Квалификация: Менеджер Астана 2013 ж. Мазмұны



бет8/9
Дата24.04.2017
өлшемі2,39 Mb.
#14762
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Раздел 19: Сыртқы бизнес-орта

Бұл модуль кәсіптік оқытудың ұлттық жүйесін басқарудың төмендегі тарауларымен байланысты:



  • B8: Әлеуметтік, этикалық, нормативтік және заңдық талаптарды орындауды қамтамасыз ету

  • D2: Қызығушылығы артқан және кленттермен тиімді жұмыс қатынастарын құру

  • E1: Бюджетті басқару

  • E2: Өз жауапкершіліг шеңберінде қаржыны басқару

  • E3: Ұйымға қосымша қаржыландыруды алу

  • F3: Бизнес-процестерді басқару.


Негізгі талаптар

Тақырыптық зерттеулерге байланысты кітаптар сатып алынуы тиіс. Жергілікті ұйымдардың сатып алу тарауларына кіруге рұқсаттың болуы немесе пайдалы ақпараттардың қайнар көздермен қамтамасыз ету. Оқушылар сатып алумен айналысатын қызметкерлермен кездесіп қызметі туралы және әртүрлі іскерлік тәсілдер туралы ақпараттарды алуға болады.



Жұмысшы күшінің қатысуы және кәсіптік мәнмәтін

Қонақ үй саласындағы ресурстарды басқару бойынша шақырылған лектор берілген модуль бойынша білімді толықтырады.



Модуль 11: Конференциялар мен банкеттерді басқару

Кредит саны: 15


  • Мақсат

Берілген тарау оқушыға конференциялар мен банкеттерді өткізудегі табысты секторына әсер ететін ұйымдастыру мәселелерін қалыптастыруға, сонымен қатар оның дамуына әсер ететін факторларды қабылдап түсінуге септігін тигізеді.


  • Модуль сипаты

Оқушы саланың бірегейлілігін, көлемі мен масшатабын қарастырады, сонымен қатар бизнестің жетістігіне әсер ететін стратегиялық және операциондық мәселелерді қатастырады. Тарау оқушыға конференция мен банкетті өткізуге қажетті іс шараларға деген тапсырыс берушінің нақты сұранысын бағалау мен сараптама жүргізуге көмектеседі, сонымен қатар қонақ үй бизнес индустриясының сипаты болатын жоспарлау мен операциондық мәселелерді қарастырады.

Оқушылар өз мысалдары қонақ үй бизнес индустриясына жататындығын түсінуі қажет.




  • Оқу нәтижелері

Берілген тарауды оқып аяқтағаннан кейін оқушы біледі:

1. Конференция мен банкет саласының мәнін түсінеді, сонымен қатар осы саланың дамуына әсер ететін факторларды біледі

2. Конференциялар мен банкеттер іс шараларын басқаруды жетілдірудегі стратегиялық және операциондық басты мәселелерді түсінеді

3. Қызмет ету жүйесі мен тамақ өнімдерін өндіру технологиясын түсінеді



4. Конференциялар мен банкеттер іс шараларын ұйымдастырудағы эргономиканы түсінеді


  • Модуль мазмұны

1. Конференция мен банкет саласының, сонымен қатар осы саланың дамуына әсер ететін факторлар мәнін түсіну

Іс шараларды өткізудегі орындардың әртүрлілігі: мысалы, конференц-орталықтар, қонақ ұйде орналасқан конференция мен банкетті өткізуге арналған арнайы орындар, көп жүйелі демалыс орындары

Сала сипаты: берілген индустрия түрінің көлемі мен бағалылығы; іс шара түрі

Саланың дамуы: әлеуметтік-мәдени, экономикалық, саяси, технологиялық, экологиялық, құқықтық
2. Конференциялар мен банкеттер іс шараларын басқаруды жетілдірудегі стратегиялық және операциондық басты мәселелерді түсіну

Әкімшілік шаралар: құзыреттілік парақтары; броньдау журналы; келісім шарт; баға белгілеу және орам; жеңілдіктер бойынша ұсыныс; орынды қолдану

Қаржылық, құқықтық және маркетингтік мәселелерді қарастыру: лицензиялау туралы заңда көрсетілген салдарлар, қауіпсіздік және денсаулық туралы заңнама, мысалы жұмыс үстелде 1974 жылдан бастап Денсаулық сақтау және қауіпсіздік туралы Заңы (HASW); санитарлық-гигиеналық нормалар; продакт-плейсмент, таргеттеу және сатылым; қажет кіріс

Хаттама және жүйелі этикет: діни және мәдени басқару принциптері, әртүрлі жағдайларға арналған үйлену тойы, арнайы түстенулер, ғимарат дизайны, қонақтарды отырғызу жоспары, асабанығ рөлі

Орындау және сапа: бағалау және сараптама жүргізу бойынша техника, қонақ пен клиент үшін бағалау кезеңдері, іс шара өткен орынды бағалау, кірісті жүзеге асыру, жабық контур режимін бағалау әдісі
3. Қызмет ету жүйесі мен тамақ өнімдерін өндіру технологиясын түсіну

Тамақ өнімдерін өндіру технологиясы: түрлері, мысалы, дайындау-қатыру, дайындау-суыту, вакуумдық орам, жартылайфабрикат, төмен температурада дайындау, дәстүрлі және заманауи мереке жүйесі

Тамақ өнімдерін өндіру әдісі: стилдер, мысалы, банкет, тамақ өнімін өндірісі процесінің кезеңдерін фуршетте ұсыну

Сусындар мен тағамды ұсыну: стилдер, мысалы, банкетте қызмет ету, өоғамдық тағам, жанұяларға қызмет ету, стилдер кезектілігі, бөлмелерге арналған жоспарлар; сусындарды ұсыну; қызмет көрсету кезеңдері

Жұмыс орынынан тыс іс шараларды өткізу қабілеті: құралдарды жалға алу, қызметкерлерді қолдану, тәуекелділік пен сындық бағалау нүктесін сараптамалау (HACCP), орынды рационалды қолдану, көлік, қажетті ойын-сауық

Мәзірді жоспарлау: құрастыру бойынша нұсқау, заңды талаптар, маркетингтік салдарлар, өндірістік және сервистік мүмкіншіліктер; мақсаттылық және бюджет; клиенттің қабылдауы және оның сұранымы
4. Конференциялар мен банкеттер іс шараларын ұйымдастырудағы эргономиканы түсіну

Орынды қолдану әдістері: қонақтарды отығызу бойынша жоспар/ қонақтарды отығызу бойынша бөлменің жоспары, стилі, жайлылығы, іс шара түрлері, компьютерлік жоспарлау пакеті (САПР)

Орта сапасы: зал ішінде минималды және максималды орналастыру/зал іші, орынға, зал ішіндегі жылуға, желдеткішке, ауа алмасуына, кондициялауға талаптар

Аудио-визуалді: жарық, дыбыс, спецэффектілер, видеопроекциялар, компьтерлі дисктегі презентация, жарық түсіру технологиясы, дыбыс технологиясы

Оқу нәтижелері және бағалау белгісі

Оқу нәтижесі

Берілген тарауды оқып болған соң оқушы біледі:

Сынаққа арналған бағалау белгісі (қанағаттанарлық бағаны алу)
Оқушы біледі:

ОН1 Конференция мен банкет саласының, сонымен қатар осы саланың дамуына әсер ететін факторлар мәнін түсіну

  • Ұлыбританиядағы конференция мен банкеттегі іс шараларды өткізудегі индустрия масшатбы мен көлемін талқылау

  • оның дамуына әсер еткен факторларды сараптамалау

ОН2 Конференциялар мен банкеттер іс шараларын басқаруды жетілдірудегі стратегиялық және операциондық басты мәселелерді түсіну


  • конференциялар мен банкеттер іс шараларын басқаруды жетілдірудегі стратегиялық және операциондық басты мәселелерді сыни бағалау

  • конференция мен банкетті өткізу бойынша индустрияда қолданылатын жалпы сапа техникасын және орындалуын талқылау

ОН3 Қызмет ету жүйесі мен тамақ өнімдерін өндіру технологиясын түсіну


  • арнайы конференция мен банкетке арналған сусынмен қызмет көрсету стилін және тамақ өнімін өндіру жүйе спектрінің басымдылығын бағалау

  • сыртта өткізілетін конференция мен банкетті ұйымдастыруда қажет болатын кейбір факторларды талқылау

  • конференция мен банкет іс шараларының мәзірін жоспарлауда басты мәселелерді сараптамалау

ОН4 Конференциялар мен банкеттер іс шараларын ұйымдастырудағы эргономиканы түсіну

  • нақты конференция немесе банкетті эргономикалық қарастыруды бағалау





Нұсқаулық
Қатынас

Берілген тарау ұсыну стилі және оқытылуы бойынша басқа да тарауларға қатынасы болуы мүмкін, мысалы:




  • Модуль 5: сусындар мен тамақ өнімдерімен байланысты операцияларды басқару

  • Модуль 8: қонақ үй бизнесіндегі маркетинг

  • Модуль 12: қонақ үй бизнесінде операцияларды басқару

  • Модуль 14: іс шараларды басқару және қонақ үй бизнесінің келісім шарты

Берілген тарау төмендегі NVQ басқармасының бөлімдерімен байланысты

B1: Сіздің салаңыздағы жауапкершілікке операциондық жоспарды құру және енгізу



  • В8: Құқықтық, реттегіш, этикалық және әлеуметтік талаптарға сай қамтамасыз ету

  • Е1: Бюджетті басқару

  • Е2: Сіздің міндеттер саласында қаржыны басқару

  • Е5: денсаулық пен қауіпсіздікке байланысты тәуекелге бағытталған шаралардың жүргізілуіне кепілдік беру

  • Е6: Сіздің салаңыздағы міндеттер денсаулық пен қауіпсіздікке байланнысты талаптардың орындалуына кепілдік беру

  • F9: Сіздің ұйымыңызда өздік нарық пен тұтынушы түсінігін қалыптастыру

  • F12: ұйымдастыру көрсеткіштерін жетілдіру


Негізгі талаптар

Тақырыптық зерттеу материалдары, кейбіреулері баспа сатылымдарында көрсетілген, яғни басты ресурс болып табылады.


Жұмысшы күшінің қатысуы және кәсіптік мәнмәтін

Жергілікті коммерциялық провайдерлардың қолдауына негізделіп орталықтар қарым қатынастарды дамыту қажет. Өндірістерге бару арқылы қолдануға болады және баяндаушының презентациясына қайнар көз ретінде қатысуға болады.




Модуль 12: Қонақ үй бизнесіндегі іс шараларды ұйымдастыру мен бақылауды басқару

Кредит саны: 15


  • Мақсат

Бұл модуль оқушыларға келісім шарттың түсінігін және event-менеджменттің қонақжайлылық индустриясында өнім мен қызмет түрлілігін қоса лағанда және де өнімділік қызметін жетілдіру үшін қажетілігін түсінуді үйретеді.


  • Модуль сипаты

Берілген модуль саланың күрделілігі мен әртүрлілігі туралы хабардар болуды жетілдіру үшін арналған, сонымен қатар жемісті жұмысқа әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды білуге арналған. Оқушыға бұл факторларды қаржы, сату мен маркетинг саласында зерттеуге мүмкінді беріледі, сонымен қатар клиент пен тұтынушылардың талаптарына сәйкес келетін адами ресурстарды, денсаулық сақтауды, қауіпсіздік пен еңбек гигиенасын және сапалы өнімді ұсынуды зерттеуге мүмкіндік береді.
Бұл тарау операцияның жемісті болуына арналған стратегиялық, операциялық және қаржылық шешімдер саласына бағытталған.


  • Оқыту нәтижесі

Берілген тарауды оқып аяқтағаннан кейін оқушы біледі:
1. Келісім шартты құруға және іс шараларды жоспарлауға әсер етуші сыртқы факторларды тану;
2. Мердігер мен ұсыныс беруші арасындағы қатынасты түсіну;
3. Еvent-менеджменттің жетілуіне әсер ететін жедел шешімдерді қабылдау;
4. Іс шараны ұйымдастырумен байланысты қаржы үрдістерін реттеу.


  • Модуль мазмұны

  1. Келісім шартты құруға және іс шараларды жоспарлауға әсер етуші сыртқы факторларды тану

Сала түрлілігі: жұмысшылардың қоғамдық тамақтануы; қонақ үй тамақтануы; мектеп тамақтануы; конференц-орталықтар; таза ауадағы іс шара және орны; банкеттер; жеке іс шаралар.

Қызмет түрлері: тамақтануды ұйымдастыру бойынша қызмет; қонақ үй қызметтері; қабылдау; жайлылық жағдайын басқару; кір жуу орны және төсек орнын ауыстыру; химиялық тазалау; әкімшілік; қонақ үй қызметтері; техникалық қызмет көрсету; қауіпсіздік жүйесі; сатып алу; қызметкерлерді басқару саласындағы қызмет көрсету.

Келісім шарттың/іс шараның қосымша элементтері: мәзір дизайны; тамақтануды ұйымдастыру бойынша қызметтердің түрлері; штаттық кесте; мерзімі; жоспарлау; безендіру; ойын сауық; жарық пен дыбыс

Сыртқы факторлар: әлеуметтік-мәдени; экономикалық; саяси; технологиялық; экологиялық; құқықтық

  1. Еvent-менеджменттің жетілуіне әсер ететін жедел шешімдерді қабылдау

Жобаны басқару элементтері: істі жоспарлау; өнімді білу; шешім қабылдау; жоспарлау; әкімшілік; клиенттік байланыс; іс шараның қосымша элементтері; ішкі және сыртқы мердігерлермен байланыста болу (шеф-повар, бар/ресторан менеджері, HR-менеджер, басқарма, аудио-видео маманы, флорист, суретші/агент)

Сусын мен тағам өнімін алып келу жүйесі: мәзір дизайнының сай болуы; іс шара және нақты келісім шарт бойынша тағам түрлерін алып келу жүйесінің түрлері; сатып алуға баға белгілеу; құрылғыны алып келу және сақтау жүйесі

Маркетинг және сату: тауарды орналастыру; мерчендайзинг; нарық үлесі; мақсатты аудитория

Кадрлық ресурстар сұрағы: еңбек ресурстары; жұмыскердің басқармаға көз қарасы; тапсырмаларды орындау және жұмыс дағдысы; жұмыс құрылымы; штаттағы және штатқа кірмейтін жұмыскерлер; уақытша құрам; оқыту.

Денсаулық, қауіпсіздік, гигиена: құрылғы стандарттары; жабдықтау құралдары мен ыдыстар, бар түрлер; оф-сайт тамақтануды ұйымдастыру мәселелері; тағамдарды дайындау үшін сақтау, суыту және ауыстыру, тағам өнімдерін сақтау және тасуға қатысты заңнама.

Клиентке қызмет көрсету бойынша мәселелер: қызмет көрсету; қызмет көрсету түрлері; коммуникация дағдысы; қажеттілік және күту; мердігер мен тапсырыс беруші арасындағы байланыс.

Сапа мәселесі: қызмет көрсету стандарттары; тағам сапасы; қызмет көрсету сапасы; сапаны өлшеу.
3. Мердігер мен ұсыныс беруші арасындағы қатынасты түсіну

Мердігер мен ұсыныс беруші арасындағы қатынас: коммуникалды; келісім сөздерді жүргізу; іс шара мен келісім шарттың мерзімі кезіндегі сауда


келісім шарт түрі: шығын-қосу; тұрақты баға

Іс шараларды ұйымдастырумен байланысқан қаржылық үрдістерді реттеу

Келісім шарттар: келісім шарт ерекшеліктері; спецификацияны құру; келісім шартқа отыру; келісім шарт талаптарын орындау; келісім шартты бұзу

Қаржы сұрақтары: мақстаты тапсырмалар мен бюджетті бекіту; бәсекелесті сатып ауды өткізу; келісім шарт бойынша сату байқаулары; бәсекелесті; өсімге байланысты экономия; келісім шарт бойынша құқық; табыс алу; нөлдік табыс; субсидия

Бизнесті құру: тендерлерді өткізу; дамуға байланысты мүмкіндіктер; ағымдағы келісім шартты қанағаттандыру; біріктіру және енгізу; коммерциялық емес келісім шарттар; табысты келісім шарттар

Ұжымдық мақсаттар: басқарма қойған мақсат; қаржылық көрсеткіштер; бизнестің көрсеткіші бойынша мақсат; бизнесті ұлғайту бойынша мақсат; сапа саласы бойынша мақсат
Оқу нәтижелері және бағалау белгісі

Оқу нәтижесі

Берілген тарауды оқып болған соң оқушы біледі:

Сынаққа арналған бағалау белгісі (қанағаттанарлық бағаны алу)
Оқушы біледі:

ОН1 Келісім шартты құруға және іс шараларды жоспарлауға әсер етуші сыртқы факторларды тану

  • басты келісім шарттарды және іс шаралар бойынша қызмет ету тармақтарын талқылау

  • келісім шартты құруға және іс шараларды жоспарлауға әсер етуші сыртқы факторларды тану және келісім шарттың кейбір тармақшаларын қарастыру

ОН2 Еvent-менеджменттің жетілуіне әсер ететін жедел шешімдерді қабылдау

  • іс шараны ұйымдастыруға қажет жобаны басқару элементін талқылау

  • іс шаралардың әртүрлі түрлеріне байланысты қызмет ету деңгейі мен түрлерін талқылау

  • іс шараның жемісті ұйымдастырылуына әсер ететін денсаулық, қауіпсіздік пен гигиенаға қатысты мәселелерді бағалау

  • іс шараларды ұйымдастыруда қолданылатын адами ресурстарды, бағалау сапасын және маркетинг жүйесін қарастыру

ОН3 Мердігер мен ұсыныс беруші арасындағы қатынасты түсіну

  • келісім шартты жемісті орындау салдарында мердігер мен клиент қарым қатынасын және жақсы тамақтануды бағалау

  • мердігер мен ұсыныс беруші арасында жетістікті қарым қатынасқа әсер ететін факторларды бағалау

  • әртүрлі келісім шарт түрлерін қарастыру

ОН4 Іс шараны ұйымдастырумен байланысты қаржы үрдістерін реттеу

  • келісім шартты құрастыруға кірген үрдістерді талқылау

  • келісім шарттың орындалуына әсер ететін қаржылық мәселелерді бағалау

  • event-менеджмент пен келісім шартқа қатысты дамыту бизнес үрдісін талқылау

  • event-менеджмент пен келісім шарт бойынша ұжымдық мақсатттарға жету және бизнестің табыстылығын бағалау




Нұсқаулық
Қатынас

Берілген тарауды келесі тараулармен байланыстыруға болады:



  • Модуль 5: Сусын және тағам өнімі саласындағы менеджмент

  • Модуль 8: Қонақжайлылық саласындағы маркетинг

  • Модуль 13: Банкеттік жәнеКонференц-Менеджмент.

Берілген тарау келесі Менеджмент НВК тарауларына жатады:

А3: Өзіндік байланыстарды дамыту (жүйе)

В8: Әкімшілік, этикалық, құқықытық және әлеуметтік нормаларға және талаптарға сай екендігіне көз жеткізу

Д2: Қызығушылығын білдірген және әріптестермен жұмыс бабындағы байланысты жетістікті дамыту

Е1: Бюджетті басқару

Е2: Сіздің жауапкершілігіңіздің тараулары бойынша қаржыны санау

Е3: Ұйымдастыру үшін қосымша қаржыландыруды алу

Е5: Сіздің жауапкершілігіңіздің саласында тәуекелділікті азайту бойынша қимылдарға сенімді болу

Е6: Сіздің жауапкершілігіңіздің саласында денсаулық және қауіпсіздік нормаларының сай болуына сенімді болу

Е7: Қауіпсіздік және денсаулық сақтауды жетістікті ұйымдастыру бойынша сенімді болу

Ф9: Сіздің ұйымыңызда клиент және нарық түсінігін қалыптастыру

Ф10: Клиентті тартуға арналған ұйымды қалыптастыру


Негізгі талаптар

Тақырып бойынша оқу құралдары, кәсіптік баспаның кейбір бөліктері негізгі ресірс болып саналады


Жұмысшы күшінің қатысуы және кәсіптік мәнмәтін

Жергілікті коммерциялық провайдерлармен қарым қатынасты үнемі ұстап отыру қажет, өйткені олар шақырылатын спикерлердің презентациясы мен сапарының қайнар көзі болып есептеледі.



Модуль 13: Бизнес орта

Кредит саны: 15


  • Мақсат

Бұл тарау оқушының бизнес және қызмет көрсету саласындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің нәтижесін, құқықтық және саяси талаптар мен нормативтер талаптары бойынша мәселелерді терең түсінуге септігін тигізеді



  • Модуль сипаты

Бұл тарау туризм, саяхат, демалыс пен спорт, шаштараз бен сұлулық терапиясы, қонақжайлылық пен қоғамдық тамақтану сияқты, қызметтер мен бизнес операцияға бағытталған коммерциялық ұйымдардың стратегиялық дамуы және жұмысқа әсер ететін сыртқы факторларды зерттейді.
Бұл тарау бизнес қызметінің дамуы мен құруына қойылатын жарғылық талаптар менәлеуметтік экономикалық өзгерістер сияқты бизнестің дамуына әсер ететін сыртқы әсердің кең спектрін қамтиды.
Бұл тарау бизнесті басқару аспектілерін оқу нақты маманға арналған негіздерді түсіндіреді. Оқушы куәлігінің қожақжайлылық индустриясына жататынына көз жеткізу керек


  • Оқу нәтижесі

Берілген тарауды оқып аяқтағаннан кейін оқушы біледі:
1. Қызмет көрсету мен бизнес саласындағы коммерциялық ұйымдардың дамуына әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің әсерін түсіну
2. Қызмет көрсету мен бизнес саласына құқықтық және саяси әрекеттерді түсіну
3. Қызмет көрсету мен бизнесті дамыту мен құруға арналған қажетті талаптарды түсіну

1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет