қосып қойып, санасына әсер ететіндей, құлағын үйрете берген дұрыс.
Одан кейін әр түрлі ою-өрнектермен әшкейленген суретті кітапшаларды халықтық музыка әуенімен біртіндеп ашып, көзін жаттықтыра беру.
Үшіншіден, халық жырауларының термелерін, ертегілерді тыңдату. Бұл балаға әсер ететіні соншалық патриоттық сезім оған қалай ұялағанын өзі де байқамай қалады. Қазіргі кезде бала тәрбиесіне келгенде ата мен әженің рөлі сәл төмендеп кетті деп жатамыз. Бұрын баланы бүкіл ауылы, руы болып тәрбиелесе, қазір ата мен әженің рөлі шынымен де тәрбиеге келгенде сәл бәсеңсіген. Бұл ауылда болсын, қалада болсын байқалып жатқан соңғы құбылыс. Алдына отырғызып, еркелете ертегісін айтып, жетектеп жүргенінің өзінде де онша көңілін тола бермейді. Себебі кейде, әсіресе, қалалық жерде қасынан өтіп бара жатып немересімен орысша шүлдірлесіп бара жатқанын көріп, қарның ашады, бас шайқайсың. Ал, ауыл болса, оның жайы мүлде басқа. Орысша сөйлемегенмен, ақылдың майын тамыза өнеге, өсиетін, ертегісін сарыла айтатын ата мен әжелер де азайған. Әркім өзінің жан тыныштығын ойлайтын заман болып кеткен тәрізді. Тәрбиені шал мен кемпірге бердік деп, артынан көңілдері толмай кінәлап жатқан жастарды да кездестіреміз. Бұл жерде біз мәселені шал мен кемпірдің тәрбиесінің нашар болуында деп емес, қандай шал мен кемпірде екендігінде деп айтар едік. Қалада да, ауылда да немересіне ертегі айтып, ән-жыр, күй тыңдатып, өсиет-өнеге беріп отыратын ата, әженің қатары сирегені рас. Өйткені, қазіргі 60-70 жасқа толған ата-әжелеріміздің өздері Кеңес заманында тәрбиеленіп, халық тәрбиесінен оқшау қалған жандар. Сондықтан сексен сөз сөйлеп, артына сегіз ауыз сөз қалдырмаған ата, әженің кебін өзіміз киіп отыратынымызды ескеріп, қазірден көшті түзей беру керек.

Бұл көшті түзеу үшін жас балаларға және ата-аналарға арнап республика көлемінде көп тиражбен халықтың ата-мұрасынан қалған құнды ертегілер, мақал-мәтелдер жалпы ауыз әдебиеті үлгілерін бала сана-сезіміне лайықтап, қалыптасқан шығармаларды сұрыптап шағын кітапшалар етіп шығару қажет. Бала тәрбиесіне жіті көңіл бөліп, әр жас ерекшелігіне қарай білім берумен сабақтастырған орынды. Ол дегеніміз бала дүниеге келгенде бесікке бөлеп, бесік жырымен сусындатудан басталғаны абзал. Тілі шығып былдырлап жүрген балаға бүгінде кейбір жас ата-аналар әр түрлі нәрсе үйретіп жатады. Осы кезеңде балаға санамақ, жаңылтпаш үйретер болсақ, ойлау сана-сезімін кеңейтуге бағдар берген боламыз. 4-5 жасында жұмбақ шешкізіп, 6-7 жасынан батырлық жырларды жаттатқызып, мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап жан-дүниесіне жақын мамандыққа қарай икемдеуге септігін тигізер болсақ, болшағынан үлкен үміт күттірер, өз елінің болашағын ойлар азамат тәрбиелеген болар едік.
Балаңыз мектеп табалдырығын аттап, ес біле бастағаннан оны өзінің ебі бар белгілі бір мамандыққа
икемдеңіз. Нәтижесінде, балаңыз рухани тірегі берік, кәсіби жетілген маман ретінде қалыптасады. Бұл
келтірілген жүйе-қатып қалған жүйе емес, өзгертулер мен толық. Бұл жырлар мен қисса-дастандар өскелең
ұрпақ санасында елдік, патриоттық сананы нығайтып, халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының мол қайнарынан сусындаттырулар енгізуге құлқыңыз болса, құба-құп.
6-7 жасқа келіп, қаріп Өз үйіңізде тек қана қазақша таныған уақытынан сөйлесіп, күнделікті бастап, батырлық Отбасындағы тұрмысыңызды салт-
жырлар мен қисса- бала тәрбиесі дәстүрлер мен әдет-
дастандар жаттатыңыз. ғұрыптарды тұтыныңыз.
Нәтижесінде, оны көріп өскен балаңыз–сол
нәрселерді өзі де өмірде тұтына бастайды.
Балаңыз дүниеге келгенде, оны бесікке


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет