Курстың мақсаты: оқушының білім сабақтастығын жетілдіру негізінде ойлау, есептеу дағдысын кеңейтіп, шығармашылыққа бейімдеу. Курстың міндеттері



бет1/6
Дата05.09.2020
өлшемі126 Kb.
#77418
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
кинематика негиздери 10Б


Түсінік хат

Оқушылардың жалпы физика курсын оқыту үрдісінде ең басты қиналатын мəселесі – есеп шығару екендігі кімге де күмəн туғызбайды. Барлығын бірден айтпағанда, теориялық материалды саралап, бүге-шүгесіне дейін айтып беріп, топтан озып шығып тұрған студенттердің өзінің де физика есебін шығаруда шорқақ екендігін байқаймыз. Бұл оқушының теориялық материалдың физикалық мəніне түсінбей, оны механикалық түрде есте сақтап қалуынан болады. Ал ондай білімнің күнделікті тұрмыста кездесетін кейбір физикалық құбылыстардың мəнін түсіндіруге, физикалық есептерді шығаруға ешбір көмегі тимейді. Физиканың логикалық есептерін шығару математикалық есептерді шығаруға қарағанда қиынырақ, себебі мұнда үнемі математикалық түрлендірулерді қолданып, есептің шешімін таба алмайсың. Бұл есептер үшін басты шарт – құбылыстың физикалық мəнін түсіну, сол арқылы логикалық теңдеу құру. Сонда ғана есептің ақиқат шешімін табуға болады. Жоғарыда айтылған шарттар осы əдістемелік құралды жазуға себепші болды. Сондықтан бұл əдістемелік құрал физиканы баға үшін емес, саналы түрде меңгеруге талпынған оқушыға есеп шығару, оның қандай тақырыпты жете түсінетінін, нені үстірт білетінін анықтауға толық жауап береді.

Бұл əдістемелік құралда жалпы физика курсының механика бөлімінің кинематика тарауы бойынша теориялық материалдарға қатысты есеп шығарудың əдіс-тəсілдері келтірілген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет