Квалификация: 6В01514 Тобы: бк-211 Студенттер


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі



бет8/12
Дата24.11.2023
өлшемі2,09 Mb.
#193228
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
портфолио А.А

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті
Педагогикалық институт
«Биология және оқыту әдістемесі»кафедрасы
БК-211 тобының студенті:Әбдәлі Аяжан

Пән мұғалімінің сабағына қатысып бақылау және талдау жасау
Мен 8«Ә» сыныбында практикадан өттім. Әр апта сайын 3 сабаққа қатыстым, биология, алгебра және қазақ тілі пәндеріне қатысу арқылы көп тәжірибе жинадым. Менің мамандығым биология пәнінің мұғалімі болғандықтан биология сабағы мені көбірек қызықтырды. Биология пәнінен сабақ беретін мұғалім өз ісіне ұқыпты, білікті мұғалім деп санаймын. Себебі биология пәнінің мұғалімі сабақты қызықты әрі түсінікті етіп өткізді. Оқушылардың көбісі биология сабағын жақсы көреді және сабаққа белсенді қатысады. Мұғалім сабақты қызықты әрі түсінікті өткізу үшін көрнекілік құралдарды қолдандыжәне сабаққа қатысты көптеген ойындар ұйымдастырды. Биолгия сабағы балаларға ұнайды. Бірақ биология сабағы аптасына тек 1 сағаттан қойылған. Сондықтан да мұғалім оқушылардан сабақ сұрап үлгере алмайды. Менің ойымша, биология сабағының сағатын көбейту керек сияқты. Мысалы, аптасына 2 рет биология сабағын қоюға болады. Биология пәнінің мұғалімі барлық оқушылардан сабақ сұрап әрі сабақты толық түсіндіріп үлгермейді. Себебі, сабақтың сағаты тым қысқа. Мұғалім әр оқушы, өсіп келе жатқан ұрпақ алдында үлкен жауапкершілік жүктелген әрекет иісі. Мұғалім оқушының, тәрбиеленушінің дүниеге ғылыми дүниетанымын, диалектілік материалистік көзқарасын, әлеуметтік психологиялық, педагогикалық, менталдық сапаларын, жоғары адамгершілігін, белсенділігін, адамдарға, мамандыққа сүйіспеншілігін, өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын үйрететін оқыту тәрбиелеу процесіне ғылым жетістіктерін игеріп енгізуші тұлға бола алуы тиіс. Әрбір мұғалім өз ісіне жауапкершілікпен қараса, оқушылардың тәрбиесі, білімі жоғары болады.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет