Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Орындаған: 4 «а»ҚМҚ тобы Мухамбеткереева А. А жетекшісі: Нұрашева Г. С. Орал 2019 мазмұНЫ


Ұлттық құндылықтарға туған жер, отан, халық, туған ошақ, ұлттық мәдениет, ұлттық тіл, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар



бет5/16
Дата20.05.2024
өлшемі276,56 Kb.
#202598
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Курсовой
Озат мұғалім, матем 2 кітап, курсовой антиплагиат 2, курсовой антиплагиат, 9 мамыр Жеңіс күні тәрбие сағаты, Снимок экрана 2024—04—03 в 16.19.55, 098660d3-8dd5-457f-8101-aaa51b5f89db, қмж, 44f2e2ae-0fbd-4c16-9f80-e321bdbb3915, 5221e9ae-c37e-4cc7-8834-c549fff71318, 99f2451b-9a25-422d-9bd5-12d788407966, УМК ПЕД МАСТЕРСТВО новый
Ұлттық құндылықтарға туған жер, отан, халық, туған ошақ, ұлттық мәдениет, ұлттық тіл, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар жатады. Сонымен қатар, оны тұлғааралық қатынастар, шаруашылық және қолөнер аясындағы құндылықтармен (тамақ, ұлттық киім) толықтырамыз.
Дана халқымыз өзінің үлкен тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, өзіндік салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр рәсімдерін туғызды. Бұлар – халықтың іс-әрекеттерінің қоғамдық ортада қалыптасқан нормалары мен ұстанымдарының көрінісі деп түсінген дұрыс. Қазақ халқы өмір сүрген ортаның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, мәдениеті мен тарихына сай жастарға тәлім мен тәрбие берудің басқа халықтарда қайталанбайтын талап-тілектерін дүниеге әкелген. Қазақ халқының ең құнды байлығы – салтдәстүрі. Салт-дәстүрлердің пайда болуы мен қалыптасуының өзінің тарихы бар екені белгілі. Себебі, қазақ елі жеке ұлт ретінде құрылғанға дейін небір қиынқыстау кезеңдерді бастан өткеріп, қазіргі таңда өзіндік сипатымен орныққан бүгінгі күнге жетіп отыр. «Аға ұрпақ пен болашақ ұрпақтың арасында ешқандай байланыс болмаған жағдайда, әрбір жаңа ұрпақ тарихи өткен мұраты, дәстүрлерді, қол жеткен жетістікті білмесе, оны сақтамаса қоғамның алға дамуы мүмкін еместігі ақиқат. Осыған байланысты жаңа ұрпақ бұрынғының барлық құндылығын сақтап, жаңа жаңалықтармен байытып, дамытып отырады. Бұл сабақтастықта ұрпақтар бірлігінде халықтардың дәстүрінің өміршең мәңгілігі бекітіліп, сақталып, жаңа ұрпақтың әлеуметтік және адамгершілік құндылықтарға қарым-қатынасы оның жеке тұлғалық қалыптасуына негіз болады, яғни, тарихи оқиғалар негізінде ұлт құндылықтарын айқындайтын дүниелер тізбегін білім алуға түсіндіру тұрғысы ұлттық тәрбиенің құзіреттілігінде екені анық.
Ғасырлар сынынан екшеліп, ұрпақтан ұрпаққа ұласып келе жатқан ұлттық мәдениеттің бір бөлігі салт-дәстүрлердің озық үлгілері жеке тұлғаның жанжақты дамуына септігін тигізетіні анық. Бүгінгі таңда халықтың ежелден келе жатқан дәстүрлерін жинақтап, зерделеу мен зерттеудің, оның тәжірибесі негізінде жастарды тәрбиелеудің қажеттігі орынды. Сондықтан да, сондай қажеттіліктердің бірі – дәстүр мен салттың тәрбиелік мүмкіндіктерін қазіргі таңда ұрпақ тәлімінде шығармашылықпен қолдану жүйесін қалыптастырып, оның нәтижесін мұғалімдердің толық білім сапасынан және оны оқушылар тәрбиесінде пайдалана алу іскерлігінен, дағдысынан байқауға болады. Біз қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін шығармашылықпен байланыстыра қолдана отырып, ұлттық санасы биік, толық кемелденген, дамыған өркениеттің көшіне ілесер жан-жақты, заман талабына сай тұлғаны қалыптастырғанымыз.
Жасөспірімдерге халықтық тәлім-тәрбие берудің шығармашылықпен қолдану жүйесін қалыптастыру негіздеріне қоғам және ой дамуының жалпы заңдылықтары, жалпы бұқара халықтың материалдық және рухани мәдениетінің тәрбие жұмысындағы орны туралы бүкіл адамзаттық және ұлттық құндылықтардың өзара бірлігі жөніндегі қағидалармен қатар, жеке тұлға туралы теория мен оны дамытудағы іс-әрекет, қимылдың педагогикалық, философиялық және психологиялық тұжырымдамалары мен табиғаттың заңдылықтары жатады.
Ұлттық тәрбиені салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты дәріптеп оқыту арқылы білім алушының бойына күнделікті өмір тұрғысындағы тәрбие нақыштарының сан белесінен хабардар етеміз. Сол дәстүр нақыштарымен, әдет-ғұрыптардың бүгінгі таңдағы ролін айқындай отырып, жастардың халық үрдістеріне деген сүйіспеншілігін оятуды мақсат етуді негіздеу. Жалпы, салт-дәстүр, әдет-ғұрып адам психологиясымен етене байланысып, замана жаңаруына сай өзгеріп отыратын құбылыс. Қазақ – салт-дәстүрге бай халықтардың бірі. Жалпы адам өмірі салт-дәстүр, той-томалақ рәсімге, ырымдар мен наным, ән мен күйге толы. Салт-дәстүр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан бір саласы. Ол адамдармен бірге туып, дамып қалыптасқан. Адам дүниеге келген күнінен баста өмірінің соңғы демі шыққанға дейін салт-дәстүрдің ықпалында болады. Ол бір адамның шығарған ой-түйсігі емес, халықтық сана-сезімнің қалыптасқан үрдісі іспеттес. Халықтың сан ғасырлар ұлттық тағылымына қатысты өзіндік ерекшеліктерінен туындаған салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары мол. Салт-дәстүрлер қоғамның дамуына орай толысып немесе қолданыстан шығып қалып отыратын құбылыс болғандықтан, біз ұлттық тәрбиені оқыту барысында оларды шығу тарихын, қолдану заңдылықтарын ескере келіп, адам тәрбиесіне өзектілігіне көңіл бөлуіміз қажет. Оқыту барысында қамтылатын материалдардың ұлттық тәрбие жүйесін жетілдіруде оның тарихи мәнін ғана ашып беру емес, қазіргі заман жетістіктеріне сүйене отырып, өмір тынысына сай келетінін жаңғыртып пайдалана білуге үйретуді мақсат еткен орынды.
«Салт-дәстүр дегеніміз – халықтардың кәсібіне, сенім-нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасқан ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс. Ол ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге туып, бірге дамып келе жатқан тарихи және көне үрдіс. Адамның бүкіл өмірі мен ісәрекеттері салт-дәстүрлерден өзекті орын алып, адамның дүниетану көзқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі болып табылады.
«Салт – кәсіпке, сенімге, тіршілікке байланысты әдет-ғұрып, дәстүр. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді. Жаңа қоғамдық қатынасқа сай келмейтін салт-дәстүрлер ығысып, өмірге қажетті жаңалары дамып отырады.
Ал, Қазақ Кеңес энциклопедиясында салт ұғымына төмендегідей анықтама берілген: «Салт – халықтар кәсібіне, сеніміне, тіршілігіне байланысты қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын әдет-ғұрып, дәстүр. Уақыт озған сайын оған жаңалық еніп, өзгеріп қоғамдық болмыс ұстанымына бейімделіп отырады. Ал, жаңа қоғамдық қатынастарға қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері жаңа жағдайда ілгері дамиды.
Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол – қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі. Жалпы адамзат есіндегілерді және әлеуметтік тарихи тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші және жинақтаушы. Дәстүрде бірнеше ұрпақтың мәдениеті мен мәдениеттілігінің көп түрлігі және бірлігі жинақталған. Ол қоғамдық өмірдің барлық саласын, тәжірибесін қамти отырып, қоғамның әр деңгейіндегі ақылды даналықты бейнелейді. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет