Квалификация: 6В01514 Тобы: бк-211 Студенттер


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі



бет5/12
Дата24.11.2023
өлшемі2,09 Mb.
#193228
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
портфолио А.А

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті
Педагогикалық институт
«Биология және оқыту әдістемесі»кафедрасы
БК-211 тобының студенті:Нәзір Арайлым

Оқушыға психо-педогогикалық мінездеме
«№3 көпсалалы гимназия » 8«ә» сынып оқушысы Өтеген Имранға берілді
Имранның оқу жұмысына деген белсенділігі жоғары.Барлық сабақты ұнатады.Әсіресе дене шынықтыру сабағын қатты ұнатады екен.Үй жұмысын жүйелі түрде орындап келіп отырады.Сабақ үстінде бар назары мұғалімде болып,сұрақтарына жауап беріп,үнемі тақтаға шығып сабақ айтып,есеп шығарып отырады.Сабақты себепсіз босатады.Оқу үлгерімі бойынша-екпінді.Салауат барлық сабақты жақсы оқиды.Тек математика сабағынан қиналады.Соның өзіне сабаққа белсене қатысып,түсінбегенің мұғалімнен сұрап,шығарып,өз бетімен де жұмыс жасайды.Оқушыларды бастап,ұйымдастыра алу қабілеті бар.Әр сабақты зейін қойып тыңдап отырады.Есте сақтау ұзақтығы орташа.Эмоциялары:мазасыз емес,сабырлы,әр нәрсеге шыдамды лық таныта біледі.Қиялы-ырықты.Мінезі салмақты,сабырлы,бірақ кейде сабырысыз болып кететін кездері болады,адамдармен тез тіл табыса алады,үлкендер құрметтейді.Өз тілінен қатар,орыс тілін өте жақсы меңгерген.

Сынып жетекшісі:Жусубалина А.Б._________ (қолы)


Сыныпқа мінездеме

Көкшетау қаласы №3 көпсалы гимназия 8 «Ә» сыныбында 24 оқушы оқиды. Оның «15» қыз, «9» ұл бала.


Сынып оқушылары ұжым ішінде өте ұйымшыл, тәртіптері өте жақсы. Әрбір оқушының ұйымдастырушылық қабілеті бар, жоғары деңгейде.Тазалықтары жақсы,үнемі таза жүреді. Дене дамуы өздерінің жастарына, ортасына сәйкес келеді.Барлығы ашық-жарқын, ойларын бүкпей ашық айтады. Мектепшілік, сынып аралық іс-шаралар мен ертеңгіліктерде ұжым толық белсене араласып, әр оқушы өз қабілетіне қарай берілген жұмыстарды ұйымдастыра біледі. Сыныптан тыс уақыттағы қоғамдық жұмыстарға араласа біледі. Еңбек ету, үлкенге ілтипат, жолдастық көмек, кішіге қамқорлық көрсету дағдылары әр баланың бойында жақсы қалыптасқан.Бұндай қамқорлық сияқты жақсы қасиеттер әр уақытта барлық оқушы тарапынан көрініп отырады, жолдастық көмек көрсетуге дағдыланған. Сыныптық дәстүрлі мерекелері: күнтізбелік мерекелер, әрбір оқушының туған күндері болып саналады. Бұл күндері барлық ұжым мүшелері ұйымшылдықпен мерекелік ертеңгілік түрінде өткізеді. Мерекелік жалпы қалалық дәстүрлі жиындарға, жарыстық конкурстарға қатысып отырады.
Мектептен тыс үйірме, секция, түрлі клубтарға қатысып, танымдық қабілеттерін ұштап отырады . Сонымен қатар сынып оқушыларының қоғамдық мүлікті ұстауы, бөлме өсімдіктерін күту, сынып тазалығын ұқыптылықпен атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет