Курстық ЖҰмыс тақырыбы: «Топырақ гигиенасы»


Топырақты ветеринарлық – санитарлық тұрғыдан қорғау



бет8/10
Дата15.06.2020
өлшемі62,02 Kb.
#73503
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
гигиена назкен

Топырақты ветеринарлық – санитарлық тұрғыдан қорғау

Топыраққа органикалық және неорганикалық ластаушылар ( патогенді және шартты патогенді вирустар, бактериялар, қарапайымдылар, геогельминттер жұмыртқалары ) түскен кездегі оның санитарлық жағдайын бағалау жөніндегі гигиеналық нормалар ғылыми тұрғыдан негізделген. Топырақты санитарлық қорғау жұмыстарын іске асыру кешенді шараларды жүргізуді керек етеді. Оның ішінде топырақты тазарту және малды топырақтан жұғатын аурулардан сақтандыру жөніндегі шараларға агротехникалық және санитарлық шаралар да жатады. Тиісті ауыспалы егіс жүйесімен бірге, жерге органикалық және минералды тыңайтқыштарды себудің маңызы зор. Олар екпе дақылдар егу, бұталарды жойып, батпақты учаскелерді құрғату, екпе өсімдіктердің өсіп жетілуіне қолайлы жағдайлар туғызады. Топырақты су басып, батпақтана бастаса арықтар қазылып, жиектері көтеріледі. Топырақ індеттері мен геогельминтоздардың алдын алу үшін ондай қауіп бар өрістерді мал жаю тоқтатылып, өрістер қоршалып, ауруға тез шалдығатын малға вакцина егіледі. Эпизоотоотиялық шаралар жоспарына сай өлексе көмілетін орындар тәртіпке келтіріліп, малды қашалап бағу және қашаларды ауыстырып отыру ұйымдастырылады. Бұл биологиялық дегельминттеу деген сөз. Санитарлық шаралар арқасында мал фермалары қалдықтардан тазартылады, топырақты ластайтын көздері анықталады. Көң сақталатын орындар жабдықталып, тағы басқа жағдайлар

19

жасалады. Топырақты органикалық қалдықтармен ластанудан және топырақ инфекциясы қоздырғыштарын қорғау үшін мал өнімдері шикізаттары ( жүн, сүйек, мүйіз, тері ) сақталатын қоймаларды, сондай – ақ тері зауыты, жүн жуғыштарды, май зауыты, мал сою алаңдары және тағы басқа салу, орналастыру және пайдалану кезінде ветеринарлық – санитарлық ережелерді сақтау қажет. Топырақ спора түзбейтін мироорганизімдермен және вирустармен залалданғанда құрамында 25 пайыз активті хлоры бар хлорлы әк немесе формальдегидтің 4 пайыз ерітіндісі қолданылады. Өлексе жатқан немесе оны сойған жерге хлорлы әк шашылып (2 кг/м ), сумен ылғалданады. Туберкулезбен жарақаттанған өлекселерді залалсыздандырғанда формальдегидтің сілтілі ерітіндісі ( 3 пайызды формальдегид және 3 пайызды күйдіргіш натрдан тұратын ) пайдаланылады. Топырақты 3-4 см тереңдікке залалсыздандырғанда ерітінді шығыны 10 л/ м , ал экспозиция .ә сағатқа тең болады. Спора түзетін індетпен ластанған топырақты ( шамалы ғана алаң ) термикалық тәсілмен өңдеп 50 см тереңдікке дейін залалсыздандыру қажет. Ол үшін ластанған жерде хлорлы әктің қойыртпасымен ( 10 л/м есебінен ) дымқылдайды. Қойыртпа толық топыраққа сіңгенімен кейін оны 25 см тереңдікке дейін қазып (аударыстырып), құрғақ хлорлы әкпен (кемінде 25 пайыз активті хлоры бар) араластырады ( 1:1 ). Содан кейін топырақты сумен ылғалдайды (5 л/м ). Хлорлы әктің орнына бейтарап кальций гипохлоридін колдануға да болады. Жердің бет жағын ғана (3-4 см тереңдікте) зарарсыздандыру үшін ыстық күйдіргіш натр (10 пайызды), формальдегид (4 пайызды - 5л/м ) және хлорлы әк (5 пайызды - 10л/м ) ерітінділерін колдануға болады. Шағын алаңдар күкіртті карбол қоспасының 10 пайыз ыстық ерітіндісімен немесе натрий гидрототығымен (1 мі алаңға 10 деріпінді) дезинфекцияланады. Топыраққа санитариялық жағынан баға беру физикалық, химиялық, бактериологиялық және гельминтологиялық зерттеулер: деректері бойынша жүргізіледі. Зерттеудің сипаты мен бағдарла-масы топырақты бағалау мақсатына келіп саяды. Мәселен, құрылыс үшін таза, органикалық заттармен ластанбаған топырақты жерлерді пайдалану керек.



20



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет