Will you have a cup of tea?
Болашақта орындалатын іске қатысты табандылық.
I will prove you that you were not right.
“Well, You mustn’t worry. If you knew as much about life as I do, and about your neighbors, you would not cry. Your girl will be all right.
Would.
Would модаль етістігі will етістігінің өткен шақ формасы болып саналған. Ол да тілек және табандылық мағынасында қолданылыды, да істің орындалатындығын не орыналмайтындығын білдіреді.
She was going away and would not say where she was going.
I asked him not to bang the door, but he would do it.
Dare.
Модаль етістігі бір істі істеуге батылдығы бар немес жоқ екендігін білдіреді.
He didn’t dare to meet her.
Need модаль етістігі
Need модаль етістігі қажеттілікті білдіріп, қазақ тіліне керек, қажет деп аударылады.
We need talk of this no more.-Бізге осы туралы сөйлесу керек емес.
“I shan’t go upstairs. I shall go homе. I must go home.”.
Күмәндану мағынасындағы модальділіктің берілу тәсілдерін бірнеше топқа бөлуге болады. Осы етістіктермен қолдаылған модальді конструкциялар:
А) seem
It seems (to me/him) + that-clause, there seems (to be), It seems as if / as though…
It seems to her as if the world was her.
Маған ... деп/сияқты көрінеді
б) appear көрінеді
It appears (to me / him) + that-clause – Маған ... сияқты көрінеді.
2. Модаль сөздер және демеулік шылаулар:
hardly, scarcely - Әрең дегенде, сияқты, күмәнді.
3. Модальді фразалар: I doubt if…
I am not certain + that-clause, It is doubtful + that-clause
It looks (to me / him) as if / as though…
Күмәнданамын
It was doubtful that it could happen.
Ағылшын тілінде сенімділік certainly, surely, perhaps, probably, maybe күшейткіш сөздері, яғни лексикалық тәсіл арқылы беріледі сонымен бірге it seems, it is sure, unlikely to be сияқты лексика-синтактикалық формалары және конструкциялары арқылы беріледі және I suppose, I think, I guess, I'm sure, I have no doubt сияқты модальді фразалар арқылы беріледі.
Ағылшын тіліндегі демеулік шылау
Демеулік шылау деп ағылшын тілінде сөздердің немесе сөйлем ішіндегі сөз тіркестерінің мағынаны күшейту, дәлдеп айту, болымсыдықтықты білдіру үшін қолданылатын көмекші сөз табы. М.А. Беляева демеулік шылаулардың екі негізгі тобын атап көрсетеді.
Болымсыз демеулік шылау not (n’t):
Ол етістіктердің болымсыз формаларын жасау үшін қолданылады.
I don’t smoke. – Мен темекі шекпеймін.
My elder brother is a student, not a teacher. – Менін үлкен ағам мұғалім емес, ал студент. Ол әр түрлі сөз таптары арқылы берілетін сөздермен болымсыз мағынаны жасайды.
We are going to the river, not to the lake. – Біз өзенге емес, көлге бара жатырмыз. I asked him not to do that again. – Мен одан бұны істемеуді сұрадым.
Кейде ол адыңғы айтылымда білдірілген болымсыз сөйлемдердегі жауап ретінде де қолданылады. Мысалы, I believe, I hope, I suppose, I expect, сонымен қатар of course, certainly, sure, perhaps және т.б. модаль сөздермен қолданылады.
Can you lend me this book? – I’m afraid, not, I’m still reading it. – Сен маған осы кітапті бере алмайсың ба?-Жоқ, мен оны әлі оқып жатырмын.
Do you smoke? – Of course not! - Сіз темекі шегесіз бе? Әрине, жоқ!
2. Күшейткіш және шектеуші демеулік шылаулар. Only – тек; even - тіпті; just – дәл, жай; simply - жай; merely - жай; still - әлі; almost – таман, жақын; hardly – әзер деп, екіталай; exactly – дәл.
We could hardly understand him. – Біз оны әзер дегенде түсінеміз.
I merely asked his name. – Мен одан жай ғана атын сұрадым.
Even a child can understand it. – Осыны тіпті бала да түсіне алады.
3. Жалғаулықты шылаулар:
Достарыңызбен бөлісу: |