Курстық жұмыстың өзектілігі



бет11/12
Дата24.04.2020
өлшемі74,93 Kb.
#64547
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
хамидуллин
хамидуллин
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша құқықтық мемлекет қалыптастырудың негізгі бағыттары демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру (1-бөлім).[14]

Демократиялық мемлекет - Қазақстан Республикасында алдымен Конституция қабылдап, тікелей басшысын және Парламент сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соң, оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билігі бар республикалық құрылыстағы мемлекет ретінде танытатын ұғым. Республиканың жоғарғы органдары арқылы көпшілік қазақстандықтардың еркін шынайы анықтауға және мүддесін барынша жүйелі қорғауға қажетті мүмкіндіктер береді. Демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына қарамастан, азшылық пен жекелеген азаматтардың мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндіктер береді, -мемлекеттік қызметке араласып, қатысуға тең құқықтар беріледі. Демократиялық мемлекет қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі - "Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық".

Зайырлы мемлекет - Қазақстан Республикасында діни мекемелер мен дін ұстау мемлекеттен бөлістігін білдіреді және бұл Қазақстандағы ислам мен православиелік тағы басқа нанымдық ағымдарға бірдей қатысты. Діни негізде партия құруға жол берілмейді. Наным немесе атеизм мәселесі-әркімнің жеке басының шаруасы.

Құқықтық мемлекет - Қазақстанның барлық органдары мен лауазымды адамдарының қызметі құқық нормаларына байланысты, соған бағынышты, және соған сәйкес іс-әрекет жасайды. Құқықтың негізгі принциптері: азаматтар үшін — "заңға тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі", мемлекеттік органдар мен лауазым иелері үшін - "Заңда нақты не көрсетілсе, соған ғана рұқсат". Барлық заң жүйесін жақсартып, әділеттікті жоғары дәрежеге көтеру және азамат құқығы мбн бостандығын халықаралық өлшем деңгейіне жеткізу Қазақстан мемлекетінің негізгі міндеті. Құқықтық мемлекетте Заң бір әлеуметтік-топтық емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді. Барша адамдар, ең жоғары дәрежедегі лауазым иелеріне қатардағы азаматтарға дейін заңдардың бүкіл халықтың мүддесі, игілігі үшін жасалып, қолданылатынын, заңдар адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті орнататынын, адамдарға отбасын құрып, өсіп-өнуге, өзі қалаған жұмыспен шұғылдануға, өздерін еркін сезінуге, қоғам ісіне қатысуға жағдай туғызуы керек екенін түсінуі қажет.

Азаматтық қоғам — мемлекетке тәуелді емес, дербес, ашық, жариялы қоғам. Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасу ерекшеліктері: кеңестік мейлінше мемлекеттендірілген күйден шығу, қоғам мен мемлекеттің арақатынасын тәуелсіз - дербестікте дамыту.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасында ұлттық құқық мемлекет тек қана нормативтік актілер арқылы қалыптасуда. Құқықтың мемлекет нәр алатын бастауы — Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады. Одан төмен — конституциялық заңдар. Ондай заңдар ерекше қатынастарды реттейді. Одан кейінгі — жай заңдар. Конституцияға өзгерістер мен қосымшаларды республикалық референдум немесе Парламент енгізеді. Конституциялық және жай заңдарды Парламент қабылдайды. Парламент Президентке бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге қақылы. Конституцияда аталған жағдайда Президент заң күші бар Жарлық шығаруға қақылы. Президент өз өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша нормативті Жарлық шығарады. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз құзырындағы мәселелер бойынша Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар қаулылар шығарады. Конституциялық Кеңес өз құзырындағы мәселелер бойынша нормативті қаулылар шығаруға құқылы. Ол Казақстан құқығының мемлекет құрамды бөлшегі болып есептеледі. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты да құзырына жататын мәселелер бойынша нормативті қаулылар қабылдауға құқылы.

ҚР-ның азаматтары Ата Заңымызда көрсетілген құқықтық мемлекет нормалар бойынша әркім мелекеттік нышандарды құрметтеуге, елін қорғауға, табиғат байлықтарын қорғауға міндетті екендігі жазылған. Конституцияның 37-бабындағы «Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті» - деп жазылған.

Сонымен, қорыта келе, құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларына:

- құқықтық, заңның жоғарылығы;

- қоғамдық өмірдің барлық саласында заңнын үстемдігі;

- тұлға еркіндігінін бұлжымастығы;

-оның құқығы мен мүдделерінің, ар-намыстың, абыройдың мызғымастығы;

- оларды мемлекет тарапынан қорғау және кепілдік беру;

- мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі мен сенімі;

- биліктің заң шығару, атқару және сот тармақтарына бөлінуі;

- заңның жүзеге асуын қадағалайтын тиімді бақылау формалары саяды.

Рухани салада мемлекет азаматтың өз дүниетанымын, идеялық және діни ұстанымын еркін анықтау принципін, көп пікірлікті, өмірге сын көзбен қарау принципін қолдайды. Солай десек те, мемлекет әлеуметтік сілкіністерді болдырмас үшін ұлттық және нөсілдік теңсіздікке, экстремистік, сепаратистік, ланкестік идеологияларды насихаттауға жәпе жүзеге асыруға, діни жәпе ұлтшылдық фанатизмге жол бермеуі қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет