Оқу жылы оқушылармен өткізілетін жұмыстың негізгі бағыттары,формалары мен нысандары



бет1/5
Дата16.04.2024
өлшемі23,9 Kb.
#200864
  1   2   3   4   5
Байланысты:
10афм сынып тәрбие жоспары 23ж24------




2023-2024 оқу жылы оқушылармен өткізілетін жұмыстың негізгі бағыттары,формалары
мен нысандары:


І. ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ МЕН ААЗАМАТТЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ,ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ
Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.
ІІ. РУХАНИ ТАНЫМДЫҚ ТӘРБИЕ
Мақсаты: Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпы адамзаттық құндылықтарымен, нормалары мен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.
ІІІ. ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Мақсаты: Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау.


ІV. ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕ
Мақсаты: Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.


V. ЕҢБЕК, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ
Мақсаты:Тұлғаныңөзінкәсібианықтауынасаналықарым-қатынасынқалыптастыру, экономикалықойлауынжәнеэкологиялықмәдениетіндамыту.


VІ. КӨПМӘДЕНИЕТТІ ЖӘНЕ КӨРКЕМ-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ
Мақсаты: Тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру.


VІІ. ЗИЯТКЕРЛІК ТӘРБИЕ, АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ТӘРБИЕЛЕУ
Мақсаты: Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет