Қорытынды
Топырақ үнемі биологиялық ластануға ұшырап отыратындықтан, жұқпалы және паразиттік аурулардың берілу факторы бола алады.Топырақта – оразан зор табиғи биохимиялық зертханада – топырақ организмдерінің қатысуымен үнемі органикалық заттардың ыдырау және жаңа протеинді кешендердің синтезделу үрдістері жүзеге асып отырады, нәтижесінде топырақтың құнарлылығы артады. Өздігінен тазару үрдісінде патогенді микрофлора жойылады. Топырақтың өздігінен тазару қабілеті сұйық және қатты қалдықтарды залалсыздандыру және өңдеп, қайта пайдаға асыру үшін қолданылады. Топырақта ластаушы заттардың уытты деңгейлері баяу жиналады, бірақ олар бүкіл өңірлердің экологиялық жағдайына теріс әсер ете отырып, ұзақ уақыт бойы сақталады. Сондықтан топырақты қорғау-топырақтың ластануының әсері атмосфера мен гидрофераның ластануы сияқты айқын және айқын емес болса да, бірінші кезектегі маңызды іс. Ауыр металдар топырақ микроорганизмдерінің биохимиялық белсенділігін бәсеңдетеді, олардың жалпы санының өзгеруін әкеледі. Ауыр металдармен ластану топырақ микроорганизмдері кешенінің құрамының өзгеруінен үлкен әсер етеді. Топырақты санитарлық қорғау мақсаты топырақтың берілу факторы ретінде топыраққа байланысты инфекциялық және паразиттік аурулардың, сондай-ақ барлық экологиялық тізбектер бойынша ЭХВ және радионуклидтердің тікелей немесе жанама түсуіне байланысты аурулардың дамуына әкелмейтін сапасын сақтау болып табылатын іс-шаралар кешені болып табылады. Топырақты санитарлық қорғауда үлкен гигиеналық мән қатты және сұйық қалдықтардан елді мекендерді санитарлық тазалаудан тұратын санитарлық-техникалық іс-шараларға беріледі. Санитарлық қадағалау топырақтың ластануының алдын алу жөніндегі барлық іс-шаралардың жүргізілуін, қалдықтарды залалсыздандыру, жою және кәдеге жарату жөніндегі құрылыстардың дұрыс орнатылуын, күтіп ұсталуын және пайдаланылуын, жерді қалпына келтірудің қауіпсіз әдістерін қолдануды және оларды ұтымды пайдалануды жүзеге асырады.
21
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1. Топырақтың жалпы зоогигиеналық маңызы 4
1.1. Топырақтың механикалық құрамы және оның құрылысы 5
1.2. Топырақтың химиялық құрамы 8
1.3. Топырақ инфекциясы және жануарлар ауруларының алдын алу шаралары. 10
1.4. Жұқпалы және паразиттік ауруларды таралуындағы топырақтың ролі 14
1.5. Топырақтың өздігінен тазарту үрдістері және олардың қалдықтарды залалсыздандырудағы рөлі 17
1.6. Топырақты ветеринарлық – санитарлық тұрғыдан қорғау 19
Қорытынды 20
Пайдаланылған әдебиттер тізімі 21
Достарыңызбен бөлісу: |