Квалификация: 6В01514 Тобы: бк-211 Студенттер


БК-211 тобының студенті: Нәзір Арайлым



бет4/12
Дата24.11.2023
өлшемі2,09 Mb.
#193228
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
портфолио А.А

БК-211 тобының студенті: Нәзір Арайлым

Пән мұғалімінің сабағына қатысып бақылау және талдау жасау
Маған берілген 8«Ә» сыныбының биология пәніне апта сайын қатысып жүрдім.Биология пән мұғалімі Хоршат Алтынгүл . Алтынгүл апай сабақты өте оңай жолмен түсіндіреді.Мысалдармен келтіре отырып,оқушылардың миына ақпараттың тез қонуына ықпал етеді.Сабақ барысында мұғалімді,мұғалімнің әрбір іс-қимылын,сабақ өту әдіс-тәсілін,оқушылардың сабаққа қатысып,сабақ айтқандарын бақылаған болатынмын.Мұғалімнің тақырыпты ашуы,әдіс-тәсілдері ,өз-өзін ұстауы,оқушылармен қарым-қатынасы,сабақты өту барысы бәрін бақылап,өзіме керекті ақпараттарды ала алдым деп ойлаймын.Ұстаз сабақтың соңына қарай әр оқушының жеке қабілетін ашатын тапсырмалар береді.Мысалға оқушылардың аталмыш тақырыпқа өз ойын білдіруі және оны сыныптастарының алдында баян етуі,оқушылардың жеке қабілеттерін ашып қана қоймай,көпшіліктің алдында өз ойын жетік білдіруіне септігін тигізеді.Оқушылар сабаққа белсене қатысады.себебі мұғалім сабақты қызықты өткізеді.
Қорытындылай келе,мен биология пәні мүғалімі Хоршат Алтынгүл мұғалімнен көп тәжірибе жинадым деп ойлаймын.Және болашақта тура сол кісі сияқты,сабақтарды жалықтырмайтындай етіп өткізуге тырысатын боламын.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті
Педагогикалық институт
«Биология және оқыту әдістемесі»кафедрасы
БК-211 тобының студенті:Нәзір Арайлым

Оқушыға психо-педогогикалық мінездеме
«№3 көпсалалы гимназия» 8«ә» сынып оқушысы Қуанышбек Гауһарға берілді.
Практика барысында әр оқушының мінезі,талғамы әр түрлі екені байқалады.Әр оқушының өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалға айтатын болсақ, Қуанышбек Гауһар өте белсенді оқушы. Жеке байқағаным бойынша барлық пәндерді сүйіп оқиды. Гауһар мiнезi өте ашық, жайдарлы,белсенді, сыныптастарының арасында сыйлы. Үлкенді сыйлап, кішіге қамқор бола бiлетiн мiнезi де бар екендiгiн байқадым. Мектеп шараларына белсендi түрде қатысады.Сынып iшiнде туып жатқан қиындықтарды тез шеше бiлiп, бәрiне қолынан келгенше қолдау көрсетуге дайын тұрады. Оқу барысында бiлiм денгейi жақсы, өз білімін жан жақты жетiлдiредi. Ол өз iсiне жауапты қарайтын, жылдам әрекет ететін оқушылардың бірі. Мұғалімнің айтқандарын екi етпей орындайды. Өте белсендi.
Гауһар болашақта үлкен белестерден көрінеді деп сенемін, себебі ол өз алдына анық мақсат қоя бiледi. Ол сыныпта қанша сабақ өткен болсақта, барлығында да өте жақсы дайындықпен келедi.

Сынып жетекшісі:Жусубалина А.Б._________ (қолы)






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет