Курстық жұмыс Тақырыбы: "Поэзиялық шығармаларды оқыту" (6 сынып) Орындаған



бет4/17
Дата07.02.2022
өлшемі186 Kb.
#86411
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Курстық жұмыс

Алып Ер Тұңғаны жоқтау
Шеңгелін ажал салды ма,
Ер Тұңғаны алды ма,
Сұм дүние артта қалды ма...
Қайғылы жүрек жыртылды-ау.
Сұм ажал бүгін жылатты,
Құрығын салып құлатты,
Бектердің бегін сұлатты.
Қыршын да ғұмыр қырқылды-ау.
Өмірдің күні зырлайды,
Адамның күшін ұрлайды,
Ғұмыр да мәңгі тұрмайды,
Құтылмас ешкім ажалдан.
5

Тәңірім торын құрғанда,
Тұтылмай адам тұрған ба,
Кертілер алып шыңдар да,
Тағдырдың оғы қадалған.
Ажалмен тәңірім сынаған,
Тұра алар қарсы кім оған,
Құздар да одан құлаған,
Құтылып ешкім кетпедің.
Аш арландай аларып,
Қадалғаннан қан алып,
Нұрлы жүздер қабарып,
Тұр қайғыға қамалып
Жауға шабар бектерім.
Ерлікті қаза сынады,
Бектерім жасын бұлады,
Бөрідей ұлып жылады,
Жоқтады жыртып жағасын.
Көңілімді қайғы жандырды,
Жазылмас жара қалдырды,
Кешегі күнге зар қылды,
Кеткенді қайдан табасың?
Жалғанның туып заманы,
Жауыздар қаптап барады,
Ашылды сұмның араны,
6
Сиреді қайран бектерім.
Біліктілер қалмады,
Жаман оны жалмады,
Сүрінді бектің тарланы,
Салды жанға жараны.
Ажал жұтып ағаны,
Жауыз жайлап барады,
Жақсының өшіп жанары,
Дүние азып барады.

ҚМЖ бойынша талдау
Сабақ әдісі: Түсіндірмелі
Сабақтың мақсаттары: 1. Барлық оқушылар орындай алады: Жырды оқиды, мазмұнын түсінеді.
2. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Жырдың тақырыбы мен идеясын анықтайды.
3. Кейбір оқушылар орындай алады: Жырдың құрылысын талдау жасайды.
Бағалау критерийлері: Жырды қазіргі заманауи жырлармен салыстыру.
Тілдік мақсаттар: 1. Жырдан үзінді жаттап айтып беру
2. "Сұм дүние ", "қыршын ғұмыр" сөздерінің мәнін ашу.
3. 1) Жоқтау жыры қандай шығармаларда кездеседі? 2) Алып Ер Тұңғаға портреттік мінездеме беру.
7
Құрылымдық талдау
Авторы: түркі халқы
Тақырыбы: "Алып Ер Тұңғаны жоқтау"
Жанр түрі: жыр
Идеясы: түркі жұртын ынтымаққа үндеу
Шумақ: 11
Тармақ: 45
Бунақ: 2
Буын: 7-8 буынды
Ұйқас: шұбыртпалы
Эпитет: сұм дүние, қайғылы жүрек
Теңеу: аш арзандай, бөрідей ұлып
Түсіндірмел сөздікі: шеңгел - бұтақ; тұңға - алғашқы
Өлеңнің түйіні: халық қаһарманың жоқтау


8

Әбу Насыр әл-Фараби
(870–950)
Әбу Насыр әл-Фараби – қыпшақ даласынан шыққан ұлы энциклопедист ғалым. Ойшыл, философ, математик. Ол – әдебиет пен музыка фзерттеушісі, ақын. Толық аты-жөні: Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Ұзлағ әл-Фараби.Болашақ ғалым алғашында туған жері Отырар медресесінде, кейін Шаш, Самарқан, Бұхара, Мысыр, Фалеб, Бағдад қалаларында оқып, жан-жақты білім алған. Дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанып, көп тілді меңгерген. Оның философия, жаратылыстану, астрономия, математика, медицина, логика, этика, метафизика, жағрафия, әдебиеттану, тіл білімі, музыка сияқты ғылым салаларынан 164 трактат жазғаны мәлім. Ұлы ғалымның көптеген еңбектерінің ішінен бүгінгі ұрпақтың қолына қырыққа жуық ғылыми жазбасы жеткен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет