Курстың мәні. Қазақстан қазіргі заманғы әлеуметтік кеңістікте және


Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы және ТМД-ның



Pdf көрінісі
бет12/15
Дата21.03.2020
өлшемі1 Mb.
#60617
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Лекция СИК казакша


1. Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы және ТМД-ның 
                          құрылуы.  
  
КСРО-ның  құлауының  басты  себептерінің  бірі  –  экономикалық  дамуда  артта 
қалушылық.  Атап  айтқанда,  Одақ  экономикасының  технологиялық  жағынан  артта  қалуы, 
сондай-ақ  оның  өндірісі  шығарған  тауарлардың  бүкіл  әлемде  бәсекеге  түсу  қабілетінің 
төмендігі  еді.  Сонымен  қатар,  соғыстан  кейінгі  жылдары  КСРО  АҚШ-пен  әскери  бәсекеге 
түсіп және капиталистік елдермен әскери-стратегиялық  тепе-теңдікті сақтау үшін қорғаныс 
ісіне  аса  көп  қаржы  шығарды.  1950-1990  жылдар  арасындағы  40  жылда  әскери  шығын  20 
триллион  долларға  жеткен.  Мұндай  зор  шығындар  экономиканы  орасан  зор  зардаптарға 
ұшыратты.  
Қазақстан экономикасының артта қалуы және ондағы кемшіліктер туралы 1986 жылдан 
бастап  ашық  айтыла  бастады.  12-бесжылдықта  (1986-1990  жж.)  республика  экономикасын 
қайта  құру  мүмкіндіктері  іздестірілді,  жаңа  идеяларды  іске  асырудың  жолдары 
қарастырылды.  Мұның  өзі  бесжылдықта  ұлттық  табыстың  өсуінде,  әлеуметтік  ахуалды 
жақсартуда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде кейбір табыстарға қол жеткізді.  
Дегенмен  қоғамдық  өндіріс  көлемі  қойылып  отырған  талаптардың  деңгейінен  көп 
төмен  жатты.  Оның  негізгі  себебі  басқарудың  әкімшіл-әміршіл  жүйесінің  икемсіздігіне 
байланысты  еді.  Ең  бастысы  өндірістің  тиімділігін  арттыруда  экономикалық  тетіктер  жете 
пайдаланылмады,  оның  толып  жатқан  көздері  іске  қосылмады.  1990  жылдың  орта  шенінде 
өнімнің  өсу  қарқынының  бұрынғы  жылдармен  салыстырғанда  мықтап  құлдырағаны 
байқалды.  Дағдарыс  экономиканың  барлық  салаларын  қамтыды.  Ол  саяси-әлеуметтік 
жағдайға  теріс  әсерін  тигізе  бастады.  Көмір  алқаптарындағы  кеншілердің,  металлургтердің 
тұрмыс  дәрежесі  мейлінше  төмендеді.  Осыған  орай,  олар  өздерінің  наразылығын  ашық 
білдіре  бастады.  Кеншілер  ұжымдарының  еріктілігін,  шығарылған  көмірдің  кейбір  бөлігін 
өздерінің қалауынша сатып, қажетті тауарларға айырбастап алып отыруға мүмкіндік берілуін 
талап етті.  
Экономикалық  дағдарыс  республиканың  өнеркәсіп  өндірісінің  көптеген  салаларын 
қамтыды. Оларға қажетті жабдықтар жетіспеді. Әсіресе, халық тұтынатын тауарларды өндіру 
нашар  жағдайда  болды.  Қажетті  материалдардың  жеткіліксіздігінен  күрделі  құрылыстың 
қарқыны баяулап, жоспарлар орындалмады.  
Осындай күрделі жағдайда Республика экономикасын нарықтық қарым-қатынас аясына 
шығару  мақсатымен  1991  жылдың  ақпан  айында  Жоғарғы  экономикалық  кеңес  құрылды. 
Оның  құрамына  енген  белгілі  экономист  Г.Явлинский,  АҚШ-тан  келген  доктор  Бэнг  тағы 
басқа ірі экономист мамандар республика экономикасына нарықтық қатынастарды енгізудің 
мүмкіндіктерін іске қосу мәселесімен шұғылданды.  
Қазақстанда  мемлекеттік  меншікпен  қатар  жеке  меншіктің  жаңа  формалары  – 
акционерлік 
қоғамдар, 
жалдық 
және 
кооперативтік 
кәсіпорындар, 
фермерлік 
шаруашылықтар,  біріккен  кәсіпорындар,  түрлі  қауымдастықтар  мен  бірлестіктер  қалыптаса 
бастады.  1991  жылдың  ортасында  республикада  35  біріккен  кәсіпорындар,  16  сыртқы 
экономикалық қауымдастықтар, халықаралық коммерциялық банк жұмыс істеді.  

 
83 
Дегенмен,  әртүрлі  себептерге  байланысты  бірінші  кезекте  Кеңес  Одағы 
республикаларының  бір-бірімен  біте  қайнасып,  бірігіп-кірігіп  кеткен  шаруашылық  қарым-
қатынасының бұзылуына байланысты Қазақстанда экономикалық қиындықтар күшейді. 1991 
жылдың қорытындысында қоғамдық өнім шығару соның алдындағы жылмен салыстырғанда 
7,2%-ке,  ұлттық  табыс  10%-ке,  еңбек  өнімділігі  5,4%-ке  төмендеді.  Тұтыну-сауда 
саласындағы  жағдай  шиеленісе  түсті.  Жеке  сауда  тауар  айналымының  ерекше  қысқаруы 
“көлеңкелі”  экономиканың  кеңінен  өрістеуіне,  халықтың  тұрмыс  дәрежесінің  одан  әрі 
төмендеуіне  алып  келді.  Елде  ақшаның  құны  түсіп  кетті.  Құны  жоқ  қағаз  ақшаның  көлемі 
1991  жылы  1990  жылмен  салыстырғанда  4,5  есе  өсіп  8,7  миллиард  сомға  жетті,  оның  3 
миллиарды 1991 жылдың соңғы екі айында шығарылды. Республиканың мемлекеттік қарызы 
7,8  миллиард  сомға  дейін  өсті.  1991  жылы  Қазақстандағы  барлық  кәсіпорындар  мен 
ұжымдардың  11%-і    шаруашылық  жылын  шығынмен  аяқтады.  Халық  тұтынатын  тауарлар 
азайды.  
Өнеркәсіп  тауарларына  бағаның  айтарлықтай  қымбаттауы  аграрлық  сектордың 
жағдайын едәуір қиындатып жіберді. Соның салдарынан, егер 1991 жылы ауыл шаруашылық 
өнімдерін сатып алу бағасы 1,5-3 есеге дейін өссе, ауыл шаруашылығына қажетті механизм 
мен  машиналарды  сатып  алу  бағасы  одан  бірнеше  есе  асып  түсті.  Оның  үстіне  ауыл 
шаруашылық  өнімдерін  өндіру  біраз  төмендеді.  Оған  1991  жылғы  болған  қуаңшылықтың 
үлкен  зардабы  тиді.  Нәтижесінде  жоспарланған  астықтың  тең  жартысы  ғана  алынды,  мал 
шаруашылығын  жеммен  қамтамасыз  ету  60-65%-тен  асқан  жоқ.  Соның  салдарынан 
республикада ет,  сүт, жұмыртқа сатып алу деңгейі  төмендеді. Бірқатар облыстарда малдың 
саны азайды. 1991 жылы 1990 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылық өнімі 8%-ке, еңбек 
өнімділігі  11%-ке    төмендеді.  Мемлекетке  небәрі  3,2  миллион  тонна  астық  сатылып,  бұл 
барлық  жиналған  астықтың  тек  27%-ін  ғана  құрады.  Колхоздар  мен  совхоздардың  қаржы 
жағдайы нашарлап, экономикалық тиімсіз шаруашылықтардың саны 5 есеге дейін өсті.  
Халық  шаруашылығына  жұмсалған  қаржының  барлық  көлемі  1990  жылмен 
салыстырғанда  7%-ке  азайды.  Іске  қосылуға  тиісті  57  халық  шаруашылығы  объектілерінің 
тек  30-ы  ғана  бітіп,  оның  есесіне  аяқталмаған  құрылыстар  саны  1,4  есеге  көбейді.  Оған 
жұмсалмай  қалған  қаржы  1991  жылдың  аяғында  17  миллиард  сомға  жетті.  Транспорт 
бойынша  1990  жылмен  салыстырғанда  жолаушыларды  тасу  8%-ке  қысқарды.  Шет  елдерге 
бұрынғысынша  шикізат,  жартылай  өңделген  материалдарды  шығару  басым  болды.  Оның 
60%  қара  және  түсті  металлургия  өнеркәсіп  өнімдерін  құрады.  Есесіне  республика  басқа 
жерлерден  бұрынғыша  машина  жасау  өнеркәсібіне  қажетті  жабдықтардың  250-ден  астам 
түрлерін, 13% көлемінде халық тұтынатын тауарларды, сондай-ақ тамақ өнеркәсібіне керекті 
материалдар мен шикізатты алдырды.  
 Мұндай жағдай өзге республикаларда да орын алды. Осыған байланысты Кеңес Одағы 
елдерінде  ұлттық  толқулар  күшейді.  Сумгаиттегі,  Таулы  Карабахтағы,  Вильнюстегі, 
Ферғанадағы  оқиғалар  ұлттық  мәселелерді  шешудің  ешқандай  бағыт-бағдары  жоқтығын 
айқындады.  Кеңес  басшылары  ұлт  мәселесінің  байыбын  терең  түсінбеді,  ұлтаралық 
қатынастар  мен  оны  шешудің  жолдарын  нақты  көрсетіп  бере  алмады.  Сондықтан  бірқатар 
ұлт  республикалары  Одақтан  бөлініп  шығу,  өздерінің  егеменді  мемлекет  болуы  жөніндегі 
талаптарын қойды. Міне, осының нәтижесінде 1988 жылдың қараша – 1989 жылдың мамыр 
айлары  аралығында  Балтық  жағалауындағы  Эстония,  Литва,  Латвия  республикалары 
өздерінің егемендігі туралы алғашқы құжаттарын қабылдады. Сөйтіп, олар КСРО құрамынан 
шығып, жеке тәуелсіз мемлекетке айналды. Осыдан кейін, көп кешікпей-ақ, яғни 1989-1990 
жылдары егемендік туралы Декларацияны КСРО-ның басқа республикалары да қабылдады.  
Елдегі мемлекеттік өкімет билігі жүйесі мен экономиканың шұғыл күйреуі жағдайында 
1990 ж. 25 қазанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы 
Декларация  қабылдады.Бұл  Декларацияда  негізінен  мына  мәселелерге  мән  берілді:  КСРО 
мен  ҚазКСР  арасындағы  қатынас  келісім-шарт  негізінде  жүзеге  асады;  Республика 
әкімшілік-аумақтық  құрылымға,  саяси,  экономикалық,  әлеуметтік  және  мәдени-ұлттық 
құрылыстарға  байланысты  барлық  мәселелерді  дербес  шешеді;  Республика  өз  аумағында 

 
84 
Қазақ  КСР  заңдарын  бұзатын  КСРО  заңдарының  қолданылуын  тоқтатуға  құқылы; 
Қазақстанның  өз  шекарасындағы  аумағына  қол  сұғылмайды,  бөлінбейді  және  оның 
келісімінсіз өзгертілмейді; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің келісімінсіз оның аумағында басқа 
мемлекеттердің әскери құрамалары, олардың әскери базалары орналаса алмайды; Қазақстан 
өзінің  дербес  ішкі  әскерін,  мемлекеттік  және  қоғамдық  қауіпсіздік  органдарын  ұстауға 
құқылы.  Қазақ  КСР  халықаралық  қатынастарда  дербес,  өзінің  мүдделеріне  сай  сыртқы 
саясатын  жүргізеді.  Декларацияның  жаңа  одақтық  шарт  жасасу  және  Қазақ  КСР  жаңа 
Конституциясын  қабылдау  үшін  негіз  болып  табылатындығы  туралы  арнайы  бапта 
көрсетілді.  Егемендік  алу  Қазақстанда  жалпы  демократиялық  процестердің  барысын 
шапшаңдатты,  мұның  өзі  елдегі  болып  жатқан  оқиғалармен  тығыз  байланысты  еді.  1991 
жылдың  ортасынан-ақ    Қазақстан  басқа  республикалармен  бірге  іс  жүзінде  орталыққа 
оппозицияда  болды.  Қазақстанның  бастамасы  бойынша  Белоруссиямен,  Украинамен, 
Ресеймен  және  басқа  республикалармен  бір-бірінің  егемендігін,  қалыптасқан  шекараларды, 
орнатылып  жатқан  өзара  пайдалы  экономикалық  байланыстарды  мойындау  туралы  екі 
жақты  келісімдер  жасалды.  1990  жылы  желтоқсанда  төрт  республика  –  Ресей,  Украина, 
Белоруссия және Қазақстан егеменді  мемлекеттер одағын  құру туралы инициатива көтерді, 
Новоогарев келісімін талдап жасау жөніндегі бірлескен жұмыс басталды.  
1991  ж.  18-21  тамыз  аралығындағы  «Тамыз  бүлігі»  бұл  жұмысты  үзіп  жіберді.  КСРО 
вице-президенті  Г.И.  Янаев,  КСРО  премьер-министрі  В.С.  Павлов,  КСРО  Мемлекеттік 
Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы В.А. Крючков, КСРО Ішкі істер министрі Б.К. Пуго, КСРО 
Қорғаныс министрі Д.Т. Язов, КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы А. Лукьянов, т.б. 18 тамыз 
күні  Төтенше  жағдайлар  жөніндегі  Мемлекеттік  комитет  (ТЖМК)  құрып,  елдегі  барлық 
билік  осы  ұйымның  қолына  өтетіндігін  мәлімдеді.  Бұл  іс  жүзінде  Кеңес  Одағындағы  ескі 
мемлекеттік  билік  пен  қоғамдық  қатынастарды  сақтап  қалу  мақсатында  Мәскеуде 
ұйымдастырылған  төңкеріс  еді.  Осы  кезде  Қырымда  (Фороста)  болған  КСРО  президенті 
М.С.Горбачевтың  сыртқы  әлеммен  байланысын  үзіп  тастаған  ТЖМК  мүшелері  оны  өз 
қызметін  атқаруға  денсаулығы  жарамайды  деп  хабарлады.  Бұл  төңкеріс  20  тамызда  қол 
қойылуға  тиіс  «Егеменді  мемлекеттер  одағы  туралы  шартқа»  қарсы  бағытталды.  Ол  шарт 
Кеңестер  Одағына  кіретін  республикаларға  бұрынғыдан  әлдеқайда  көп  дербестік  беретін. 
Тамыз  бүлігінде  елде қалыптасып келе  жатқан демократия нышандарын  тұншықтыру және 
нарықтық  қатынастардың  орнығуына  жол  бермеу  арқылы  елдегі  әміршіл-әкімшіл  жүйені 
сақтап қалу көзделді. Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комитеттің № 1 қаулысына 
сай  саяси  партиялардың,  қоғамдық  ұйымдар  мен  бұқаралық  қозғалыстардың  қызметі 
тоқтатылатын  болды  және  митингілер  мен  демонстрациялар  өткізуге,  көше  шерулеріне, 
ереуілдерге  шығуға  тыйым  салынды.  Тамыз  бүлігіне  қарсы  күресті  Ресей  президенті  Б.Н. 
Ельцин басқарды. Оны Мәскеу қаласының мэрі Г. Попов, Ленинград облысы мен қаласының 
басшысы  А.  Собчак,  КОКП  басшыларының  бірі  А.  Яковлев,  Э.  Шеварднадзе  және  т.б. 
қолдады. Төңкерісшілерді жоғары шенді әскерилер мен партиялық номенклатураның шағын 
бөлігі  ғана  қолдады.  Бұл  өз  кезегінде  тамыз  бүлігінің  көп  ұзамай  басылуына  алып  келді. 
Мәскеудегі жұртшылық шеруге шығып, тамыз бүлігін айыптады. 21 тамыз күні Ресей үкіметі 
жіберген ұшақпен Горбачев Мәскеуге жетті. Ол елдегі басшылықты қайтадан қолына алды. 
ТЖМК мүшелері тұтқынға алынып, үстерінен қылмыстық іс қозғалды.  
Тамыздағы  мемлекеттік  төңкерістің  болуымен  және  орталықтың  ешқандай  ымыраға 
келмеуімен байланысты одақтас республикалардың жетекшілері бұған дейін жүргізіп келген 
келіссөз  талаптарынан  бас  тартты.  Ол  КСРО-ның  күйреуін  және  бұрынғы  одақтас 
республикалардың, оның ішінде Қазақстанның егемендік алуын шапшаңдатты. КОКП, оның 
бір бөлігі Қазақстан Компартиясы тарихи аренадан кетті.  
1991  ж.  8  желтоқсанда  Белорусь,  РСФСР  және  Украина  республикаларының 
басшылары  Минск  қаласында  (Беловеж  нуы)  кездесіп,  мәлімдеме  қабылдады.  Онда  саяси 
одақ  тұйыққа  тірелді,  сондықтан  республикалардың  Одақтан  шығуы  объективтік  процесс 
және  тәуелсіз  жеке  мемлекет  құру  шынайы  факті  болып  отыр  деп  көрсетілді.  Себебі, 
орталықтың  жүргізіп  отырған  тоғышар  саясаты  елді  терең  экономикалық  және  саяси 

 
85 
дағдарысқа  алып  келді,  халықтың  тұрмыс  деңгейі  төмендеп  кетті,  қоғамда  әлеуметтік 
шиеленіс, ұлттар мен халықтар арасындағы қайшылықтар мен қақтығыстар күшейді деп атап 
өтілді.  Мұның  өзі  бұрынғы  Одаққа  кірген  мемлекеттердің  жаңа  одағын  –  Тәуелсіз 
Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құруға жол ашты. Бұл құрылым бұрынғы Одақ бойынша 
осы кезге дейін алынған халықаралық міндеттердің орындалуына кепілдеме береді, ядролық 
қарудың таралуына жол бермейді және оған бірыңғай бақылау орнатуды қамтамасыз етеді, - 
деп атап көрсетілді. 
Алайда,  бұл  шешім  әуелгі  кезде  басқа  республикалар  тарапынан  қарсы  көзқарастар 
туғызды.  Өйткені,  заң  бойынша  Одаққа  кірген  Қазақстан,  Орта  Азия,  Закавказье 
республикаларының келісімінсіз бұл үш республика егемендік туралы күрделі мәселені жеке 
дара  шешуге  тиіс  емес  еді.  Міне,  осыған  байланысты  1991  ж.  12  желтоқсанында  Ашхабад 
қаласында  Орта  Азия  республикалары  мен  Қазақстан  басшыларының  кездесуі  болып  өтті. 
Онда  ТМД-ға  тек  барлық  республикалардың  тең  құқықтық  негізінде  құрылушылық 
жағдайын мойындағанда ғана қосылуға болатындығы ерекше атап көрсетілді.  
1991  ж.  21  желтоқсанда  Алматыда  11  республика  өкілдері  қатынасқан  кездесу  болды. 
Олар тең құқықтық жағдайдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылғандығы жөніндегі 
шартқа  қол  қойды.  Алматыда  қабылданған  декларацияда  Минскідегі  айтылған  жалпы 
принциптік  мәселелердің  барлығы  мақұлданды.  Жаңадан  құрылған  Достастық  мемлекет 
басшылары және үкімет басшыларының Кеңесі деген жетекші органдар құрды. Онда жалпы 
бағыттағы  көкейтесті  саяси  және  әлеуметтік-экономикалық  мәселелерді  шешу  көзделді. 
Достық  Одаққа  кірген  мемлекет  басшылары  Біріккен  Ұлттар  Ұйымы  алдында  бұл  тәуелсіз 
мемлекеттердің  барлығын  осы  халықаралық  ұйымға  толыққанды  мүше  етіп  алу  туралы 
өтініш  жасады.  Сонымен  қатар  бұрынғы  КСРО-да  жасалған  ядролық  қаруды  және  оған 
әскери  басшылық  жасауды  бірігіп  іске  асырып  отыру  жөніндегі  келісімге  қол  қойылды. 
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы осы кезге дейін Кеңестер Одағы қол қойып, халықаралық 
дәрежедегі жасаған келісімдердің орындалуын өз мойындарына алады деп көрсетті.  Сөйтіп, 
1991  жылғы  желтоқсандағы  Алматы  қаласында  бас  қосқан  тәуелсіз  елдер  басшыларының 
келісімі КСРО-ның өмір сүруін тоқтатумен аяқталды.  
Міне,  осындай  күрделі  жағдайда  республикадағы  жоғары  атқарушы  және  билік 
жүргізуші  өкімет  басшысы  ретінде  Қазақ  КСР-ның  Президентіне  жеткілікті  өкілеттік  беру 
қажеттігі  пісіп  жетілді.  Мұндай  өкілеттіктер  республика  парламенті  1991  ж.  20  қарашада 
қабылдаған  Қазақ  КСР-ның  “Қазақ  КСР-нда  мемлекеттік  өкімет  билігі  мен  басқару 
құрылымын  жетілдіру  және  Қазақ  КСР  Конституциясына  (Негізгі  заңына)  өзгерістер  мен 
қосымшалар енгізу туралы” Заңы бойынша берілді.  
1991  ж.  1  желтоқсанда  Қазақстан  тарихында  тұңғыш  рет  республика  Президентін  
бүкілхалықтық  сайлау  өтті.  Халықтың  демократиялық  жолмен  өз  еркін  білдіруі  арқасында 
Н.Ә.Назарбаев  Президент  болып  сайланды.  Республикада  көптеген  өзгерістер  жасалды: 
прокуратура,  мемлекеттік  қауіпсіздік,  ішкі  істер,  әділет,  сот  органдары  қайта  құрылды; 
Қазақстанның  мемлекеттік  қорғаныс  комитеті  ұйымдастырылды;  Президенттің  одаққа 
бағынатын  кәсіпорындар  мен  ұйымдарды  Қазақ  КСР-і  үкіметінің  қарамағына  беру  туралы, 
республиканың  сыртқы  экономикалық  қызметінің  дербестігін  қамтамасыз  ету  туралы, 
Қазақстанда  алтын  запасы  мен  алмас  қорын  жасау  туралы  жарлықтары  шықты.  1991  ж.  2 
қазанда  қазақ  жерінде  Байқоңыр  ғарыш  алаңы  40  жыл  өмір  сүргенде  тұңғыш  рет  онан 
ғарышқа бірінші ғарышкер қазақ Т.О.Әубәкіров ұшты.  
1991 ж. 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ы атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді.  
1991  ж.  16  желтоқсанда  Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Кеңесінің  жетінші  сессиясында 
парламент  депутаттары  “Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тәуелсіздігі  туралы”  Заң 
қабылдады.  Заңның  бірінші  бабында  Қазақстан  Республикасы  тәуелсіз  мемлекет  деп 
жарияланды. Ол өзінің жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, тәуелсіз сыртқы 
және  ішкі  саясатын  жүргізеді,  басқа  шет  мемлекеттермен  халықаралық  құқықтық 
принциптері  негізінде  өзара  байланыс  жасайды  деп  көрсетілді.  Республиканың  барлық 
ұлттарының  азаматтары  Қазақстанның  біртұтас  халқын  құрайды,  олар  республикадағы 

 
86 
егемендіктің  бірден-бір  иесі  және  мемлекеттік  биліктің  қайнар  көзі  болып  табылады. 
Республика  азаматтары  өздерінің  ұлтына,  ұстайтын  дініне,  қандай  қоғамдық  бірлестікке 
жататынына,  тегіне,  әлеуметтік  және  мүліктік  жағдайына,  шұғылданатын  қызметіне, 
тұрғылықты  орнына  қарамастан  бірдей  құқықтар  иеленіп,  бірдей  міндеткерлікте  болады 
делінген.  Заңда  Қазақстан  Республикасы  өз  тәуелсіздігі  мен  территориялық  тұтастығын 
қорғау  мақсатында  өзінің  Қарулы  Күштерін  құруға  хақылы  екендігі,  республика 
азаматтарының  әскери  міндетін  өтеу,  оның  тәртіптері  мен  талаптары  жөнінде  айтылған. 
Сөйтіп,  1991  жылғы  16  желтоқсан  республиканың  тәуелсіз  күні  ретінде  бүкіл  әлемге 
танылды.  
Осыдан  кейін  Қазақстан  тәуелсіз,  егемен  мемлекет  ретінде  дами    бастады.  Еліміздің 
жаңа конституциясының жобасы дайындалды. Облыстардың, қалалардың және аудандардың 
басқару органдарына реформалар жүргізілді. Жаңадан әкімдер лауазымы енгізіліп, олардың 
алдына  Президент  пен  Үкімет  шешімдерін  орындау,  жергілікті  жерлерде  экономикалық, 
мәдени-әлеуметтік  мәселелерін  шешу  міндеті  қойылды.  Әкімдерді  тағайындау,  оларды 
қызметінен  босатуды  Қазақстан  Президенті  мен  жоғарғы  әкімшілік  органдары  жүргізетін 
болып  белгіленді.  Ал  бюджетті  бекіту,  оның  орындалуын  қадағалау,  депутаттармен  жұмыс 
жүргізу, тұрақты комиссиялардың қызметіне басшылық ету, әртүрлі қоғамдық ұйымдармен 
байланыс жасау Кеңестердің қарауына берілді.  
Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасын дүниежүзінің ондаған елі таныды. 
Біздің  елді  алғашқылардың  бірі  болып  Түркия,  сол  сияқты  АҚШ,  Германия,  Франция, 
Ұлыбритания  және  т.б.  ірі-ірі  мемлекеттер  мойындады.  Қазақстан  шет  елдерде 
дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашуға кірісті. Ал Алматыда шетелдік елшілік пен 
миссия,  халықаралық  және  ұлттық  ұйымдардың  өкілдіктері  жұмыс  істей  бастады. 
Республиканың  егемендікке  қол  жеткен  алғашқы  кезінен  бастап-ақ  мемлекетаралық  және 
үкіметаралық келісім-шарттарға қол қою жүзеге асырылды.  
Тәуелсіз  Қазақстан  Республикасының  алдында  үлкен  келелі  міндеттер  тұрды.  Олар  - 
елдің  ішкі  жағдайында  Егемен  Қазақстан  мемлекетінің  тұтастығын  нығайтып,  нарықтық 
экономикаға көшу, көп ұлтты елдің бірлігін сақтауда барлық мүмкіндіктерді пайдалану. Ал, 
сыртқы  саясаттағы  басты  міндеттер  -  Қазақстанның  бүкіл  дүниежүзі  елдерімен 
байланыстарын  одан  әрі  дамытып,  алдыңғы  қатарлы  өркениетті  мемлекеттердің  қатарына 
қосылу,  елдің  қауіпсіздігін  қорғау,  әлемде  бейбітшілікті  сақтай  отырып,  ядролық  соғысты 
болғызбау.  Республика  халқының  ерік-жігері  осындай  аса  маңызды  міндеттерді  жүзеге 
асыруға бағытталды.  
  
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы. 
 
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін зайырлы, демократиялық, құқықтық  және әлемге 
ашық  мемлекет  құруға  кірісті.  Елімізде  саяси  партиялардың  және  партиялық  жүйенің 
орнығуына, күшті заң шығарушы органның, тәуелсіз баспасөз және автономиялық жергілікті 
басқарудың дамуына көп көңіл бөлінді. 
Атамекен  жеріміздің  тәуелсіз  ел  екендігін,  құдіретін,  байлығын,  бірлігін,  мақсат-
мұратын  білдіретін  қастерлі  рәміздерді  құрмет  тұту,  сыйлау,  асқақтата  дәріптеу 
қазақстандық  әрбір  азаматтың  ең  қымбатты  борышы.  Рәміз  дегеніміз  белгілі  бір нәрсені  өз 
қалпынан  өзге,  жанама  сипаттап  көрсетуден  туатын  сыр-таңба,  эстетикалық  категория, 
шартты белгі. Елтаңба, Ту, Әнұран - әрбір тәуелсіз мемлекеттің ажырамас бөлігі. 1992 ж. 4 
маусым Қазақстан тарихында мемлекеттік рәміздердің дүниеге келген ерекше мәртебелі күн.  
Қазақстан Республикасы туының авторы – Ш.Ниязбеков. Тудың біртүстілігі Қазақстан 
халқының бірлігін білдірсе, көгілдір түс геральдика тілінде адалдықты, кіршіксіз тазалық пен 
пәктіктің  нышаны,  күн  –  энергия  көзі,  байлықтың  нышаны.  Тудағы  бүркіт  бейнесі 
мемлекеттік  билікті,  кеңдікті  білдіреді,  еркіндіктің,  тәуелсіздіктің,  болашаққа  деген 
талпыныстың нышаны. Төл туымызды даралап тұрған тағы бір белгі оның сабына таяу тік 
тартылған ұлттық өрнекті жолақ. Онда “Қошқар мүйіз” деп аталатын қазақы өрнек салынған. 

 
87 
Тәуелсіз  Қазақстанның  жаңа  Елтаңбасының  авторлары  –  Ж.  Мәлібеков  пен  Ш.  Уәлиханов. 
Елтаңба мәңгі өмірдің белгісі, отбасы берекесін, бірлікті, байлықты, бейбітшілікті меңзейді. 
Қазақстан Әнұраны әуенінің авторлары  – композиторлар М. Төлебаев, Е.  Брусиловский, Л. 
Хамиди болса, мәтінінің авторлары – ақындар М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Т. Молдағалиев, 
Ж.  Дәрібаева.  Әнұранда  халқымыздың  еркіндікке  құштар  көңілі,  тамыры  терең  болмысы, 
келешегіне  бағышталған  арманы  көрініс  тапқан.  Әнұран  патриоттық  сезімнің  белгісі. 
Әнұранның  әуені 1992 ж. 4 маусымда, ал мәтіні 1992 ж. 11 желтоқсанда бекітілді.  
2007  ж.  7  қаңтарда  «Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  рәміздері  туралы» 
конституциялық  заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бұрынғы Әнұранның орнына 
жаңа  Әнұранның  мәтіні  қабылданды.  Еліміздің  жаңа  Әнұраны  -  жұртқа  әйгілі  «Менің 
Қазақстаным»  әні.  Оның  сөзінің  авторы  –  Жұмекен  Нажмиденов,  ал  ән  әуенінің  авторы  – 
Шәмші Қалдаяқов. Жаңа Әнұранның мәтіні бүгінгі өмір талаптарына сай ҚР Президенті Н.Ә. 
Назарбаев тарапынан толықтырылды.  
Ал  2007  жылы  Елбасы  Жарлығымен  4  маусым  Мемлекеттік  рәміздер  күні  болып 
белгіленді.  Бұл  –  Мемлекеттік  рәміздерге  деген  шынайы  құрмет  белгісі.  Мемлекеттік 
рәміздерге деген құрмет – отаншылдық сезімнің аса бір жарқын көріністерінің бірі.      
Астана  –  егеменді  Қазақстанның  жаңа  елордасы.  1997  жылы  Республика  Президенті 
Н.Ә.Назарбаев астананы Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшіру туралы тарихи шешім 
қабылдады.  Бұл  тарихи  шешімнің  қабылдануына  қаланың  өте  ірі  көліктік  жолдардың 
тоғысында,  еліміздің  ұтымды  геосаяси  орталығында  орналасуы  себепкер  болып,  ол  көп 
жағдайда біздің жас мемлекетіміздің келешек қарқынды дамуын айқындап берді. 1998 жылы 
6  мамырда  жаңа  елорданы  Астана  деп  атау  туралы  шешім  қабылданды.  Ал  20  мамырда 
«Қазақстан  Республикасы  астанасының  мәртебесі  туралы»  ҚР-ның  Заңы  қабылданды.  Осы 
жылғы  10  маусымда  тәуелсіз  Қазақстанның  жаңа  астанасының  салтанатты  ашылу  рәсімі 
болып өтті. Біз айрықша қысқа мерзімнің ішінде еліміздің дәл ортасында жаңа астанамызды 
тұрғыздық. Астана қазақстандықтардың мақтанышына айналды.  
 Қоғамды демократияландыру барысында жаңа саяси институттар – парламент, 1993-ші 
және  1995  жылдардағы  конституциялар  қабылданды,  тәуелсіз  сот  билігі  қалыптасты. 
Қазақстанда көппартиялық жүйе пайда болды. 1999 ж. республикада 14 саяси партиялар мен 
30-ға  жуық  саяси  қоғамдық  қозғалыстар,  бірлестіктер  құрылды.    Ал  2003  жылы  саяси 
партиялардың  саны  19-ға  жетті.  Жаңадан  халық  арасында  танымал  “Отан”,  “Ақ  жол”  т.б. 
партиялар бой көтерді.  
1995  жылғы  желтоқсанда  өткен  бірінше  қоспалаталы  парламент  сайлауынан  кейін 
Қазақстанда  қоғамды  демократияландыру  қадамдары  одан  әрі  жалғасын  тапты.  Ашық 
баламалы  сайлау,  саяси  күрес  мәдениеті,  көппартиялық  жүйеге  кең  жол  ашылды.    Оның 
нақтылы  дәлелі  ретінде  елімізде  жүргізілген  Президент,  Парламент  Сенаты,  Парламент 
Мәжілісі депутаттарын сайлауды айтуға болады.  
1999 жылғы 10 қаңтарда болып өткен Қазақстан Президенті сайлауына балама негізде 4 
кандидат  тіркелді.  Олар:  Коммунистік  партия  өкілі  С.Ә.Әбділдин,  Сенат  депутаты 
Ә.Ғ.Ғаббасов,  Мемлекеттік  Кеден  комитетінің  төрағасы  Ғ.Е.Қасымов  және  Қазақстан 
Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев.  Қазақстан  Президентін  сайлауға  барлық 
сайлаушылардың  87,05  проценті  қатысты.  Дауыс  беру  қорытындысында  Н.Ә.Назарбаев 
жеңіске  жетіп,  қайтадан  Қазақстан  Республикасы  Президенті  болып  сайланды.  Оған  дауыс 
беруге қатысқан барлық сайлаушылардың 79,79 проценті өз дауыстарын берді.  
Қазақстандағы  болып  жатқан  демократиялық  өзгерістер  1995  жылы  қабылданған  Ата 
Заңында  өзінің  басты  көрінісін  тапты.  Еліміз  егемендік  алғаннан  бері  екі  Конституция 
қабылданды.  Оның  біріншісі  –  1993  ж.  қаңтарында  өмірге  келді.  Бірақ  оның  елеулі 
жетіспеушілігі  мен  кемшілігі  бар  еді.  Бірінші  Конституцияны  жасауда  асығыстыққа  жол 
берілді.  Нақтылап  айтсақ,  ел  ішінде  болып  жатқан  саяси-экономикалық  және  әлеуметтік 
процестерді  бірден  ой  елегінен  өткізу,  мемлекетіміздің  мүмкіндіктерін  ғылыми  тұрғыдан 
нақты  айқындау  әлі  мүмкін  болмады.  Осындай  себептерге  байланысты  жаңа  Конституция 

 
88 
қабылдау  қажеттігі  туындады.  1995  жылы  30  тамызда  бүкіл  халықтық  дауыс  беру  арқылы 
референдумда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды.  
Жаңа  Конституцияға,  оның  алдыңғысымен  салыстырғанды,  көптеген  өзгеріс,  ғылыми 
қағидалар  енгізілді.  Егер  бұрынғы  Ата  Заң  4  бөлім,  21  тарау,  131  баптан  тұрған  болса, 
кейінгісі  көлемі  жағынан  едәуір  қысқарып,  9  бөлімнен,  98  баптан  тұрады.  Онда  еліміздің 
экономикалық  күш-қуаты  мен  мүмкіндіктері  ғылыми  тұрғыдан  тиянақталып,  халықтың 
әлеуметтік  топтарына  тиісті  кепілдікті  құқықтар  беретін  көкейкесті  мәселелерді  шешу 
ескерілді.  Жаңа  Ата  Заң  құқықтық  мемлекет  құруға  бағдарланған.  Конституцияның 
кіріспесінде:  “Қазақстан  Республикасы  өзін  демократиялық,  зайырлы,  құқықтық  және 
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның 
өмірі,  құқықтары  мен  бостандықтары”,-  делінген.  Мемлекеттік  билік  заң  шығарушы, 
атқарушы  және  сот  биліктеріне  бөлінеді.  Конституция  бойынша  Қазақстан  Президенттік 
республика  болып  табылады.  Президент  елдің  ішкі  және  сыртқы  саясатының  негізгі 
бағыттарын белгілейтін мемлекет басшысы, ең жоғарғы лауазымды адам болып есептеледі.  
Конституцияда  Парламенттің  орны  мен  атқаратын  қызметі  айқын  белгіленген.  Ол 
заңдар  шығарып,  қабылдайтын  орган.  Парламент  –  Сенат  және  Мәжіліс  палаталарынан 
тұрады.  Бұған  дейін  Парламентте  мұндай  екі  палата  деген  ұғым  болған  емес.  Жаңа 
Конституцияда екі палаталы парламенттің ерекшеліктері де жан-жақты көрсетілген. Жоғары 
мемлекеттік  органдар  жүйесіндегі  үкіметтің  тиісті  орны,  сот  билігінің,  прокуратураның 
қызметтері  де  айқындалған.  Бұрынғы  Ата  Заңда  көрсетілген,  бірақ  жете  тиянақталмаған 
көптеген  маңызды  мәселелердің  түйіні  кейінгі  Конституцияда  жаңаша  шешілген.  Оны, 
әсіресе, жер, тіл, азаматтық,,  негізгі құқықтар мен бостандық  сипаты туралы, қос палаталы 
парламент  құрылымы  және  Президентті  айып  тағу  арқылы  қызметтен  кетіру  мәселесі 
жөніндегі баптар мен тармақтардан айқын көруге болады.  
Қорыта  келгенде,  біздің  жаңа  Конституциямыз,  еліміздің  рәміздері  халқымыздың 
бірнеше  ғасырлар  бойы  аңсаған  шынайы  егемендікке  қол  жеткізгендігінің  нақты  көрінісі 
болып табылады. Сондықтан республикамыздың әрбір азаматы Ата Заңымыздың мазмұнын 
жете  біліп,  оның  талаптары  мен  қағидаларын  мүлтіксіз  сақтауға,  мемлекеттік  нышандарды 
құрметтеуге міндетті.  
2007  жылы  мамырда  «Қазақстан  Республикасының  Конституциясына  өзгерістер  мен 
толықтырулар  енгізу  туралы»  заң  қабылданды.  Ол  республика  халқы  тарапынан 
түсіністікпен  жылы  қабылданды.  Конституциялық  реформалардың  негізгі  мақсаты  – 
қоғамды  одан  әрі  демократияландыру.  Бұл  жаңа  өзгерістер  мен  толықтырулардың  негізгі 
мәні  қандай?  Біріншіден,  президенттік  жүйеден  басқарудың  президенттік-парламенттік 
моделіне көшудің конституциялық негізі қаланды. Елбасы өз ұсынысымен біраз өкілеттілігін 
Парламентке  берді.  Конституцияға  осыған  байланысты  бірқатар  өзгерістер  енгізілді. 
Парламенттің  құзіреті  едәуір  кеңейтілді.  Президенттің  құзіреті  біршама  шектелді.  2012 
жылдан  кейін Президент 7 жылға емес, 5 жылға сайланатын болды. Мемлекет басшысы ел 
басқарудағы  міндеттер  мен  жауапкершілікті  Парламентпен  бөлісті.  Президент  Үкімет 
басшысын  саяси  партиялардың  фракцияларымен  ақылдасып-кеңесуден  кейін  әрі  Мәжіліс 
депутаттары  көпшілігінің  келісімімен  ғана  тағайындайтын  болды,  яғни  Президент  үкіметті 
жасақтауды  Мәжіліспен  келісіп  шешеді.  Енді  Премьер-Министрді  бекітуде,  демек  бүкіл 
Үкіметті де бекітуде басты рөл Мәжіліске беріледі. 
Парламенттің  мәртебесін  көтеретін  бірқатар  өзгерістер  енгізілді.  Біріншіден,  оның 
сандық  құрамы  өсті.  Мәселен,  Мәжілісте  енді  107  депутат  болады.  Екіншіден,  оны 
сайлаудың түрі өзгерді. Бұрынғыдай мажоритарлық жүйемен жеке округтар бойынша емес, 
пропорционалды  негізде  партиялық  тізім  бойынша  сайланады.  Депутаттар  сайлаудың 
пропорционалдық  жүйесіне  көшу  саяси  партиялардың  қоғамдағы  рөлін  арттыруға,  әрі 
депутаттардың сапалық құрамын жақсартуға көмектеседі. Парламент бюджетті бекітуге ғана 
емес,  оның  орындалуына  да  бақылау  жасай  алады.  Палаталардың  бірлескен  отырысында 
Парламент  Үкімет  пен  Республикалық  бюджеттің  атқарылуын  бақылау  жөніндегі  есеп 
комитетінің  бекітілген  бюджеттің  орындалуы  туралы  есебін  қарап  бекітеді.  Егер  оны 

 
89 
бекітпесе,  бұл  Үкіметке  білдірілген  сенімсіздік  деп  танылады.  Мәжілістің  Үкіметке 
сенімсіздік  білдіруі  үшін  бұрынғыдай  депутаттар  дауысының  үштен  екісінің  емес, 
депутаттардың  жай  көпшілік  дауысы  жеткілікті  болады.  Сөйтіп,  Конституцияға  енгізілген 
түзетулерге  сәйкес  Үкіметтің  Мемлекет  басшысының  алдында  ғана  емес,  Парламент 
алдында да жауапкершілігі белгіленеді.  
Сонымен  бірге  қазір,  Конституцияға  енгізілген  өзгерістерге  сәйкес  Мәжілістің  9 
депутаты  Қазақстан  халқы  Ассамблеясынан  сайланады.  Сенат  депутаттарының  бір  бөлігі 
Ассамблеямен кеңескеннен кейін тағайындалады. Сенат та көп өкілеттілікке  ие болады. Ол 
Ұлттық  банктің  төрағасын,  Бас  прокурорды,  Ұлттық  қауіпсіздік  комитетінің  төрағасын 
тағайындау  және  оларды  қызметтен  босату  жөнінде  Президентке  келісім  береді.  Сенат 
құрамы  республика  Президенті  тағайындайтын  15  депутаттың  есебінен  көбейтілді. 
Парламенттегі  154  депутаттың  47-сі  сенаторлардан  құралады.  Сенат  пен  Мәжілістің 
бірлескен отырысы ең қажетті жағдайда өтеді. Көбінесе өздері жеке жұмыс істейді. Мәжіліс 
өз қызметін тоқтатқан жағдайда Сенат бүкіл Парламент үшін жұмыс істей береді.  
Конституциялық  реформа  бойынша  жергілікті  өзін-өзі  басқару  жаңа  деңгейге 
көтеріледі.  Мәслихаттардың  бұл  бағыттағы  мәртебесі  күшейтіледі.  Жергілікті  мәслихаттар 
мен олардың депутаттарының өкілеттілігі кеңейтілді. Олардың өкілеттік мерзімі 4 жылдан 5 
жылға  ұзартылады.  Мәслихаттар  жергілікті  әкімдерді  тағайындауға  келісім  береді.  Ендігі 
жерде  облыстардың,  қалалар  мен  аудандардың  әкімдері  сол  деңгейлердегі  мәслихаттардың 
келісімімен  ғана  тағайындалатын  болады.  Сондай-ақ  мәслихаттарға  басым  көпшілік 
дауыспен  әкімдерге  сенімсіздік  білдіру,  оларды  қызметінен  босату  жөнінде  мәселе  көтеру 
құқығы  берілді.  Осылайша,  мәслихаттар  мен  олардың  депутаттарының  саяси  рөлі  арта 
түседі.  Жергілікті  өзін-өзі  басқарудың  негізі  мәслихаттар  болатыны  Конституцияда  баянды 
етілген.  
Конституциялық реформада саяси партиялардың қоғамдағы рөлін күшейтуге көп негіз 
жасалған.  Сайлауда  жеңіске  жеткен  партия  үкімет  жасақтауға  мүмкіндік  алады. 
Конституциядағы  қоғамдық  бірлестіктерді  мемлекеттік  қаржыландыруға  салынған  тыйым 
алынып  тасталды.  Енді  саяси  партиялар  бұл  қаржыға  иек  арта  алады.  Республика 
Президентінің  өз  өкілеттілігін  атқару  кезінде  саяси  партиялардағы  өз  қызметін  тоқтата 
тұратындығы  туралы  43-баптағы  2-тармақ  алынып  тасталды.  Енді  Президенттің  саяси 
партияны басқаруға құқығы бар. Бұл да саяси партияның рөлін арттыра түспек.  
Сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар ескерілді. Судьяны 
іріктеу-таңдау бір жүйеге келтіріліп, Жоғары Сот Кеңесінің қарауына берілді. Бұдан былай 
барлық  деңгейдегі  соттардың  судьяларын  тағайындауға  ұсынымды  Жоғары  Сот  Кеңесі 
жасайтын  болады.  Адамдардың  құқықтары  мен  бостандықтарын  қорғау  біршама 
жақсартылған. Елімізде 2004 жылдан бері  өлім жазасына мораторий жарияланған болатын. 
Енді  өлім  жазасы  іс  жүзінде  қолданыстан  шығарылды.  Өлім  жазасын  жою  заңды  түрде 
енгізілді.  Жаңа  өзгерістерге  байланысты  біздің  елімізде  адамдарды  апатқа  ұшыратуға 
соқтырған  террорлық  қылмыстар  жасағаны  үшін,  сондай-ақ  соғыс  кезінде  ерекше  ауыр 
қылмыстар  жасағаны  үшін  ғана  адамдарға  өлім  жазасы  қолданылады,  әрі  олардың  кешірім 
жасау туралы өтініш ету құқы да қарастырылған.  
Сондай-ақ  азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарын  сақтауға  бағытталған 
Конституцияның  16-бабының  2-тармағы  жаңа  редакциямен  қабылданды:  Заңда  көзделген 
реттерде  ғана  және  тек  қана  соттың  санкциясымен  тұтқындауға  және  қамауда  ұстауға 
болады,  тұтқындалған  адамға  шағымдану  құқығы  беріледі.  Прокуратура  органдары  бұл 
құқықтан айырылады. Соттың санкциясынсыз адамды 72 сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға 
болады. Мұның өзі адам құқығын сақтауға бағытталған оң өзгеріс болып табылады.  
Жаңарған  Конституция  бойынша  жасы  қырыққа  толған,  мемлекеттік  тілді  толық 
меңгерген,  соңғы  15  жыл  бойы  Қазақстанда  тұратын,  туа  республиканың  азаматы  болып 
табылатын кез келген адамның Президент болып сайлануға құқығы бар. 
Конституцияға  енгізілген  жаңалықтардың  ішінде  парламентарийлердің  ұсынысымен 
енгізілген 42-баптың 5-тармағындағы  «Ел Президенті болып бір адам қатарынан екі  реттен 

 
90 
артық сайлана алмайды» деген тұжырым одан әрі күшінде қалып, ол «бұл шектеу Қазақстан 
Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды» деген сөздермен толықтырылды. 
Мұны  палаталардың  бірлескен  отырысында  депутаттардың  өздері  көтерді.  Тұңғыш 
Президенттің  тәуелсіз  Қазақстан  мемлекетінің  іргесін  қалаудағы  ерен  еңбегін  бағалай 
отырып,  елдің  экономикалық  қуатын  арттыру,  қорғаныс  қабілетін  күшейту,  республиканы 
бүкіл  әлемге  таныту  жолындағы  қыруар  істеріне  көрсетілген  құрмет  ретінде  осындай 
қадамға  барғанын  депутаттар  ашық  айтты.  Екі  депутаттан  басқасы  мұны  бірауыздан 
қолдады.  Соған  сәйкес  Н.  Назарбаев  тұңғыш  Президент  әрі  жалпыға  танылған  ұлттық 
көшбасшы ретінде ерекше құқыққа ие болып, Конституцияда белгіленген екі мерзімнен тыс, 
әрине, баламалы негізде мемлекет басшысының лауазымына дауысқа түсу мүмкіндігін алды.  
Парламент қабылдаған өзгерістер мен толықтырулар сипаты Конституциямыздың жаңа 
мазмұнға  ие  болғанын  көрсетеді.  Бұл  Конституциялық  реформа  заман  талабынан,  тарихи 
қажеттіліктерден  туған  еліміздің  алға  басуының,  ілгерілеуінің  маңызды  алғышарты  болып 
табылады. Біздің еліміз саяси жаңарудың,  демократиялық дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты.  
2007  жылғы  18  тамызда  өткен  Қазақстан  Республикасы  Парламентінің  төменгі 
палатасы  -  Мәжілісті,  сондай-ақ  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдары  –  облыстық  және 
аудандық мәслихаттарын мерзімінен бұрын сайлау 2007 жылғы 21 мамырда Конституцияға 
өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізілуімен  байланысты  болып,  ол  елдің  президенттік 
басқарудан президенттік-парламенттік басқару түріне өтуін заң жүзінде баянды етті. Мұндай 
қадам  демократияны  дамыту  мен  азаматтық  қоғам  құруға  бағытталған  Қазақстан 
Республикасында жүзеге асырылып отырған саясаттың қисынды нәтижесі болды.  
Тәуелсіз  Қазақстанның  тарихында  тұңғыш  рет  бұл  сайлау  пропорционалды  жүйе 
негізінде партиялық тізіммен өтті.  Мажоритарлық  жүйеден кетіп, саяси партиялар бәсекеге 
түсетін  сайлау  жүйесін  қалыптастырдық.  Сайлауға  жеті  саяси  партия  қатысты.  Ел 
азаматтарының  өз  еріктерін  еркін  білдіруі  нәтижесінде  «Нұр  Отан»  партиясы  жеңімпаз 
атанды,  бұл  партияны  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев 
басқарады.  Сөйтіп,  елдің  қалауымен  көп  дауыс  жинаған  «Нұр-Отан»  халықтық-
демократиялық  партиясы  қатарластарынан  озып  шықты.  Әрине,  нұротандықтар  басқа 
партиялар сияқты науқан кезінде ғана емес, қай кезде де үздіксіз жұмыс жүргізіп, еліміздің 
өсіп-өркендеуіне  тұрақты  атсалысты.  Сайлауға  электораттың  65  пайызға  жуығы  қатысуы 
жағдайында  бұл  партия  дауыстардың  88-ден  астам  пайызын  жинады,  сөйтіп,  заңмен 
белгіленген жеті пайыздық сайлау кедергісінен өткен бірден-бір саяси күшке айналды.  
Мониторингтің нәтижелері бойынша, тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасындағы 
кезектен  тыс  сайлау  елдің  қолданыстағы  заңына  сәйкес  өткізілді.  Дауыс  беру  барысында 
анықталған  жекелеген  ұсақ-түйек  заң  бұзушылықтар  сайлаушылардың  еркін  білдіруіне 
ықпал  еткен  жоқ.  Барлық  саяси  партиялармен  қатар,  үміткерлерге  тең  жағдай  жасалды. 
Бұқаралық  ақпарат  құралдарында  белгіленген  күнге  дейін  сөйлеуіне,  халыққа  өз 
бағдарламасын таныстыруына мүмкіндік берілді.   
Сөйтіп,  біз  тарихымызда  тұңғыш  рет  Шығыс  Азия  мемлекеттерінің  тәжірибесін  және 
өзіміздің  көпұлтты  әрі  көп  дінді  қоғамымыздың  ерекшелігін  ескеріп,  Батыс 
демократиясының қағидаттарына сай келетін тәуелсіз мемлекетімізді орнаттық.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет