Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Спорттық медицина және фкиС гигиенасы пәні. Мамандығы: 5В010800 Дене шынықтыру және спорт мамандығы Орындады: Ербол Айымбек



бет7/33
Дата07.02.2022
өлшемі73,29 Kb.
#86090
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33
Байланысты:
Спорттық медицина Курстық жұмыс

ІІІ. Жалпы мағлұмат
Спорттық медицина – бұл кәсіптік медицинаның аумағына кіретін және денсаулықты нығайту мен сақтауға бағытталған барлық қызметтердің түрі, ауруларды емдеу мен алдын алу сонымен бірге дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындардың жаттығу тиімділігін жоғарлату болып табылады.
Сонымен спорттық медицинаның зерттеу объектілеріне барлық спортшылар мен қатар дене шынықтыру жаттығуларымен айналысатын, емдік және сауықтыру дене шынықтыруларымен шұғылданатындардың бәрін түгел қамтиды.
Спорттық медицинаның негізгі мақсаты – адамдардың денсаулығын нығайту мен сақтау, дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындардың, аурулар мен патологиялық жағдайлардың алдын алу, дене шынықтыру мен спорттың тәсілдері мен амалдарын тиімді пайдалану, жүктемеден кейінгі қайта қалпына келу үрдістерін қолайландыру және жұмыс қабілеттілігін жоғарлату, өмірінің шығармашылық және белсенділігін арттыру.
Спорттық медицинаның негізгі міндеттері:

  • Дене шынықтыру мен спортқа қатысуын қамтамасыз ету (дәрігерлік көрсеткіштерге байланысты);

  • Спорттық бағдар мен іріктеу сұрақтарына қатысу;

  • Спортпен және дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылданатындардың қызметтік жағдайын жүйелі түрде бақылап тұру;

  • Ауруларды, жарақаттарды талдау, барынша ерте диагноз қою, емдеу және алдын алу үшін тәсілдер пайдалану;

  • Сабақтар мен жаттығулардың тиімді кестелерін әсіресе әртүрлі контингенттерге байланысты;

  • Практикаға дәрігерлік – биологиялық амалдар мен тәсілдерді апробациядан өткізіп ендіру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет