Сынып жетекшісі:Жусубалина А.Б._________ (қолы)
Сыныпқа мінездеме
Мендегі практика жүргізілген 8«Ә» сыныбында 24 оқушы бар. Олардың 15-қыз бала 9-ұл балалар. Сынып оқушыларының құжаттары түгел, психологиялық, физиологиялық дамуы жақсы дені сау, ұйымшыл, тәртібі талапқа сай. Барлық сабаққа белсенді қатысады, мұғалімдермен қарым-қатынасы коммуникативті. Мұғалімдердің берілген тапсырмасын аса қызығушылықпен орындайды. Тазалық секторы сыныптың тазалығына жауап береді және спорт секторы,еңбек секторы,оқу секторы, сыныпта мерекелік жиындар, диспуттар, атаулы күндердің өтуіне атсалысып отырады.Оқушылар оқу-тәрбие процессінде кемшіліктер дер кезінде ескеріліп, шара қолданылып отырады. Көшеде жүру тәртібі, техникалық кауіпсіздікті дұрыс пайдалана береді. Мектепте өткізілетін іс-шараларға, тәрбие сағаттарына түгел қатысады.
Психикалық процестеріне зерттеу жүргізіліп оқушылардың ойлау зейін, қабылдау, ес, түрлері қалыпты деңгейде. Сабақтан кешікпейді, берілген тапсырмаларды ұқыпты уақытында орныдайды. Сабақ үлгерімдері жақсы, әсіресе математика, ана тілі пәндеріне қызығушылығы жоғары. Борыштық және жауапкершілікті сезіне біледі, сыртқы келбетіне, оқуға және оқулықтарға, мектеп мүлкіне жауапкершілікпен қарайды. Жалпы сынып ұжымы бір –бірімен тату тіл табыса біледі, үлкендерді сыйлайды, ұқыпты оқушылар. Алдағы оқу-жылын ойдағыдай аяқтап тәртіпті, саналы, жан-жақты жеке тұлға болады деген сенім бар.
Сынып жетекшісі:Жусубалина А.Б.________ (қолы)
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті
Педагогикалық институт
«Биология және оқыту әдістемесі»кафедрасы
БК-211 тобының студенті:Әбдәлі Аяжан
ҮПП есебі
Мен Әбдәлі Аяжан Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің 2 курс студенті студенті “Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының М.Ғабдулин атындағы №3 көпсалалы гиназиясы” комуналдық мемлекеттік мекемесінде 01.09.2022-10.12.2022ж. аралығындағы үздіксіз педагогикалық практикасынан өттім .
Іс-тәжірибе кезінде мен 8"әʺ сыныбына бекітілдім. 8"ә" сыныбымен тиянақты түрде жұмыс істеуге , өз кабілетімді барынша пайдалануға және өзімнің бойымдағы мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылығым мен сүйіспеншілік сезімдерімді педагогикалық іс-тәжірибе кезінде барынша дамытуға тырыстым. Мұғалім болудың қыр сырын түсіндім.
8"әʺ сыныбы оку-тәрбие жұмысымен таныстым. Болашақ педагог ретінде оқу-тәрбие мекемесінің материалдық-техникалық базасымен, педагогикалық ұжыммен және де мұғалімдердің міндеттері, құқықтарымен таныстым. Сонымен қатар, студенттердің міндеттері және құқыктарымен толық танысып шықтым. Өткен тақырыптарыма байланысты көрнекілік құралдарын дайындап , мұғалімдік жұмыстың ең нәтижелі формаларын және де әдістерін ұғынуға ұмтылдым. 7«ә» сыныбының сынып жетекшісі Сыздыкова Асель жетекшіміз ретінде бізге көп көмегін тигізді. Практика уақытында көп тәжірибелік істерді бойыма дамыттым. Сынып жетекшісі маған сабақты өту әдістерімен, тәжірибелерімен бөлісті және де бағыт-бағдар беріп отырды. Жасаған қателігімді қайталамауға барынша күш салдым . Осы аз уақыт ішінде практика кезінде тәжірибе жинақтап, білімімді шындадым деген ойдамын. Қорытындылай келгенде мен іс тәжірибеден көптеген жаңа идеялар мен мәліметтер алдым және әр оқушымен қалай тіл табысуға болатынын түсіндім, Болашақ педагогқа осындай мағлұматтардың пайдасы өте көп.
Достарыңызбен бөлісу: |