Курстық жоба/ курстық ЖҰмыс



бет5/10
Дата08.02.2022
өлшемі311 Kb.
#98301
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
12ВЕПА

1.2 Ойын технологиясы

Ойын технологиясы дегеніміз – педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын- оқу үрдісіндегі оқытудың әр формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Ойын элементтерінің сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым, жеңіл құбылыс сияқты көрінгенімен, ол ұжымдық әрекет. Ойындардың қажеттілегін іріктеп ала білу- ұстаз шеберлігіне байланысты.


Информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану қазіргі информатика пәнінде рөлі зор. Себебі біз оқушыларды сан қырынан дамыта білу үшін, ойын түрлерін қолдануымыз қажет.
Қазіргі кезде мемлекетіміздің алдында білімді де іскер, ғылымға қабілетті заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу мәселесі тұр. Яғни мемлекет, соның ішінде адамзат заманға сай білім мен білікті меңгеруі қажет. Осы орайда заман талабына сай ұрпақ тәрбиесін жүзеге асыру үшін жаңа дамыта оқыту технологиялары, соның ішінде ойын технологияларының маңызы зор. Еліміздің білім беру жүйесінің жаңарып, толыға түсуі заман талабынан туындап отыр. Жас ұрпақ – еліміздің тірегі, ертеңіміздің кепілі. Сондықтан оларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру мұғалімдердің басты міндеті. Олар жан – жақты жетілген білімді әртүрлі әдістемелерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс жасай алатын шеберлік иесі болуға тиіс. Ұстаз кәсіби білімін үнемі жетілдіріп отыруы керек. Қазіргі таңда еліміз дарынды балалар тәрбиелеуде зор көңіл бөлініп отыр. Сондықтан оқыту мен дамытудың жаңа мазмұнын құруға, оның әдістемелік жүйесін іздестіру мәселелеріне мән берілуде. Балалардың интеллектуалды қабілеттерін анықтау және дамыту үрдісі орталықтың құрылымдық бөлімшелерінде әрбіреуінде бірегей білім беру ортасын құру арқылы жүзеге асады. Оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін анықтап, оны одан әрі дамытуда дамыта отырып оқыту технологиясының маңызы зор.
Информатика сабағында ойын технологиясын қолдану.
Оқушылардың тану қызметін жоғарылату мәселесі оқытудың тәжірбиесі теориясында әрдайым көкейкесті мәселе болды. Іздену жолдары арқылы оқытушылар (ұстаздар) әр түрлі оқыту әдістерін меңгеріп, іскерлік және дидактикалық ойындар мен жаңа технологияларды қолданып келеді. Педагогикалық ойын айқын қойылған мақсатпен, оған сәйкес педагогикалық нәтижесімен, оқу-танымдық бағытпен ерекшеленеді. Ойын арқылы оқыту – кәсіби қызметін, адамгершілік қарым-қатынастармен және жеке қиындықтармен сабақтас мәселелердің шешімін табуға мүмкіндік береді. Оқу үрдісінде ойын технологияларын енгізу барысында құндылық бағыттар мен кәсіби қызметтің негіздері қалыптасып, әлеуметтік өзара әрекеттесу сәті іске қосылады. Ойын функциялары: үйлесімділік, болжамдылық, әлеуметтік түзету(коррекция).
Негізінен, ойын көпшілігіне 4 қасиет тән:
Оқушының таңдауы бойынша ғана қабылданатын, қызмет үрдісінің өзінен жақсы әсер алуға мүмкіндік беретін (нәтижеге байланысты емес) еркін дамытушы қызмет;
Қызықты фактілерді, қосымша ақпараттарды өз бетінше іздеуге бағытталған қызметтің белсенді, шығармашылық түрі;
Жарысу, бәсекелестік, жеңіске жету талабы мен нәтижені жақсартуға деген талпыныс, эмоционалды қызмет;
Ойын мазмұны мен оның барысының логикалық бірізділігін көрсететін ережелердің болуы.
Ойын негізіндегі оқу үрдісі құрылымын кезеңдер түрінде көрсетуге болады:
1. Проблемалық ахуал жасау;
2. Ойын барысы;
3. Ойын нәтижелерін қорытындылау.
Осылай, сабақтарда ойын технологияларын сауатты қолдану – арнайы білім мақсаттарынан басқа оқушылардың жеке тұлғалық, эмоционалдық, коммуникативтік мәселелерінің шешімін табуға, педагог пен бала арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға ықпал етеді. Педагогикалық қызметте ойын технологияларын қолдану – құзыреттіліктер негіздерін қалыптастырудың жолдары. Ойын технологияларының сан алуандығынан бірінші кезекте кестеде көрсетілгендері қолдану қажет деп санаймын:
№1 кесте
Информатика сабағында ойын ахуалын жасау үшін оқу материалын келесі түрде көрсетуге болады:
Мультимедиа презентациялары, интерактивті прораммалар;
Графикалық түрдегі демонстрациялық және үлестірме материалдар;
Бейне, аудио немесе мультипликациялық фрагменттер.
Оқушының алдында, экранда пайда болатын ертегідей қаһармандар, қиял-ғажайып қалалар, виртуальды кейіпкерлер оған ақпараттық құзыреттіліктің қалыптасу үрдістеріне белсене кіруге көмектеседі:
-берілген ақпараттың ішінен қойылған міндетті шешуге қажетті ақпаратты бөліп алу қабілеттілігі;
-графикалық түрде ұсынылған қарапайым ақпаратты мәтін ақпаратына айналдыру;
-берілген презентацияда ұсынылған мәліметтің жеткіліксіздігін көрсете отырып, сұрақтар қою.
Бүгінгі таңда көптеген компьютерлік мультимедиалық программалар, компьютерлік дидактикалық ойындар мен оларды құрудың тәсілдері бар. Мұндай ойындар оқу материалдардың есте сақталуы мен ұғынылуына жақсы ықпал етеді. Осындай түрлі ойындар оқушы қиялын ғана дамытпай, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Оқушы өз мүмкіндіктерін ашып, жаңалыққа, бәсекелестікке ұмтылады.
Ашық сабақ (бұл ашық сабақ 8 сыныпта ұйымдастырылған болатын).



Сынып 8

Күні: 21.11. 2016ж.

Пәні: информатика




Сабақтың тақырыбы:

Шеткері құрылғылар(компьютердің қосымша құрылғылары).Шеткері құрылғыларды орнату, драйверлер.




Жалпы мақсаттар:

Компьютердің қосымша құрылғылары туралы және қосымша құрылғыларды орнату драйверлері туралы түсінік беру.
Оқушылардың компьютерлік сауаттылықтарын дамыту. Құрылғылармен өз бетінше жұмыс жасай алуға бейімдеу.




Ресурстар:

Информатика 8-сынып, дидактикалық материалдар, интерактивті тақта, үлестірме материалдар,ДК.




Әдіс-тәсілдер:

Тәсілі: жұптық, топтық

Әдісі:АКТ, Блум, диалог.

Оқыту нәтижесі:

Компьютердің қосымша құрылғылары туралы түсінік қалыптасады. Компьютердің негізгі және қосымша құрылғылардың қызметі туралы мағлұмат алып, ақпараттық сауаттылықтары артады. 




Дерек көздер:

Ақпараттық коммуникациялық технология(АКТ), Интерактивті тақта, Mic.Word бағдарламасы. Оқулық беттері, ресурс парақтары. 




Сабақтың барысы:

Уақыты:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:




Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Топқа бөлу .

5 мин

1.Кіріспе.
.Ұйымдастыру кезеңі.
3. Топқа бөлу :
1.«Флешка »
2.«Планшет»



Мұғаліммен сәлемдесу.
Таратылған кескіндерді құрастыру арқылы бөліну.




Білу:

2 мин

Сәйкестендіру
Джон Фон Нейманның принциптері

Жеке орындайды




Түсіну :

5 мин

Жаңа сабақ.
Тақырыпты жеке оқып, топта талқылау керектігі айтылады.

Оқушылар тақырыпты өз бетімен оқып, тобымен талқылайды.




Қолдану :

8 мин

Барлық порттарынан ажыратылған компьютер және қосымша құрылғылар беріледі.

Топ болып компьютерді жинақтап, іске қосады




Талдау :

7 мин

Іске қосылған компьютерге қосымша құрылғыларды орнатады.

Ауызша жауап береді




Жинақтау :

5 мин

Сілтеме бойынша тапсырманы орындау
http://LearningApps.org/watch?v=p3xh5imek16

ДК-де орындайды.




Бағалау:

10 мин

Эссе жазу.
1 топ.«Менің болашақ компьютерім»
2 топ. «Менің ерекше құрылғым»

Тақырып бойынша өз ойларын дәптерлеріне жазады.




Уй тапсырмасы:

1 мин

§10.Шеткері құрылғылар.(компьютердің қосымша құрылғылары) Шеткері құрылғыларды орнату, драйверлер.
Тест 52- бет



Үй тапсырмасын белгілеп алады.




Кері байланыс:

2 мин

Компьютерге қосылатын құрылғылар ... .
Шеткері құрылғылардың топтары: ... .
Драйвер - ... .

Берілген сөйлемдерді ауызша толықтырады.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет