Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Спорттық медицина және фкиС гигиенасы пәні. Мамандығы: 5В010800 Дене шынықтыру және спорт мамандығы Орындады: Ербол Айымбек


Ұйымдардың міндеттері мен функциялары



бет6/33
Дата07.02.2022
өлшемі73,29 Kb.
#86090
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Спорттық медицина Курстық жұмыс

4. Ұйымдардың міндеттері мен функциялары
18. Диспансердің міндеттері мыналар болып табылады:
1) дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұлғаларды медициналық қамтамасыз етуді, дәрігерлік бақылауды, емдік дене шынықтыруды және оңалтуды жүзеге асыру;
2) спорттық жарыстарды медициналық қамтамасыз етуді, сондай-ақ, және оқу-жаттығу сабақтарын, оқу-жаттығу жиындарын қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
3) дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұлғаларды медициналық қамтамасыз ету бойынша жалпы емдік желілер ұйымдарының қызметін үйлестіру;
4) халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы халықтың әртүрлі жастағы және кәсіби топтарын сауықтыру.
19. Диспансердің функциялары мыналар болып табылады:
1) дене шынықтыру мен спортпен шұғылданатын тұлғалардың денсаулығын медициналық қамтамасыз ету және бақылау әр түрлі спорт түрлерінен сабақтар мен жарыстарға жіберу;
2) спорттық іс-шараларды медициналық қамтамасыз ету;
3) дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұлғалардың денсаулық жағдайына диспансерлік бақылауды жүзеге асыру, оларды тексеру, емдеу және қалпына келтіруді уақытылы жүргізу;
4) дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұлғалардың денсаулығының ауытқуы, ауыруы және спорттық жарақаттануының себептеріне талдау жүргізу, олардың алдын алу және емдеу жөнінде іс-шараларды әзірлеу;
5) дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұлғаларға медициналық қызмет көрсету нысандары мен әдістерін әзірлеу, олардың денсаулығы, дене денсаулығы және функционалдық жағдайының деңгейін анықтау;
6) дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұлғалардың ағзасына кері әсерін тигізетін сыртқы орта факторларының зиянды әсерлерін төмендетуге бағытталған іс-шаралар жүйесін жүзеге асыру;
7) дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұлғаларды медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, сондай-ақ, халықтың әртүрлі жастағы топтарын қалпына келтіріп емдеуде емдік дене шынықтыру әдісін қолданатын мекемелерге (ұйымдарға), бөлімшелерге
ұйымдастыру-әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
8) дәрігерлік-дене шынықтыру қызметі бойынша жұмыс тәжірибесін қорыту, конференциялар, кеңестер өткізу;
9) балалардың және оқушылардың дене тәрбиесі және дамуын медициналық педагогикалық бақылау мәселелері жөніндегі мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, мектептердің, орта және жоғары оқу орындарының медициналық қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
10) денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органдарға, спорт ұйымдарына дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұлғаларды медициналық қамтамасыз етуді жетілдіру, емдік дене шынықтыру әдістерімен аурулардың және жарақаттардың алдын алу және емдеу бойынша ұсыныс енгізу.
20. Орталықтың міндеттері мыналар болып табылады:
1) Қазақстан құрама командасы спортшыларын диагностикалауды, емдеуді, қайта оңалтуды және қалпына келтіруді жүзеге асыру;
2) оқу-жаттығу жиындарын, жаттығу сабақтары мен жарыстарды өткізу кезінде спортшыларды медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.
21. Орталықтың функциялары мыналар болып табылады:
1) медициналық қамтамасыз ету және спортшылардың денсаулық жағдайын бақылау, әр түрлі спорт түрлері мен жарыстарға қатысуға рұқсат беру;
2) орталыққа бекітілген спортшыларға медициналық тексеру жүргізу: тереңдетілген медициналық тексеру (соның ішінде, спортпен шұғылданғанға дейінгі алғашқы тексеру), кезеңдік медициналық тексерулер, жарыс алды тексерулер, ағымдағы тексерулер, қосымша медициналық тексерулер;
3) спортшылардың ауырулары және жарақаттануларының салдарын медициналық оңалту және емдеу;
4) дене шынықтыру құралдары және әдістері арқылы мүгедек-спортшыларды және ақыл-ой және дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды медициналық оңалтуды жүзеге асыру, емделушілерді іріктеу және төмендеген немесе бұзылған функцияларды қалпына келтіру үшін емдік дене шынықтыру әдістерін қолдануды оқыту;
5) дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын тұлғаларды медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, сондай-ақ, халықтың әр түрлі жастағы топтарын қалпына келтіріп емдеуде емдік дене шынықтыру әдістерін қолданатын мекемелерге (ұйымдарға) ұйымдастыру-әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
6) жұмыс тәжірибесін қорыту, дәрігерлік-дене шынықтыру қызметі жөнінде конференциялар, кеңестер өткізу;
7) балалардың және оқушылардың дене тәрбиесі және дамуын медициналық педагогикалық бақылау мәселелері бойынша мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, мектептердің, орта және жоғары оқу орындарының медициналық қызметкерлерінің біліктілігін көтеруді ұйымдастыру;
8) денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органдарға, спорт ұйымдарына спортшыларды медициналық қамтамасыз етуді жетілдіру, емдік дене шынықтыру әдістерімен ауырулардың және жарақаттанулардың алдын алу және емдеу бойынша ұсыныстар енгізу.
22. Медициналық пункттің міндеттері мыналар болып табылады:
1) спортшыларға және өзге де жарысқа қатысушыларға аурыуы және жарақаттануы кезінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету;
2) спортшыларға мамандандырылған медициналық көмек көрсету спортшыларға және өзге де жарысқа қатысушыларға медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде оларды медициналық көрсеткіштеріне сәйкес зардап шеккендерге мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымдарға жіберу.
23. Медициналық пункттің функциялары мыналар болып табылады:
1) спортшыларға және өзге де жарысқа қатысушыларға жарыстарды өткізу ережелерімен регламенттелетін спорт түрлері бойынша қосымша медициналық тексерулер жүргізу;
2) зардап шеккендерді тиісті медициналық ұйымдарға медициналық эвакуациялауды және тасымалдауды ұйымдастыруға қатысу;
3) спортшылар және өзге де жарысқа қатысушылардың ауыруы және жарақаттануы кезінде дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету;
4) спорттық іс-шараларды өткізу кезінде спортшылардың ауырулары мен жарақаттануының алдын алу және азайту жөніндегі іс-шараларды өткізу.
Медициналық пункттің медициналық қызметкерлерінің саны дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу кезіндегі медициналық қызметкердің ұсынылатын штаттық нормативтерін ескере отырып бекітіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет