1) Your father must be nearly eighty now. Сіздің әкеңіз қазір сексен жаста болса керек. 2) You must be hungry after your long walk. Сіздің осындай ұзақ серуеннен кейін қарныңыз аш болса керек. 3) We must have taken a wrong turning. Біз бұрыс жерден бұрылған сияқтымыз. Must етістігі басым сенімділікпен айтылатын болжамды немесе мүмкінділікті білдіру үшін қолданылады. Сөйлеуші айтылған болжамды шынға ұқсас деп таниды. Бұл мағынада Must етістігі evidently, apparently, certainly, most likely, probably сияқты модаль сөздерінің мағыналарына сәйкес келеді.
Can-could осы шақ үшін can және өткен шақ үшін could сияқты екі формалары бар және to be able to конструкциясы дәл сондай мағынаға ие.
Can-could етістіктері істей алу қабілеттілігін, мүмкінділігін, мүмкін еместігін, күмәнді және таң қалу сияқты мағыналарын білдіреді.
Физикалық немесе ақыл-ес қабілеттілігі. Can-could етістігі істей алу деген мағынаны білдіреді. Ол физикалық қабілетпен бірге санаға қатысты қабілетті білдіреді. Could – Can етістігінің өткен шақ формасы болып табылады.
“Please dont, Mr.Kane,” she pleaded. Oh, please don’t. I can’t! I can’t! You mustn’t!.”. Мүмкінділік немесе болжалдылық. Can етістігі болжалдылық мағынасында көбінесе болымсыз сөйлемде қолданылады да, ал сұраулы сөйлесде сирек қолданылады. Ол перфекті және перфекті емес инфинитивпен қолданылуы мүмкін. Перфекті инфинитивпен қолданылғанда Can етістігі болымсыз сөйлемде істі орындаудың мүмкін еместігін көрсетеді.
You can’t really love me, or you wouldn’t hesitate.-Сен мені сүйгенінің мүмкін емес. “He cannot hope to carry it off successfully. Nobody can. He ought to marry her or he ought to quit” Істің орындалуының мүмкін еместігі, күмән және таң-қалу.Осындай жағдайларда ол сұраулы және болымсыз сөйлемдерде бірдей кездесе береді. Көбінесе таң қалу сұраулы сөйлем арқылы беріледі.
Ертеректе Should-would етістіктері міндеттілікті білдіретін етістіктің екі формалары болған. Біртіндеп тілдің дамуы барысында осы екі етістік екі түрлі модальді мағынаға ие бола бастады және жеке қарастырылды. Біртіндеп Should етістігі қалау мағынасын жоғалтып, міндеттілік мағынасынан басқа, болжалдылық мағынасын білдіреді.
It should be about five now. Қазір сағат 5 болса керек . May – might модаль етістіктері осы шақта may және өткен шақта might қолдаылатын екі формалары бар және to be allowed to мен to be permitted оған синонимдес болып келеді.
May – might рұқсат беру, сенімсіздік,мүмкінділік пен кінәләу мағынысын білдіреді.
Мүмкінділік мағынасына күмән немесе сенімсіздік реңкі қосылса, онда may етістігі қолданылады. Ол істің орындалу немесе орындалмау мүмкінділігін білдіреді. May модаль етістігі осында перфекті, я болмаса перфекті емес инфинитивпен бірге қолданылады.
It may rain tomorrow. Ертең жаңбыр жаууы мүмкін. I may be away from home tomorrow. Мүмкін, мен ертең үйде болмаймын. Сөйлеуші May модаль етістігін болжамының қаншалықты шын бола алатындығына күмәнданғанда қолданады. Осы жағдайда May модаль етістігі қазақ тіліне мүмкін модаль сөзімен аударылса, инфинитив ашық райда осы немесе келер шақта беріледі. May модаль етістігі инфинитивпен бірге болжалдылықты білдіреді.
He may know her address.-Ол оның мекeн-жайын білетін шығар. What might have followed if the child had been homely, misshapen, peevish, or all three, can scarcely be conjectured. May модаль етістігі қазақ тіліне мүмкін, шығар деп аударылады. Оның өткен шақ формасы might етістігі болып табылады.
Might модаль етістігі кінәләу мағынасында да қолданылады. Осы мағынада тек might қана қолданылады may қолданыла алмайды.
You might have told me about. I wouldn’t have lost my chance. Shall.
Shall таза модальді етістік емес. Ол бірде модаль етістігі, бірде көмекші етістіктің қызметін атқарады. Ол сөйлеуші тарапынан сөз беруді, алдын ала ескерту, бұйыру және тыйым салу, қорқыту мағыналарында қолданылады.
Бұйрық. She shall go out today.
Алдын ала ескерту немесе қорқыту. “That’s the last time!” she cried. “You shall never see me again!”
Сөз беру. I shal take you away. I shall marry you.
Will модаль етістігі.
Ол да тек қана модаль етістігінің қызметін атқарып қана қоймай, сонымен бірге көмекші етістіктің қызметін атқарады. Ол көбінесе сөйлеушінің ниет-пиғылын, қалауын, мақсатын немесе сөйлеушінің табынды тілігін білдіреді.
Қалау, мақсат. I won’t go with you any more.
Will сонымен бірге сыпайы сұраулы сөйлемдерде қолданылады.