1.2.Тауар айналымының құрылымы мен көрсеткіштер жүйесі және тауар айналымын бағалау әдістері. Тауар айналымының құрылымы азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды қамтиды. Ал олар, өз кезегінде, ассортименттік топтарға бөлінеді.
Тауар айналымының көрсеткіштер жүйесіне келесілер жатады:
- ағымдық бағада және құндық сипаттағы тауар айналымының көлемі;
- салыстырмалы бағада және құндық сипаттағы тауар айналымының көлемі;
- бөлек тауар топтары бойынша тауар айналымынң ассортименттік құрылымы;
- тауар айналымының бір күндік көлемі;
- бір жұмысшыға есептегенде тауар айналымының көлемі;
- сауда орынның 1 шаршы метрге келетін тауар айналымының көлемі;
- тауар айналымының мерзімі, айналым күндері;
- тауар айналымының жылдамдығы, айналым саны.
Тауар айналымын сараптау міндеттері:
- көрсеткіштер динамикасын зерттеу;
- ассортименттік құрылымын сараптау және бағалау;
-тауар айналымының құрылымына және көлеміне әсер етуші факторларды
анықтау және бағалау;
- тауар айналымдылығын сараптау.
Сараптау әдістері:
- динамикалық қатарларды құру;
- салыстырмалы және орташа көлемдерін пайдалану;
- салыстыру;
- индекстік әдіс;
- динамиканың тренттік және регриссиондық модельдерін құру;
- графиктерді құру және т.с.с.
Тауар айналымын талдау барысында алдымен оның қаратсырып отырған кезеңдегі көлемін анықтаудан бастайды. Алынған мәліметтерді жоспарланаған көрсеткіштермен және сәйкесінше өткен уақыт аралықтарының (декада, ай, квартал) көрсеткіштермен салыстырады.
1.3. Кәсіпорынның тауар қорлары Тауар қорлары бұл өндіріс сферасынан тұтыну сферасына өту процесіндегі тауар масссының жиынтығы. Тауармен қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі.
Тауар қорлары тауар қозғалысының барлық сатыларында қалыптасады: өндірістік кәсіпорындарының қоймасында, тасмалдау кезінде, көтерме және бөлшек тауар кәсіпорындар қоймасында.
Тауар қорларын қалыптастыру қажеттілігі келесі факторларға негізделеді:
- уақыт, яғни өндіріс орыннан сату орнына дейін тауарды тасымалдау үшін уақыт,
- тауарды тұтыну мен өндірістегі маусымдық ауытқулар;
- өндіріс пен сауда тауар асортименттер арасында сәйкессіздік;
- өндірістің территориалдық орналасуының ерекшеліктері;
- жеткізуші мен сауда кәсіпорны арасындағы арақашықтық, тауарды тасымалдау шарттары;
- тауарды сақтау мүмкіндігі және т.с.с.
Тауар айналысының категориясы ретінде тауар қорларының болуы тауар айналысының процесін тиісті тауармен қамтамасыз ету қажеттілігіне негізделген.Тауарды сатқанға дейін тауар – тауар қорларының категориясына жатқызылады. Тауар қорлары әрдайым өзгеріп отырады. Сол себепті олардың көлемі нақты шаруашылық шартардан тәуелді.
Сауда кәсіпорнындарының тауар қорларының классификациясы:
- орналысу жеріне байланысты(сауда кәсіпорындарында, өндірісте, тасымалдау кезінде);
- мерзіміне байланысты(кезеннің бастапқы және соңындағы тауар қорлары);
- өлшем бірліктеріне байланысты: абсолютті(құндық және натуралды түрде) және салыстырмалы(тауар айналымының күндері);
- пайдалану мақсатына қарай:
- ағымдық сақтау(сауда кәсіпорындарының күнделікті қажеттілігін қамтамасыз ету үшін);
- маусымдық сақтау(ұсыныс пен сұраныстың маусымдық өзгерістері кезінде
сауданың үзіліссіздігін қамтамасыз ету үшін);
- алдын-ала жеткізу(алыс жатқан сауда орындарында тауарды жеткізу уақыттары арасында сауданың үзіліссіздігін қамтамасыз ету үшін);
- мақсатты тауар қорлары(белгілі бір мақсатты шаралар жүзеге асыру үшін).
Тауар қорларының мөлшері көбінесе сауда кәсіпорынның тауар айналымының көлемі мен құрылымы арқылы анықталады. Тауар айналымы мен тауар қорларының мөлшері арасында оптимальды арақатынасты сақтау кәсіпорынның маңызды мәселелерінің бірі.Өйткені қорлар қажетті деңгейде болмаған жағдайында кәсіпорынның тауар айналымын қамтамасыз ету қиындай түседі. Ал қорлардың артық болуы – қосымша шығындарға әкеп соқтырады. Сол себепті кәсіпорынның тауар қорларының мөлшері мен тауар айналымына қажетті мөлшерді анықтау мәселесі өзекті.