Қашықтасың туған жер
Қашықтасың туған жер – қалың елім,
Небір жүйрік болдырып жарау деген.
Шаршадым мен, қанатым талды менің,
Шаңыт жолға сарылып қарауменен.
Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,
Қасіреттің жасына көз жуынар.
О, жаратқан, көп неткен ақымағың,
Құм сықылды тез ысып, тез суынар.
Зиялы аз бір тұтам тіршілікте,
Әкімдікке күллісі жүгіреді.
9
Көкірекпен сезініп, күрсініп көп,
Жаным менің түршігіп, түңіледі.
ҚМЖ бойынша талдау
Сабақ әдісі: Аузыша баяндау
Сабақтың мақсаттары: 1. Барлық оқушылар орындай алады: Өлеңді оқиды, мазмұнын түсінеді.
2. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтайды.
3. Кейбір оқушылар орындай алады: Өлеңнің құрылысын талдау жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |