Жайнақ. Қоңырау біткелі қосыла әндетіп, неменеге ұлып кетті бұл.
Тәуке. Уақытсыз шіркеу күңіренсе, жай болмайтын. Бәле бар да келе жатқан.
Сұрақ. Тәуке жауабындағы бәле не еді?
Жауап: Империалистік соғыс зардабынан туған 1916 жылғы июнь жарлығы. Патша әкімдерінің тұтқындауға Аманкелдіні іздеуі.
Сұрақ: Халық жағдайы қалай еді?
Мәтіннен оқылады.
Жұрт. Қой, кез бе қадаққа апарып қалғанымызды қағып берейік те, қайталық елге қарайық. Бір бәлесіне ұшырап қалармыз.
Тәуке: Қағатының қалса, бар, біз қағылып болдық.
Сұрақ: Кез бен қадақ деген не?
Жауап: Капитализімдегі товарлы өндіріс өнімдері: мата, қант. шай...
Мәтіннен оқылады:
Әрелдік: Сендерге осы керек. Малдарынды ағылшын дүкеніне өткізіңдер, екі есе қымбат айналады, деп айтып па ем, айтпап па ем, айтқанмын!
Тәуке: Түймесіне түйенің құнын алатын ағылшынныңды айтамысың сен? Қарсақбай маңының ақсүйек болып қаусап қалғаны әлі аз болып жүр ме саған?
Текстен оқылады:
Жігіттер: Қара мұртты, шошқа сақалдыларың айналмаңдар, қашыңдар! Қашыңдар!
Сұрақ: Шошқа сақалдылар неге қашуда?
Жауап. Бай-әкімдерге бой ұсынбаған Аманкелдіні әкімдер іздеуде.
Елдің толқу алдындағы әрекеті пьесада қалай берілген?
Мәтіннен оқылады.
Тәуке Петрге: Ендеше, Қазір келеді Аманкелді! (Жүгіре жөнелтіп, тоқтап.) Би-төренің арасында айырма жоқ, ақ төбет пе, қара төбет пе, бәрі бір төбет дейтін өздерің, Аманкелді екеуің болатынсыңдар. Сені де солардың біреуі ме деп қалып ем, балам. Өкпелемессің бір шалға! (Кете беріп, тағы тоқтап.) Аманкелді әр кімнің өз жалғызындай, , оны жаман көзден бәріміз де қорғай жүреміз, балам. Шалдың онысын да кешіресің! ( Кетеді)
Петр: Жоқ, Петр қаталаспассың! даланың билері мен қаланың төрелерінің арасын осындай шалдар да айырмайтын халге жетсе, ол аз олжа емес. «Ақ төбет, қара төбет, бәрі бір төбет»деген жаңағы шалға оңай сөз бе еді! Қарапайым қазақ осыны айтса, көрген қорлық, тартқан азабын босқа кетпеген екен, сорлы дала!
ПетрАманкелдіні не үшін іздеді және қандай ақыл берді? Әкімдер не әрекетте?
Достарыңызбен бөлісу: |